8. Үй тапсырмасы.
Ескерту: Оптикада қарастырылатын жарықтың әр түрлі құбылыстары электромагниттік спектр жиілігі (ν) мен толқын
ұзындығы (
??????
) байланысын ұмытпау керек
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Физика пәнінің мұғалімі Өмірзаққызы Айнұр
Оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін пайдалану, үйлесімді тәжірибе ғана мұғалімді табысқа
жетелеп, теориялық білімін шыңдай түседі. Ең қиыны оқытудың бүкіл әдіс-тәсілдерін
белгілі ізге салып, сабақтың құрылысын қазіргі өмір талабына сай қайта құру.
Адамгершілігі жетерлік сауатты, білімді мұғалім өзінің әрбір сөзіне, сөйлеміне, сырт
көрінісіне талғаммен қарап, шәкірттерге де талап қойып, үйретуден жалықпай, түсінбей
қалса, оларды кінәламай, сабырлылықпен сөйлеп, оқыту мен бірге тәрбие беріп отыру
негізінде мақсатқа жете алады.
Оқыту әдістерінің, сабақ түрлерінің молдығы, оқушылардың оқу процесінің
элементтеріне ретімен, жүйелі араласып отыруы, оларды шебер пайдалану-әрбір пәнді
оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі. Сабақтың алдында
мынадай міндеттер тұрады:
•
оқушыларға терең білім беру, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп,
қалыптастыру.
•
Өз бетінше оқуға үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасау,
алған білімді практикада қолдана білуге баулу, ойын дамыту, оқуға, білімге деген
көзқарасын қалыптастыру, жүйелі оқудың қажеттілігін ұғындыру.
Қазіргі өткізіліп жүрген сабақтар жүйесінің негізгі алға қояр мақсаты: оқушылардың қабілетін дамыту, білімдерін
шығармашылықпен толықтырып, практикада қолдана білуге үйрету, икемділігін қалыптастыру, ойын реттеуге,
білімді ептілікпен игеруге қабілеті жететіндігіне оқушылардың сенімін арттырып, оқуға ынталандыру.
Физика сабғын оқушының қызығушылығын арттырып, түрлендіре жүргізсе, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Ең басты мақсат-оқушыныың сабақта үндемей отырмауын қадағалап, сабақты баяу қабылдайтын, түсінбейтін
балалардан жиі сұрап, көбірек қозғап отыру керек.
Сабақта оқушы материалды қаншалықты түсініп, ұққанын өзі іштей есепке алғанда ғана сабақ нәтижелі болады.
Сабақ жоспарын жасағанда тәжірибелер басшылыққа алынып, әдістемелік еңбектерді үздік қолдануға тиімді. Өйткені
сабақтың тиімді жоспарын жасау, ұтымды іс-тәсілдерін ойластырып, оның бәрін бір ізге салу-мұғалімнің білімі мен
зерттеу қабілетіне байланысты.
Оқытудың тиімділігін арттыру үшін, мұғалім сабақ уақытын толық, ұтымды пайдаланып, өтілетін сабақтың негізін
жеткізе білу, тақырыптың мазмұнына сай білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін қойып, оқушылардың
өзіндік жұмыстарының топтық, тексеру әдістерін жүзеге асыра білу керек. Әр пәнді басқа пәндермен, қоршаған
ортамен, туған жердің табиғи ерекшеліктерімен, шаруашылықтың, өндірістің жеке салаларымен ұштастыра отырып,
солар арқылы оқушы бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін қалыптастырудың ерекше мәні бар.
Мұғалім қандай әдіс-тәсілдер қолданса да, оқушыларды түгел қамтуға, бей-жай күйде отыруға мүмкіндік бермеуге
тиіс. Қазір әрбір сабақты өткізу кезінде оқушыларға шығармашылықпен білім беру жолға қойылып отыр.
Оқуға деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеудің бірінші шарты-оқушылардың оқудың мақсатын түсінуі.
Сондықтан да қай материалды болса да оқып үйренген кезде, осы материалға байланысты оның техникада,
ауылшаруашылығында, транспортта, күнделікті өмірде практикалық қолданылуын көрсетуге тырысу керек.
Оқушылардың жалпы және жеке ойлау ерекшеліктерін қалыптастыру мен дамыту арқылы ғана қазіргі дүниенің
ғылыми бояуын олардың бойына сіңіруге болады. Ал, ойлау үрдісі ғылыми ұғымдар жүйесінің қалыптасуы мен
дамуына тікелей байланысты және керісінше, ұғым дегеніміз-ой. Ұғым мен ойды бөле-жарып қарау мүмкін емес.
«Ойлау әрекеті дегеніміз не?» деген сұраққа орыс физиологы И.М.Сеченов «Ол адам санасындағы өзара
байланысқан түсініктер мен ұғымдардың бап болуы»-деп жауап берген.
Бала ойын дамыту сол байланыстарды қамтитын түсініктер мен ұғымдарды үздіксіз тереңдету және кеңейту болып
табылады. Оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын тәрбиелеу қаншалықты ерте басталса, оқышылардың
дербес гығармашылық жұмыс жолына соғұрлым ерте қадам басатын болады. Осыған орай өзім сабақ беретін
физика пәні бойынша сабақтың жаңа әдіс-тәсілдерін сыныптың ерекшелігіне, білім деңгейіне байланысты жиі
пайдалануды қолға алып, теориялық білімді практикамен ұштастыруды іс жүзіне асырып жүрмін.
Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі-жарыс
сабақ. Жарыс- сабағының бір тиімді жағы оқушылар қарсыластарынан бұрын болуға, тез ойланып, шапшаңырақ
жауап беруге, мүмкіндігінше бәрі қатысуға талпынады.
82
7-сыныптағы «Физика нені зерттейді?» тақырыбын өткен кезде оқушы қызығушылығын арттыру мақсатында
"Құбылыстар құпиясы" атты кітапша жасадым. Ондағы ойым оқушының тіл байлығының дамуына, өлең
ұйқастарын құрастыры үйренуіне бағыт беру болды.
Найзағай
Бұлтты аспанның жүзінде,
Найзағай неге ойнайды?
Байқап тұрсам түбінде,
Жаңбыр жаумай қоймайды.
Жаңбыр
Көк аспанның төрінде,
Бұлттар жүзіп барады.
Күн күркірі тегін бе?
Жаңбыр неге жауады?
Жел
Жылдың төрт мезгілінде де,
Мазасыз жел соғады.
Әлде бұл өздігінен бе?
Себебі неден болады?
Қар
Қыста аспан түнеріп,
Қар жауады себелеп.
Себебін бізде білелік,
Сұрақ қойдық «неге» деп?
Түтін
Отынды жаздай құрғаған.
Пешке неге тығады?
Үйлердегі мұржадан,
Түтін қалай шығады?
Ультрадыбыс
Түнде табар қорегін
Жарқанат қалай көреді?
Соқтықпай түнде ешкімге,
Еркін ұша береді?
Қайнау
Отта тұрған шәйнекте,
Су неліктен қайнайды?
Бұрқ-сарқ етіп тездете
«Қайнадым» деп тасиды?
Дыбыс
Дыбыс қалай шығады?
Домбыраны тартқанда.
Бұралса дұрыс құлағы,
Шырқалмай әуен жұтқан ба !-дей отырып, сұрақтарға жауап алдым, оқушыларды ойлауға, ізденуге талпындыра
білдім. Оқушылар табиғат құбылыстарын құлшына, қызыға, түсіне отырып сабаққа араласты.
7-сыныпта кіріспе бөлімін қорытындылағанда сабақты сайыс түрінде өткіздім. Сабақты бастар алдында оқушылар
бүгінгі сабағымыз-қорытындылау сабағы, «біз осы нені білеміз?»-деп тақтаға жаздым да, сол сұрақтың астын екіге
бөлдім. Сайысқа түсу үшін сынып оқушыларын екіге бөліп, өз топтарыңа ат қойыңдар дедім. Олар ойланбастан:
біздің топ «Дене», екінші топ «Зат болсын» деді. Бұл жерде баланың түсінігін бірден байқауға болады. Себебі, зат,
дене ұғымы осы кіріспе бөлімінен басталады.
І. Осы физиканың оқымас бұрын дене және зат ұғымына байланысты нені білетін едік?-деген сұрақ қойылып, 2
топқа ойлап, жазуға тапсырмалар берілді. «Дене» және «Зат» тобының оқушылары өзбеттерінше төмендегіше жазды.
Дене
Зат
жарық, уақыт
жол, су
жаңбыр
найзағай
жел
ток
Екі топқа кезек-кезек оқытып тексердім
ІІ. Бұл бөлім бойынша тақтаға «Нені білдік?»-деп жаздым да, кәне, біз физиканы оқығанда нені білдік? –деп
сұрақтың астын екіге бөлдім де, екі топтан екі оқушы шығардым. Білім дәрежесіне қарай, қалғандарың ойланыңдар
деп екі оқушыға жеке тапсырмалар бердім.
І
ІІ
материя, физика, табиғат
техника, Аристотель, зат, дене
Ломоносов, бақылау, радио
тәжірибе, өлшеу, физика, шама
алюминий, бөлік
Күн, жұлдыз
Сосын орындарында ойланып отырған оқушыларды қозғап, көмекке шақырдым.
ІІІ. Екі топтың да араласуы, жауап беруі өте жақсы болды да ұпай сандары жуық болды. Сосын тағы ортақ сұрақ
қойдым. Бөлік құнын анықтау үшін не істейміз? Зат тобы бірінші жауап берді.
Кіріспе бөлімінен алған білімдерін сынап көру мақсатында мына аталған нәрселердің: қорғасын, рельс, алюминий,
спорт, ай, қайшы, сынап, үстел, мыс, мұнай, тас, ұшақ.
1 топ: физикалық денелерді
2 топ: заттарды айырып жазуларын тапсырдым.
Бұл жерде екі топта мүмкіндігінше жауап берді. Себебі зат денені құрайтынын біледі.
ІV. Оқушылар физикадан нені білгіміз келеді?-деп тақтаға жаздым.
Үйге тапсырма ретінде «Физика», «Техника» «Табиғат» тақырыптарында сөзтізбек құрастыру ұсынылды. Мұндағы
мақсатым-оқушы өз бетімен ізденсін, ойлансын дегенім.
V. Сабақ «топтастыру» стратегиясы бойынша қорытындыланды. Физика - «фюзис» деген грек сөзінен шыққан. Ең
алғаш бұл ұғымды қалыптастырған Аристотель, орыс тіліне аударған Ломоносов, т.б. Бұл сабағыма «Ұлы физиктер
өмірінен» атты жинақталған кітапшаны қолдандым. Кітапшада Аристотель. Ломоносов өміріне, еңбектеріне,
жетістіктеріне қысқаша шолу жасадым. Сабақ оқушы дайындығын, ынтасын, шығармашылығын бақылау, оқушы
ойын нақтылай түсу мақсатында өтті.
83
Сынып 7 "Ә" сынып
Сабақтың тақырыбы:Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып,
олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білуге үйрету;
Дамытушылық:Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін
дамыту, қозғалыс туралы білімін жетілдіру;
Тәрбиелілік:Күнделікті тұрмыспен байланыстыру, еңбекпен ұштастыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Қалыптан тыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-демонстрациялық, топпен жұмыс, өзіндік, сұрақ - жауап, тест.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тапсырма жазылған слайдтар, сөзжұмбақтар, Activote құрылғылары .
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді.
2. Ой қорытып, бір - бірлеріне сұрақ қоя алады.
3. Жауапкершілікті сезініп, әдептілік, құрметтеу сезімдері қалыптасады.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
ДМ1 Психологиялық ахуал туғызу
Армысыңдар, балалар, қазір «Бәрі де өз қолыңда» видеосын көріп, жақсылықтың және жамандықтың да өз
қолымызда екеніне көз жеткізіп, бір – бірімізге сәттілік тілейік.
ДМ2 «Шаттық шеңбері»
Балалар, біз шаттық шеңберіне жиналып, қол ұстасайық. Барлығымыз жақсы көңіл- күйде бір – бірімізге тілегімізді
айтайық! Бір – бірімізге күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз!
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай
қуаныш! Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!
ІV Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
ДМ 3 топқа бөліну. Физикалық терминдер арқылы 3 топқа бөліну
1- топ Жылдамдық 2- топ Жол 3- топ Уақыт
Әр топ мүшелері "Жылдамдық", "Уақыт", "Жол" терминдеріне анықтама беріп, бүгінгі тақырып не жайлы деген сұраққа
жауап бере отырып, сабақта не істейміз? Деген сұрақтың жауабын беру арқылы сабаққа мақсат қояды. (Керек болса мұғалім
толықтырып отырады).
ДМ4 Қызығушылықты ояту сатысы «Топтастыру» сатысы
Қозғалыс, жылдамдық туралы не білеміз?Интерактивті тақтада электрондық оқулық арқылы жаңа тақырыпты өздері
түсініп ашуына жаағдай жасау
V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. Мағынаны ашу сатысы
ДМ5 «Жұпта – бөліс – жинақта» сатысы
1- топ- Бірқалыпты қозғалыс. Суреттермен жұмыс жүргізу. Мысалы, поезд темір жолдың ұзын тегіс бөлігінде
бірқалыпты қозғалады. Бұл кезде доңғалақтар рельстердің түйіскен жеріне соғылғанда шығатын дыбыс та бірдей
уақыт аралықтарында естіледі.
2- топ- Бірқалыпсыз қозғалыс. Қозғалыстың көпшілігі бірқалыпты болмайды. Мәселен, поезд орнынан қозғала
бастағанда өзара тең уақыт аралықтарында барған сайын ұзынырақ жол жүреді. Ал келесі бекетке келіп тоқтар
алдында, керісінше, өзара тең уақыт аралықтарында барған сайын қысқарақ жол жүреді. Автомобиль мен конькиші
де дәл сол сияқты өз қозғалысының бастапқы кезі мен соңында тең уақыт аралықтарында әр түрлі жол жүреді.
3- топ- Жылдамдық. Мәселен екі аялдаманың арасын жүріп өтуге автомобиль жаяу адамға қарағанда едәуір аз уақыт
жібереді; жаяу адам 1 минутта 100 метрдей жол жүрсе, жасанды Жер серігі дәл осы уақыт ішінде 500 км аралықты
ұшып өтеді. Бұл денелердің қозғалысындағы айырмашылық-олардың жылдамдықтарында. Қозғалатын дененің
жылдамдықтарын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек.
Жылдамдық бірліктері м/с; км/сағ
Қорытынды: Дене тең уақыт аралығында бірдей жол жүрсе, ондай қозғалысты бірқалыпты қозғалыс деп атайды.
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүрсе, ондай қозғалысты бірқалыпсыз қозғалыс деп атайды. Бірқалыпты
қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалыс арасындағы айырмашылықты сипаттайтын шама қозғалыс жылдамдығы деп
аталады.
VІ Сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
ДМ6 Суреттер сөйлейді
ДМ7 «Ой қозғау» сатысы Оқулықпен жұмыс 91 бет
ДМ8 «Кім жылдам?» ойыны
1- топ 3-кестеден жаяу адамның жылдамдығын тауып, 10 с ішінде жүрген жолын анықтаңдар
2 - топ 3-кестеден конькишінің жылдамдығын тауып, 10 с ішінде жүрген жолын анықтаңдар.
3 - топ 3-кестеден пойыздың жылдамдығын тауып, 10 с ішінде жүрген жолын анықтаңдар.
ДМ9 Постермен жұмыс "Ой толғаныс" сатысы
84
Физикалық
шаманың аты
Белгіленуі
ХБЖ өлшем бірлігі
Формуласы
Жылдамдық
Жол
Уақыт
ДМ10 Сәйкестендіру тесті
І топ
Жылдамдық
t
м/с
S=ʋt
ІІ топ
Жол
v
м
t=S/ʋ
ІІІ топ
Уақыт
S
с
ʋ=S/t
VІІ Сабақты бекіту, бағалау кезеңі
ДМ11 «Кім алғыр» тест жұмысы
Аctivote құрылғысымен тест жұмысы алынады.
1. Материя дегеніміз не? А. физикалық дене Б. бізді қоршаған әлем С. Заттың ең ұсақ бөлшегі
2. Денелердің уақыт өтуіне қарай бұрыңғы орнының өзгеруі
А.механикалық қозғалыс Б.планеталар қозғалысы С.жылулық қозғалыс
3. Дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы
А.орын ауыстыру Б.жол С.траектория
4. Мектеп пен үйдің арасы 300 м. Оқушы мектепке барып, үйге қайта келгенде барлығы қанша жол жүреді? Орын
ауыстыруы неге тең?
А. 300м, 300 м Б. 600 м, 0 м С.600 м, 600 м
5. Дене тең уақыт аралығында бірдей жол жүрсе, онда ол қозғалыс ...
А. механикалық қозғалыс
Б. бірқалыпсыз қозғалыс
С.бірқалыпты қозғалыс
6. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүрсе, онда ол қозғалыс ...
А. механикалық қозғалыс
Б. бірқалыпсыз қозғалыс
С.бірқалыпты қозғалыс
7. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді?
А. S Б.v С.t
8. Жылдамдықтың өлшем бірлігі
А. м Б. С С. м/с
9. 36 км/сағ -та неше м/с бар?
А. 20 м/с Б. 36 м/с С. 10 м/с
10. Қозғалыс айырмашылықтарын сипаттайтын шама
А.Жол Б.Жылдамдық С.орын ауыстыру
ДМ12 Бағалау 40- 35 =5 35- 30 =4 30- 25 =3 (5 балдық жүйе)
Т
оп
т
ас
т
ы
ру
Ж
ұп
т
а-
бө
лі
с-
ж
и
н
ақ
т
а
С
ур
ет
т
ер
с
өй
ле
й
ді
О
йқ
оз
ға
у
К
ім
ж
ы
лд
ам
?
О
й
т
ол
ға
н
ы
с
С
әй
ке
ст
ен
д
ір
у
К
ім
а
лғ
ы
р?
Ж
ал
п
ы
б
ал
ы
Б
ағ
ас
ы
1-оқушы
2-оқушы
VІІІ Үйге тапсырма
ДМ13 17-18 тақырып, 5-жаттығу (2,3,4 есеп), 91- бет
ДМ14 «Жүректен- жүрекке» тренингі
Сабақты аяқтау мақсатында оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, бір-біріне жылы тілек айтады.
-Достым, сен өмірден өз орныңды табасың, өйткені сен...
-Құрбым, сен үлкен жетістіктерге жетесің, өйткені сен...
-Құрбым, мен сені мақтан етем, өйткені сен...
Бағалау парағы 40- 35 =5 35- 30 =4 30- 25 =3 (5 балдық жүйе)
85
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Сарсенбаева Сымбат. Бастауыш сынып мұғалімі, әлеуметтік педагог
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың
емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан
жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,- деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі -
білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас
ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында
тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар
барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге
келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді: Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі,
мемлекеттік маңызды іс. Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей ұрпақ тәрбиесі қай кезде
де халықтық мәселе болған.Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат
болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу - тәрбие
үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Сондықтан, ұстаз - мұғалімдер қауымының алдына өте
үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып
табылады. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен
түрлендірулерге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік - педагогикалық
қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық
іс - әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті
деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің
біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды
меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды
түсіну керек. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған
байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Технология сөзі
/ techne - өнер, шығармашылық, logos - ілім Педагогикалық технология терминінің анықтамаларын көптеген авторлар өз
түсінігі мен өз санасында қалыптасқан көзқарастарын қалыптастырған: - «Технология» - қалыпты өзгерту, өңдеу әдістері,
өнері, шеберлігі, іскерлігі жөніндегі ғылым жиынтығы. (В. М. Шепель- «Педагогикалық технология» - оқыту, тәрбиелеу
құралдары түрлерін, әдістері, тәсілдерін үйлестіретін, әрі анықтайтын арнайы жинақ, психологиялық – педагогикалық
ұстанымдар жиынтығы; (Б.Т.Лихачев) - «Педагогикалық технология» - жоспарланған оқыту нәтижелеріне жету процесін
сипаттау болып табылады. (И. П. Волков) - Педагогикалық технологиялардың даму сатыларын жан - жақты қарастырып
зерттеген ресейлік ғалымдар – Ф. А. Фрадкин, Е. Ю. Рогачева, Л. И. Богомолова,
С. И. Мезенцева, Г. Н. Осухова, Л. А. Кирсанова және де т. б. Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету
үшін пайдаланатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану ретімен жиынтық жүйесін
білдіреді.
Педагогикалық технологияның тиімділігі:
1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;
3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;
4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.
5. Өзін - өзі тексеруге дағдыланады.
6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.
7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап,
белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс -
тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің
тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын
меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана
алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын
қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше. Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр
мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне
байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,
шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Жалпы алғанда, жаңа технологиялардың 40 - астам түрлері бар. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа
технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі
бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде
пайдаланып жүр. Қысқаша осы технологияларға шолу жасайық. Модульдік оқыту технологиясы. Модуль – белгілі бір
жүйенің өзіндік бөлшегі (С. И. Ожегов). Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі – тұлғаның танымдық қабілеттерін
және танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, тұлғаның қажеттілігін
қанағыттандыруға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Бұл технология тұлғаның даму ерекшеліктері туралы
психологиялық ғылым мәліметтеріне, тұлғаның қызығушылық аясын дамытуға, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту
ерекшеліктеріне негізделген.
86
|