Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру түрлері


Әдістемелік жұмысты басқару деңгейлері



бет2/3
Дата30.09.2022
өлшемі33,84 Kb.
#41004
түріОқулық
1   2   3
Әдістемелік жұмысты басқару деңгейлері

  1. Жалпы ғылымда ұйымдастыру басқарудың бір қызметі. Егерде осы қызметті басшы басым бағыт деп есептей отырып, әдістемелік жұмысты педагогтарға бағытталған «жедел көмек» ретінде түсінсе және оны кезекті бақылау кескінінен кейін мұғалімнің іс әрекетін түзетуге бағыттаса онда ол ең төмен деңгейдегі әдістемелік жұмысты басқару деп табылады.

  2. Егер басшы әдістемелік жұмыстың мақсат міндеттерін анықтау кезеңінде соңғы және аралық нәтижелерді жобалап мақсаттылықтың басты көздерін зерттесе сонымен қатар стратегиялық тактикалық жоспарларды іске асыруды диагностикалық бақылау негізінде құрса онда орта деңгейдегі басқару деп айтуға болады.

  3. Жоғары деңгейдегі басқару ол технологиялық басқару, яғни басшы мақсаттылық, талдаушылық т.с.с. технологияларды игере білім беру ұйымының әдістемелік жұмысын үнемі диагностика негізінде алынған нәтижені башылыққа ала отырып, өз білім беру ұйымының әдістемелік жұмысын тиімді модельдеп, жобалап, құрастыра біледі. Тек осындай деігейде басқару жоғары нәтиже беруі мүмкін.

Жалпыға ортақ әдістемелік тақырыппен жұмыс
Білім беру ұйымдары үшін әдістемелік жұмыстың ең басты түрі бәріне бірдей ортақ әдістемелік тақырыппен жұмыс істеу. Белгілі бір әдістемелік тақырыпты дұрыс таңдап онымен мақсатты түрде жұмысты ұйымдастырса, ол тақырып ұжымдағы барлық іс әрекеттегі әдістемелік жұмыстың түрлеріне біртұтастық көзқарас қалыптастырып, жүйені жинақтаушы фактор ретінде бола алады.
Тақырып өзекті, заман талабына сай және ұжыммен келісіп таңдалған болу керек. Жалпыға ортақ әдістемелік тақырып ұжымда бар алдыңғы қатарлы тәжірибеге байланысты және оқу, тәрбие жұмысын қамтитын кең көлемді болуға тиісті. Егерде әдістемелік тақырып дұрыс таңдалса және өзекті мәселеге арналып ғылыми негіделсе, ол мектеп үшін практикалық маңызы зор ұстаздардың ішкі әлеуетін дамытуға, ұжымның сапасын арттыруға оңды әсер етеді.
Жалпы бірдей әдістемелік тақырып тек біртұтастықты, мақсаттылықты негіздемейді, ол сонымен қатар барлық әдістемелік жұмыстың өткізілетін жылдарын көрсете отырып кезеңдерге бөлуді талап етеді. Жоспар жасаған кезде оның уақыттылығын ескере отырып, ғылыми қамтамасыздандыру жағын, оқу, тәрбие, дамыту, педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру әдістемелік тиімділігін ұмытпау керек. Әдістемелік тақырып мектептің білім беру деңгейлерінің барлығын қамтиды: ұйымдастыру, басқарушылық, әдістемелік және т.б. Сонымен қатар, алынған тақырып педагогикалық ұжымның ұстанымдарына сай келсе, олардың іске асырудағы қызығушылығын қолдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет