Глоссарий
Адамгершілік
–
өздігінен
қалыптасқан,
тұлғаның
мүддесі
мен
бағыттылығын, рухани бейнесі мен тұрмыс дәстүрін анықтайтын, қажеттілігі
мен мотивін бақылайтын дара, интеллектуалды-эмоционалды пікірлерге
сүйенетін әлеуметтік-психологиялық білім.
Валеологиялық білім және тәрбие (латынның vale – сау бол) –
оқушыларда денсаулыққа деген қажеттілікті тәрбиелеу, оларда салауатты өмір
салты түсінігінің ғылыми мәнін және сәйкес мінез-құлықтың дағдылануын
қалыптастыру.
Дүниетаным – табиғат және қоғам туралы орныққан пікір, көзқарастар
жүйесі.
Жалпымәдени құзыреттілік – өзіндік білім алуда және осы орайда
туындаған танымдық және өз позициясын анықтау проблемаларын өздігімен
шешуде жеткілікті білімдік деңгей.
Достарыңызбен бөлісу: |