Көпмәдениеттi білім беру
−
жалпы білім берудің
этносаралық
интеграцияға
бағытталған,
мәдени-білім
құндылықтарын
игеруді
қарастыратын, этностық және ұлттық ерекшеліктерді тәрбие жұмысының ең
маңызды факторы деп есептейтін маңызды кұрылымы.
Оқулық – белгілі оқу пәні бойынша бағдарлама және дидактика
талаптарымен белгіленген, оқыту мақсаттарына сәйкес ғылыми білім негіздері
баяндалған кітап.
Оқу пәні – қандай да бір ғылымның және осы білім, білікті игеру және
қолдану бойынша осыған сәйкес қызметтің негізгі мазмұнын көрсететін білім,
білік және дағдылардың педагогикалық бейімделген жүйесі.
Оқытуды ұйымдастыру формалары – мұғалім мен оқушылардың
келісілген қызметінің сыртқы көрінісі, ол белгілі бір ретпен және тәртіптемеде
іске асырылатын: сабақ, саяхаттар, үйдегі оқу жұмысы, консультациялар
(кеңестер), семинар, факультативтер, практикумдар, қосымша сабақтар және
т.б. түрінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |