Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту


 Мектепті  жаңарту  жағдайында  технологиялық, экологиялық



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата28.01.2017
өлшемі0,91 Mb.
#2873
1   2   3   4   5   6   7   8

2.3 Мектепті  жаңарту  жағдайында  технологиялық, экологиялық

мәдениет және салауатты өмір салтын қалыптастыру

2.3.1 Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру

Технологиялық мәдениет, әмбебап  мәдениеттің бір  түрі  бола  отыра, адам

және қоғам өмірінің барлық жағына ықпал етеді. Ол негізінде табиғатқа, қоғам

және  адамға  көзқарастың технологиялық жүйесі  жатқан  технологиялық

дүниетанымды қалыптастырады.  Технологиялық эстетика,  технологиялық

мәдениеттің құрамдас бөлігі бола отыра, дизайндық білімдерде әсемдік заңдары

бойынша түрлендіру қызметін іске асыру біліктері мен қабілеттерінде көрінеді.

Психология және педагогикада осы міндеттерді іске асыруда еңбек сабақтарына

ерекше рөл бөлінген. Еңбек әрекеті белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыруға,

логикалық ойды  дамытуға, әділ  шынайылықтың  құбылыстары  мен  фактілерін

ғылыми түсінуіне ықпал ететін білім көзі, танымдық қызығушылықтың түрткісі

болады.


Соңғы  он  жылдықтарда технология  түсінігінің мазмұны  мен қолдану

саласы  айтарлықтай өзгерді.  Ол қазіргі  кезде  адам  іс-әрекетінің  өзара  тығыз

байланысты материалдық, рухани сияқты, әлеуметтік аспектісін де қамтиды.

«Технология» пәнінің мазмұнын меңгеруде оқушылар:

көптеген  баламалы  тұрғыдан  түрлендіру қызметінің тиімді  тәсілдерін



олардың табиғат, қоғам  және  адамның  өзі үшін  салдарларын  саналы  және

шығармашылықпен таңдау;

– жүйелі, кешенді ойлау;

– өздігімен орындалатын қызметті ақпараттық қамтамасыз ету қажеттілігін

айқындау;

– үздіксіз жаңа білімдерді меңгеру, оларды қызмет әдістері және құралдары

түрінде қолдану.

Оқушылардың

шығармашылық  қабілеттері  жобалық

тапсырмаларды

орындау процесінде дамиды.

«Технология»  жаңа  білім  беру  саласы  бағдарламасы  жоғары  сынып

оқушыларының кем  дегенде  бір  шығармашылық жоба  орындауын  көздеген.

Оқушылардың шығармашылық жобасының дәл өзі әрбір өскелең жанның

технологиялық білімін,  технологиялық мәдениетін қалыптастыруына  ықпал

етеді,  ол  тіршілік  ортасына,  елдің ресурстарын  барынша  тиімді  пайдалану,

табиғат  байлықтарын  және  адам әлеуетін  күшейтуге  басқаша қарауына

көмектеседі.  Оқытудың жаңарған  жобалық  әдісі  оны  дұрыс  пайдаланған  кезде

тұлғаның қабілеті мен біліктілігін айқындауға және дамытуға мүмкіндік береді.

Жобалар әдісін қолдану  оқушылардың  өзара  және  ересектермен  іс-әрекеті

мен қарым-қатынасының туындауына  ықпал  етеді,  мақсатқа қол  жеткізуде

тұлғаның шығармашылық  ұмтылысы  іске  асады,  жоспарланған  нәтижеге қол

жеткізіліп қана қоймайды,  сонымен қатар  оқушының ішкі  дүниесінің дамуы

жүзеге асырылады.

Жобалаудың тәрбиелік  рөлі  осы  еңбек қатынастарының оқушылардың

рухани өмірінде,  олардың ойы  мен  сезімін  түсінуінде,  тұлғаның ерік  күшінің



36

кеңдігі  мен  тереңдігінде    көрінуіне  байланысты.  Еңбек  тәрбиесінің желісі

ретінде  адамдар  арасында  еңбек  процесі  кезінде  туындаған әсемдік қатынасқа

енгенде ғана балада еңбекке сүйіспеншілікті тәрбиелеуге болады.

Оқушыларға  технологиялық білім  беруде  жетекші  ретінде  жобалар әдісін

қолдану дидактикалық қызметтерді іске асыруға ықпал етеді.

Технологиялық білім  берудің

жаңа  тұрғыдағы



білім  беру

қызметі

оқушыларды  негізгі  технологиялық білімдер,  біліктер,  терминологиялармен

таныстыруды білдіреді.

Оқушылардың

технологиялық

білімінде  жобалар

әдісін

қолданудың



тәрбиелік қызметі тұлғалық  қасиеттерді:  іскерлік,  алғырлық, жауапкершілік,

орынды тәуекел жасауды және т.б. дамытудан тұрады. Оқушылардың жобалық

қызметтері  олардың  қызығушылықтары  мен қабілеттерін  іске  асыру, өз

еңбегінің нәтижесі үшін жауап беру мүмкіндігін жасайды, табыс әрқайсысының

қосқан үлесіне байланысты деген сенімді қалыптастырады

Технологиялық білім  беруде  жобалар әдісін қолданудың дамытушы



қызметінде оқушылар  практикалық тапсырмаларды  талдау  мен  шешуде

абстрактілі технологиялық білім және білікті қолдану мүмкіндігін түсінеді.

Республика  мектептері тәжірибесінде 9-11-сынып  оқушыларының реферат

жазуы,  мектептік  және қалалық  ғылыми-практикалық конференцияларға

қатысуы,  технологиядан  емтиханды  реферат  түрінде  тапсыруы  зерттеу

жобаларының тиімді әдістері бола  алады.  Мысалға,  Алматы  облысы  Іле

ауданындағы №13 М. Мақатаев атындағы орта мектеп мұғалімдері практикада

республика мектептерінде  кеңінен қолданылатын    М.М. Жанпеисованың



оқытудың модульдік технологиясын пайдаланады.

Модульдік  технологияны

қолдану  бақылау,  талдау  және  түзетуді

болжайтын өзін-өзі  басқарумен үйлесе  отыра,  оның сапасын  жақсартады  және

тиімділігін  арттырады,  оқытуды  субъект-субъектілі  негізге  мақсатты  түрде

ауыстыру мүмкіндігін береді.

Мектептің ақпараттық-білім  беру  ортасын құру әдістері Алматы  облысы

Талғар 


ауданындағы 

№ 

17 



мектеп 

директоры 

Н.А. 

Тифанцидидің



баяндамасында көрініс тапқан. Дұрыс ұйымдастырылған ақпараттық-білім беру

ортасы, дәлірек виртуалдық әдістемелік кабинет, «Интернет-мектеп», қашықтан

оқыту,  жобалық  қызмет,  мектептің электрондық оқыту  ортасы  жағдайларында

мобильдік  технологияларды қолданудың тиімді  модельдерін әзірлеу  және  т.б.

көбіне  білім  беру  процесінде  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды

(АКТ) сауатты қолдану технологиялық үлгіге айналдырылған процесте саралай

оқытуды  жүзеге  асырады,  оқушылардың мотивациясын  арттырады. Өздігінен

заманауи ақпараттық тәсілдерді оқыту, сөзсіз, оқушылардың жаңа сапалы білім

алуының жетістігі болып табылады.

Сонымен,  ақпараттық-білім  беру  ортасын  мектептің жалғыз  ақпараттық

кеңістігі  ретінде ғана  емес,  сонымен қатар,  тиімді  білім  беру  жүйесі  ретінде

қабылдау керек.

Ал, Қапшағай қаласындағы №3 орта мектепте (директоры – С.П. Ахметова)

деңгейлік  саралауды  көздейтін  және әр  оқушыға  оқу  материалын  игеру

деңгейін  ерікті  түрде  таңдау;  білім  алушылардың түрлі  деңгейде өзіндік


37

жұмысты ұйымдастыру;  жеке  жоспарлар  бойынша  озық, шығармашылық

оқыту;  оқу  материалын  игерудің

ағымдық


және

қорытынды  бақылау

мүмкіндігін

қамтамасыз  ететін  оқытудың

түрлі  деңгейлі  технологиясы

қолданылады,  ол  оқушылардың танымдық түрткісін құруына  және  танымдық

іс-әрекетін  ынталандыруына  ықпал  етеді.  Мұғалімнің білім  беру  саласындағы

жұмыс тәжірибесі, педагогикалық шеберлігі заманауи мектептің оқу процесіне

оның жетілдірілуіне  және  жаңартуына  ықпал  ететін  инновациялық білім  беру

технологияларының тұжырымдамалық негіздерін  шығармашылықпен  ашуға

және анағұрлым тиімді жолдары мен әдістерін енгізу мүмкіндігін беретіні анық.

Сонымен,  жоғарыда  баяндалған  жұмыс  тәжірибесі  мұғалімнің  ұзақ

жылдардағы  практикалық еңбегінің жемісі  ретінде  оның кәсіби  шеберлігін

көрсетеді. Алайда, бұл – түрлі проблеманы шешуде кәсіби іс-әрекеттің саналы,

креативті ойға толы еңбек.

Білім  беру  практикасына,  соның ішінде өнер  сабақтарына  заманауи

технологиялардың енуі  жаңа  мүмкіндіктерге  жол  ашады. Өнер  сабақтарында

мұғалімдер,  мысалы,  АКТ-ны    оқушыларды  шығармашылықпен  дамытудың

жаңа құралына айналдыруы тиіс.

АКТ білім беру процесінде қолданудың келесі нұсқаларын ұсынамыз:

– Мультимедиялық  қолдау  сабақтары – сыныптағы бір  компьютерді

мұғалім  «электронды  тақта»  ретінде  пайдаланады.  Мұғалім  даяр  электрондық

білім  беру  ресурстарын  немесе  таныстыру  мультимедиясын,  ал  оқушылар

жобаларды қорғау үшін пайдаланады.

– Компьютерлік қолдау  сабақтары – сыныптағы бірнеше  компьютерде

(әдетте, компьютер сыныбында) оқушылар бір мезгілде барлығы немесе кезек-

кезек жұмыс істейді.

– Ғаламторға шығу  сабақтары  (мультимедиялық, сондай-ақ, компьютерлік

қолдау сабақтары болуы мүмкін).

Мультимедиялық қолдау сабақтары

Тәжірибе  көрсеткендей,  сабақты  мультимедиялық сүйемелдеу арқылы

өткізген мұғалім сынып  тақтасы  алдындағы  жұмысымен  салыстырғанда  оқу

уақытын  30%-ға  дейін үнемдейді.  Уақытты үнемдей  отыра,  мұғалім  сабақты

жаңа мазмұнмен толықтырады, көлемін арттыра алады. Басқа проблема да күн

тәртібінен  түседі.  Мұғалім  тақтада  жұмыс  жасаған  кезде  еріксіз  сыныппен

байланысын үзеді. Кейде ол ту сыртынан шығып жатқан шуды да естиді.

Мультимедиялық сүйемелдеу  режимінде  мұғалім үнемі  жағдайды өз

бақылауында ұстай  алады,  оқушылардың  әрекетін  көреді, өзгеріп  жатқан

жағдаятқа дер кезінде назар аудара алады.

Мұғалімге қажет  ақпаратты  іздестіруде  Интернет  желісінде  орналасқан

өнер бойынша білім беру ресурстарының каталогы көп көмек көрсетеді.

Сабақта  жаңа  материалды  түсіндіруде  мұғалім  пәндік  жинақтарды

(иллюстрациялар, 

фотосуреттер, 

портреттер, 

оқытылатын 

суретшілер

картиналарының репродукциялары,  бейнеэкскурсиялар,  бейнефрагменттер),

динамикалық кестелер  мен  сызбалар,  интерактивті  модельдерді үлкен  экранда

көрсете  алады.  Бұл кезде  түсіндіру  технологиясы  түбірімен өзгереді – мұғалім


38

экранда  пайда  болған  ақпаратты

қажетінше

қосымша


ұғымдар  және

мысалдармен толықтырып, түсіндіреді.

Егер  кабинет  Интернет желісіне қосылған  жағдайда,  сабақты  виртуалды

экскурсия түрінде өткізуді ұсынуға болады.



Ғаламторға шығу сабақтары

Мұғалім 


жеке 

тақырыптарды

өтуде 

мультимедиялық



сүйемелдеу

сабақтарында Интернетті пайдалана алады. Мысалы, 5-сыныпта «Елтаңбалар»,

«Эмблемалар» 

тақырыптарын

өтуде 

информатика 



кабинетінен  желіге

қосылады,  «Геральдикаға  экскурс»  (негіздері,  тарихы,  ережелері),  интернет-

жоба беттерінде геральдика ережелері бойынша түрлі ақпараттар, тарихи шолу,

қазақстандық геральдика  туралы  арнайы  бөлімдер  келтірілген.  Осындай

сабақтарда  оқушылар өздігінен  ресурстармен  танысады, қорытынды  жасайды,

мұғалімнің тапсырмаларын орындайды.

Сынақ сабағы  ретінде  оқушыларға өнер  бойынша  тұсаукесерлер  жасауды

ұсынуға 


болады. 

Мысалы, 


«Шығыстың

және


Қазақстанның 

өнері»,


«Көшпенділердің мәдени мұрасы» және т.б. тақырыптар.

«Музыка» сабағы  оқушылардың шығармашылық  әлеуетін  дамытуға  ықпал

ететін  заманауи  педагогикалық  әдістер  мен  тәсілдерді,  сонымен қатар

технологияларды,  олардың элементтерін қолдануды  болжайды.  Оқушылардың

шығармашылық  әлеуетін  дамыту,  сонымен қатар  белгілі  бір  біліктер  алу

тұрғысынан әр жас кезеңі өзінің тұлғалық ұстанымын анықтайды. Мысалы, 1-4

сыныптар – шығармашылық біліктер алу, шығармашылық біліктерді көкейтесті

ету қажеттіліктерін  дамыту;  5-6  сыныптар – жекелеген  шығармашылық

қабілеттерін  дамыту,  шығармашылық  қажеттілігін қанағаттандыру  мотивін

қалыптастыру.

Музыка сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану:

– мәтіндік,  дыбыстық, графикалық бейнеақпаратты  және  оның дереккөзін

жаңаша қолдану;

– баланың шығармашылық әлеуетін белсендіруіне көмек көрсету;

– музыка мәдениетіне қызығушылығын дамытуға ықпал ету;

– баланың рухани әлемін қалыптастыру мүмкіндігін береді.

Субъект  ретінде  мұғалім  жұмысының негізгі  принциптерін  іске  асыру

есебінен  ақпараттық технологияларды  пайдалану  тиімділігі  айтарлықтай

артады: 


АКТ 

пайдаланудың

жүйелілігі; 

мұғалімнің

компьютерлік

технологиялардағы

құзыреттілігі; 

жеке 


мүддесі 

және 


бастамасы;

шығармашылығы және т.б.

Музыка сабағында қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер:

Кластер құрастыру.

Таза парақтың (сынып тақтасының) ортасына ойдың, тақырыптың «жүрегі»

болып табылатын түйін сөз немесе сөйлем жазылады.

Жан-жағына  осы  тақырыпқа  сәйкес  келетін  ойды,  деректі,  бейнені  ашатын

сөздерді  немесе  сөйлемдерді  шашырата  орналастыру  («Ғаламшар  және  оның

серіктері» моделі).

Жазу  ретіне қарай  пайда  болған  жаңа  сөз  түйінді  түсінікпен  түзу  сызық

арқылы жалғанады.



39

Нәтижесінде

мұғалімнің

ойын


графикалық

бейнелейтін, 

берілген

тақырыптың ақпараттық аясын анықтайтын құрылым пайда болады.

Кластерлермен  жұмыс  жасауда  келесі  ережелерді  есте  сақтау қажет:  ойға

келгеннің барлығын  жазып  отыру; қиял  мен  интуицияға  ерік  беру;  уақыт

аяқталғанша немесе идея сарқылғанша жұмысты жалғастыру және т.б.

Мысалы, «Опера» тақырыбы. Оқушылар осы ұғыммен байланысты сөздерді

жазады.  Топпен  жұмыс  жасауды ұсынуға  болады.  Сонан  кейін  топ  спикері

тыңдалады,  материал  жинақталып,  талданады.  Келесі  іс-әрекет  жиналған

материалдан  ақпарат құрастыруды  көздейді.  Осылайша,  балалар өздігінен

сабақтың тақырыбын  және өз  ой-өрісі  аясында  жаңа  материалды  түсіндіре

алады.

Жаңа  тақырыпты  түсіндіру  процесінде проблемалық-іздестіру



әдісін

қолданған  жағдайда өте әсерлі  болады. Мысалы,  6-сыныптағы  «Қазақстан

музыка  мәдениетін қалыптастыру»  тақырыбын  түсіндіруде  проблемалық

жағдаят тудыруға болады және оқушыларға республиканың осы саладағы даму

және  одан әрі қалыптасу  проблемасын  шешетін  «Қазақстанның мәдениет

министрі» рөлінде болуды ұсынуға болады. Жұмыстың топтық немесе дара түрі

болжанады.

Бұл  орайда  «Мен – жасампазбын»,  «Мен – зерттеушімін»  тұлғалық

ұстанымын

қалыптастыруды,  оқушылардың

дербестігі  мен

өзінің


ішкі

шығармашылық  әлеуетін  пайдалануын  дамытуды  бақылап  отыруға  болады.

Сабақтың

осы 


тақырыбының

практикада

қолданылуын 

компьютерлік

презентация (топтық, дара) құру арқылы іске асыруға болады.

Оқушылар сабақтағы шығармашылық қызмет процесінде драматург, сазгер,

музыкант 

және 


оркестр 

дирижері, 

орындаушылар, 

жанды


музыка

тыңдаушылары рөлінде бола алады. Іс-әрекеттің осындай рөлдік алуан түрлілігі

әрбір  оқушының шығармашылық  әлеуетін  ашуға  мүмкіндік  береді,  ал  мұғалім

тек қана ашықтық, еркіндік және сенім білдірушілік ахуалын жасай отыра, оны

бағыттайды және жандандырады.

Нәтижесінде  музыкалық шығармашылық табиғатына,  көркем-бейнелік

ойдың дамуына қол  жеткізілді.  Мысалға, Павлодар қаласындағы  №  17  жалпы

білім беретін саралай оқытатын бейіндік мектептің технология, бейнелеу өнері,

сызу 

пәндерінің



мұғалімі

Қ.К.


Тілеубаева 

сабақта 


оқушылардың

шығармашылық  қабілетін  дамыту құралы  ретінде қазақ халқының ою-

өрнектерін  шеберлікпен  пайдаланады.  Балалар  пайдалы  да әдемі  бұйымдар

жасау  процесіне қатысады,  бұл  олардың рухани  дамуына  ықпал  етеді,

эстетикалық талғамын қалыптастырады, өздік  жұмысқа  бейімдейді.  Тіпті

өнеркәсіп өндірісі  жағдайында  сәндік-қолданбалы  бұйымдар  жасауда  да қол

еңбегі  кеңінен қолданылады.  Сондықтан  оқушылардың осындай  бұйымдар

жасауда  алған  білімдері  мен  біліктері  міндетті  түрде  келешекте,  мамандық

таңдауда пайдаға асады.

Мұғалім  тәжірибесінің мәні – балалардың шығармашылық біліктерін

дамытуда  технология,  бейнелеу өнері  сабақтары, үйірмеде  шұғылдануы

кіріктіріледі,  бұл өз  кезегінде – қазақстандық патриотизмді  тәрбиелеу,



40

шығармашылық  қабілеттерді  дамыту,  нәтижелі  және  шығармашылық  қызмет

тәжірибесін алуды қамтамасыз етудегі қажет шарт.

Технологиялық мәдениет өскелең  ұрпаққа  білім  берудегі  міндеттер  мен

мазмұнға

өз  ықпалын  тигізеді.  Білім  беру  жүйесінде  оқушылардың

технологиялық мәдениетін  және

ғылыми  білімдерін  пайдалана  отырып

түрлендіру қызметіне  даярлығын қалыптастыру  мақсатында  технологиялық

дайындығы да іске асырылады.



2.3.2 Мектептің оқу-тәрбие  процесінде  оқушылардың экологиялық

мәдениетін қалыптастыру

Қазір  халықаралық деңгейге  көтеріліп  отырған қоршаған  орта  жағдайы

экологиялық білім  мен  тәрбие  беру  мәселесіне әкеледі.  Адамзат өркениетінің

дамуының әр түрлі кезеңдерінде адам мен табиғат  арасындағы қатынастардың

түбегейлі өзгеріп отырғаны белгілі.

Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім және тәрбие беру мәселесі

мемлекеттік деңгейде қойылып отыр.

Елбасының  қолдауымен Қазақстанда қоршаған  ортаны қорғау  және

қалыптасқан  экологиялық ахуалды  жақсартуға  бағытталған  бірнеше  маңызды

заңдар мен құжаттар қабылданды. Соның ішінде «Қазақстан Республикасының

2004-2015  жылдарға  арналған  экологиялық  қауіпсіздігі  тұжырымдамасы»

(2003ж.)  көпшілікке  экологиялық

білім  мен  тәрбие  берудің  өміршең

бағдарламасын нақтылап берді [17].

Қазақстанда қолайсыз экологиялық жағдайдың  қалыптасуы  халықтың

денсаулығына әсер етпей қоймайды,  экономикалық шығынға  да ұшыратады.

Сондықтан  экологиялық  қауіпсіздік – мемлекет  аймақтарының стратегиялық

міндеттерінің бірі.  Сонымен қатар,  экологиялық  қауіпсіздік  халықтың тұрмыс

жағдайының тұрақтылығы  мен қалыпты өмір сүруін  де қамтамасыз  етеді.  XXI

ғасырдың


күн  тәртібінде  экологиялық

білім


өзіндік  мақсат  емес,  ол

тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет.

Экологиялық білім беру − адамзат қауымының қоғамның, табиғаттың және

қоршаған  ортаның  үйлесімділігінің ең тиімді  жолдарын ұрпаққа  түсіндіру.

Оның ішінде қоршаған  орта  мен  оның табиғи  ресурстарын  тиімді  пайдалану

барысында  табиғатты қорғай алатын,  аялай  білетін  адамгершілігі  мол, ізгілікті

экологиялық білімі  мен  мәдениеті  жоғары  жаңа ұрпақты  тәрбиелеу  бастапқы

орын  алады. Әуелден әр  түрлі  дәрежедегі  биологиялық жүйелердің  өзін

қоршаған    жансыз  табиғатпен  және  тірі    табиғатпен қарым-қатынасын

зерттеумен  шұғылданып келген  экология ғылымының даму логикасы, ерте ме

кеш  пе,  оны  адамның  өзін

қоршаған  ортамен

қарым-қатынастары

проблемасымен  шұғылдануға  жетелеп әкелуі  тиіс  еді,  себебі  адамзаттың

ортамен қарым-қатынасы қаншалық алшақтап кетсе де, ол  Биосферада белгілі

бір орын  аталатын күрделі жүйенің бір бөлігі болып қала береді.

Білім беру саласы алдында тұрған жаңа міндеттердің бірі – жас ұрпақтарға

экологиялық тәрбие  беру.  «Табиғаттың  әр  беті  терең мазмұнға  толы  бірегей



41

кітап» – деген  И.  Гёте.  Мазмұнға  толы  табиғатымызды  сақтап қалу

экологиялық білімді талап етеді.

Экологиялық білім беру төмендегі іс-әрекеттердің дамуына бағытталған:

– табиғи ресурстарды үнемдеу;

– қоршаған ортаның ластауын тоқтату;

– табиғи экожүйені сақтау;

– қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық

нормаларын сыйлауды меңгеру;

– қаржылық  қолдау  және қоршаған  ортаны қорғауды  жүзеге  асыруға

белсенді түрде қатысу.

Экологиялық мәселелердің нақты  іс-тәжірибесімен  танысу  мақсатында

ауылшаруашылық немесе өндірістік  нысандарға әдістемелік  жағынан  дұрыс

ұйымдастырылған  экскурсия  оқушыларға  экологиялық білім  беруде  басты

міндеттердің бірін шешуге, қазіргі заманғы өндірістердің ғылыми негізін терең

түсінуге, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастардың проблемаларын

молырақ білуге  ықпалын  тигізеді.  Мұндай  экскурсияның оқушыларға  көп

пайдасы бар. Қазіргі заманғы өндірісте ғылыми білімнің зор роль атқаратынын

көрсетеді.  Оқушылар  экскурсия  барысында

өндірістік  жаңашылдармен

кездеседі.  Мұндай  кездесулер  оқушыларға  адамгершілік  тұрғыдан  да  оң  әсер

етеді.


XXI ғасырдың басында әлемдік  және  аймақтық    әлеуметтік-экологиялық

проблемалардың

лайықты 

шешілуі 


«орнықты 

даму» 


түсінігімен

байланыстылырып  отыр.  «Экология»  пәні  жеке  мектеп  бағдарламасына

енгізілмеген.  Экологиялық білім  мен  тәрбие  беру  жүйесін  басқа  пәндерде

тақырыпқа  сәйкес  пәнаралық байланыс  негізінде  немесе  жеке

үйірме,

факультативті сабақ түрінде жүргізіледі.



Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған

ортаны қорғау  тәсілдері  тек  экологиялық жаппай  және үздіксіз  білім  беру

нәтижесінде ғана  іске  асырылады.  Осы  орайда  елімізде  жасөспірімдерге

үздіксіз  экологиялық

білім  беруді

ұйымдастыру  барысында

ұстаздың

тапқырлығы мен жаңа әдіс-тәсілдерді оқу процесінде пайдалана алу ептілігінің

бүгінгі  күн  тәртібіне қойылуы − орынды  жағдай.  Сондықтан  да  мектеп

қабырғасында  жас ұрпаққа  экологиялық білім  мен  тәрбие  беру  барысында

модульдік технологияны пайдаланған дұрыс.

Модуль  дегеніміз – міндетті  түрде  оқушының білімі  мен  біліктіліктерін

тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульді

құрастыру  кезінде  пәннің жұмыс  бағдарламасы  негізге  алынады.  Пәннің

тақырыптарына  сәйкес  немесе өзара  байланысты  тақырыптар  болады.  Көбіне

тақырыптарға  сәйкес  мәселелер  сыныптан  тыс қарастырылып  отырады.  Оқу

модулі қайта  жаңғыртушы  оқу  циклы  ретінде үш құрамды  бөліктен  тұрады:

кіріспе,  сөйлеу  және қорытынды.  Біз ұсынатын    модуль  «Сабақтың түрлері,

құрылысы» тарауына арналған.

Сабақты өткізу  барысында  оқушыларға өсімдіктің тірегі  сабақ екенін,    ол

жер асты және жер үсті мүшелерін қосатын дәнекер екенін дәлелдеу, өсімдіктің


42

жер  асты,  жер үсті  мүшелерімен  таныстыра  отырып, өсімдікке қажетті  орта

жағдайлары мен сабақтың түрлері туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: оқушылардың сабақ туралы білімін тереңдету.

Тәрбиелілігі: өсімдіктер үшін  сабақтың маңызын  түсіндіре  отырып,

өсімдіктерді қорғауға  тәрбиелеу  мақсатында қолданылған  сабақтардың бірі.

Өсімдік  тірегі – сабақтың түрлері, өсімдікке қажетті  орта  жағдайлары  «Сұрақ-

жауап» әдісі арқылы оқыта, көрсете үйрету ойыны арқылы жүзеге асады.

Сабақтың мақсатыөсімдіктің тіршілігі үшін сабақтың маңызын айқындау.

Өсімдіктің жер  асты  және  жер үсті  сабақтары  мен  (түрі өзгерген  сабақтармен)

олардың атқаратын қызметімен  таныстыру,

өсімдіктің көп  түрлілігімен

таныстыру.  Оқушылардың  өсімдіктер  туралы  білімін  дамыта  отырып,  оларды

қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті

құрал-жабдықтар



мен

көрнекіліктер:

оқушылардың  өзіндік

эмблемалары  және  сабақ

түрлерінен  гербарийлер  жинақтауға  арналған

материалдар.

Оқушылармен топ құра жинақталып, саяхат барысында жеке қауіпсіздігіне

аса  назар  аудару қажеттігін  түсіндіру.  «Сабақ – өсімдік  тірегі»  атты  сыныпта

өткен  тақырыбын әңгімелей  отырып,  тірек  сызбаларды еске  түсіру.  Сынып екі

топқа  бөлінеді,  ойын  шарты және тапсырма  түрлерімен  таныстырылады.

Топтар  тапсырмаларды  таңдап  алады  да  оларды  орындауға  белсенді  түрде

кіріседі.  Топ  тапсырмалары  бойынша  жұмыс үстінде  саяхат  барысында

қойылған  сұрақтарға,  сабақ түрлерін  мысалға  келтіре  отырып  жауап  беріп

отырады.


Бұдан соң мұғалім  тақырып  мазмұнына  сәйкес өсімдіктің өсу  бағытымен,

қарапайым

және

күрделі 


сабақтармен 

таныстырады.

Шығармашылық

сипаттағы  тапсырмаларға,  зерттеушілік қызмет  элементтеріне қарай  бірнеше

рет қайта  оралу әр  оқушыға  оқу  материалымен  жұмыс  істей  отырып, өз

қабілеттерін,  жадын,  ынтасын, ойлауын, ауызша  және  жазбаша  тілін дамытуға

көмектеседі.

Әр  топ өз  тапсырмаларын  мұқият  орындап,  гербарилер  жинақтайды.

Табиғат  жағдайына  аса  назар  аударылады.  Табиғат  аясында өсімдіктердің

маңызы  туралы  сұрақ-жауаптар қойылып  пікір-талас өткізіледі. Әрбір  топ өз

тапсырмалары  негізінде  күнделіктеріне  белгілер қояды.  Бұл  сабақ модульдің

сөйлесу  бөліміне  кіргендіктен  сабақтың  ұйымдастырылу  формасы  сыныптан

тыс әр оқушы белсенді әңгімелесу үстінде болады.

Топ мүшелері өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында

не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен

немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады. Оқу

модулінің  қорытынды  бөлімі – бақылау.  Егер  сөйлесу  бөлімінің барлық

сабақтарында  оқушылардың бір-біріне  көмегі,  бірін-бірі  оқытуы,  бір-біріне

табиғат құбылыстары  сабақ түрлерін  көрсетуі  мен  түрлі ғылыми  көздерді

пайдалануы жұпталып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу

бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде Венн диаграмасын, сөзжұмбақ,

бейнесөз,  сөзтізбек,  шытырман,  сурет-тапсырма,  сұрақ-жауап,  тест-тапсырма


43

тақырыптың ерекшелігіне  орай  шығарма  немесе  диктант қолданылады.

Модульді қорытындылау сабақтың «Тапқырлар әлемі»  бөлімінде беріледі.

Экологиялық білім  мен  тәрбие  беру  процесінде  жаңа  технологияларды

пайдалану  оқушыда өз  бетімен  еңбектену,  оқу-танымдық процесті  басқара  алу

икемділігінің дамуын қамтамасыз  етеді.  Егер әрбір  сабақ сыныпта  және

сыныптан  тыс болса,  оқыту  технологиясының  құрылымының төмендегідей

нұсқасын ұсынуға болады:

– Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру;

– Балалардың тапсырманы немесе модульді таңдауына белсенді қатысуы;

– Мұғалімнің оқу  материалын қысқаша  баяндай  келе,  миға  шабуыл

технологиясын  пайдалана  отырып,  тақтаға  белгілер  жүйелері – сызбалар,

тақырып бойынша сөздер т.б.түсіру;

– Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру

және әрбір оқушының іс-әрекетін әр сабақта бағалап отыру;

– Жалпы  тақырыпқа,  тарауға қайта  оралу  негізінде  оқу  материалын

бекітуде оқушылардың белсенділігін арттыру;

– Сыныптан тыс жұмыста оқушылардың табиғатты қорғауға қатыстыру;

– Сыныптан тыс жүйеде оқушыларды ғылымға баулу;

– Сабақты  ойын  түрінде өткізу арқылы оқушылардың белсенділігінің

арттыру;

– Оқушылардың танымдық, тапқырлық іс-әрекетін  пайдалана  отырып,

Венн диаграмасын қолданып сабақты қорытындылау.

Пәндерді  оқытудағы  экологиялық  қағида  оқу құралдарына қосымша

ұғымдарды  енгізуді  емес,  керісінше,  түбегейлі қалыптасқан ұғымдарда  жаңа

көзқарастар  айқындалып,  олардың мазмұндық жағын  тереңдетуді  талап  етеді.

Экологиялық принциптің мазмұнын  нақтылай  түсетін  табиғат  пен қоғамның

өзара  ықпал  аясындағы  мынадай  негізгі  бағыттарды  бөліп  көрсетуге  болады:

қоғам  дамуындағы  табиғаттың рөлі,  шаруашылық жұмыстары  салдарынан

табиғаттың  өзгеруі,  табиғи  ортадағы өзгерістердің  әлеуметтік-экологиялық

зардаптары,  табиғат  пен қоғам  арасындағы өзара  байланысты  жақсартудың

тиімді  жолдары,  аймақтық ерекшеліктерді  ескеріп  табиғат  байлығын ұтымды

пайдалану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет