Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту


 Мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата28.01.2017
өлшемі0,91 Mb.
#2873
1   2   3   4   5   6   7   8

2.3.3 Мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру

Оқушылардың салауатты өмір  салтын қалыптастыру  және  денсаулығын

нығайту – заманауи  мектептің білім  беру  жүйесін  дамытудың басым  бағыты

болып табылады.

Статистикалық деректер  көрсеткендей,  ХХ ғасырдың соңында  мектеп

жасындағы дені сау балалар саны 4-5 есе кеміген.

Балалар  денсаулығының төмендеуіне  айтарлықтай  деңгейде  мектептің де

кінәсі бар деуге негіз бар. Ғалымдар мектеп оқушыларының денсаулығына кері

әсер  ететін  факторларға:  оқушыларға  оқу жүктемесінің шамадан  тыс  көп

берілуін,  педагог  пен  оқушы қарым-қатынасындағы  авторитарлық стильді,



44

балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жас және дербес ерекшеліктерінің жеткілікті

ескерілмеуін, гиподинамияны және т.б. жатқызады.

Балалар  денсаулығының төмендеуіне  сонымен қатар, нашар экологиялық

ахуал, рухани құндылықтардың ауысуы, жекелеген БАҚ және т.б. теріс ықпалы

әсер  етеді.

Қазақстандық  ғалымдар  Б.Ә.  Әбдікәрімов,  К.М.  Кертаева,

Г.С.  Сыздықова  және  т.б.  мектептің заманауи  даму  жағдайында  балалардың

денсаулығын  сақтау  және  нығайту  проблемасы  медицина қызметкерлері  мен

мұғалімдердің бірлескен әрекеті  негізінде  шешімін  табатыны  анық деп

есептейді. Халықтың әл-ауқаты, елдің өндірістік әлеуеті және қорғаныс қабілеті

орта мектеп түлектері денсаулығының жай-күйіне байланысты.

Ресей  статистикалық деректері  дәлелдегендей,  2002  жылдың  1 шілдедегі

жағдайы  бойынша  жалпы  білім  беретін  мектеп  түлектерінің тек    6-8% ғана

денсаулығы  жақсы  деп  танылды, әрбір  екіншісінің морфофункционалды

патологиясы, 42% – созылмалы  дерті  бар.  Ресейдің он  бір  аймағында

жасөспірімдер арасында маскүнемдік деңгейі 72% -дан 92%-ға дейін, ал қыздар

арасында 80% -дан 94% -ға дейін өзгеріп отырады [18].

Денсаулық мәдениеті  туралы  білімінің болмауы  және  денсаулығына

салғырт қарауы себепті жоғары сынып оқушыларының 40%-да салауатты өмір

салты теориясы туралы түсінігі жоқ екені анықталды.

Бүгінгі  күнге  дейін  бізде өскелең  ұрпаққа  салауатты өмір  салтын

қалыптастыру  процесі  дене  тәрбиесімен  теңестірілді.  Алайда  мәңгіру  (стресс)

мен  невроз,  агрессивтілік  пен  немқұрайдылық,  әлеуметтік  дерт  пен

экологиялық нашар  жағдайларда өмір  сүру ғасырында  оқушы  жастардың

денсаулық мәдениетін қалыптастыру  бойынша қойылған  міндеттерді  шешуде

дене тәрбиесінің шамасы жетпейтінін өмір көрсетті.

Тәрбиеде  «оқушылардың

денсаулық

мәдениетін

қалыптастыру»

деп


аталатын жеке дербес саласын айырып көрсетудің өзекті қажеттілігі туындады.

Балаларға  ерте  жастан  бастап  денсаулық сақтау  саласындағы  білім,  білік

және әдеттерді  сіңіру  мүмкін,  олар  соңынан  адамның жалпы  мәдениетінің

маңызды құрамдасына  айналады  және  барлық  қоғам өмірінің салауатты өмір

салтын қалыптастыруына ықпал етеді.

Салауатты өмір  салтына үйрету – мақсатты,  жүйелі  және ұйымдасқан

процесс.  Оқытуды  дәл  осылай ұйымдастыру ғана  балаларда  денсаулық сақтау

туралы  түсінік қалыптастыруға  ықпал  етеді  және оларды  салауатты өмірді

зияндыдан  ажыратуды үйретеді,  алдағы  уақытта өзінің және өзгелердің

денсаулығын сақтауда көмектеседі.

Салауатты өмір  салтын қалыптастыру үшін  басты үш  мақсатты  бөліп

көрсетуге болады:

а) ғаламдық – өскелең  ұрпақтың дене  және  психикалық денсаулығын

қамтамасыз ету;

ә) дидактикалық – денсаулық сақтау саласында балаларға жарақаттанудың

алдын алуда мектеп оқушыларын қажет білімдермен қаруландыруға мүмкіндік

беретін  білік,  дағдылар  мен әдеттерді  меңгерту  арқылы  денсаулығын,  еңбекке

қабілетін және ұзақ өмір сүруін сақтауына ықпал ету;



45

б) әдістемелік – оқушыларды  адам өмір  сүру  процесінің физиологиялық

негіздері,  жеке  бас  гигиенасы  ережелерін  сақтау,  соматикалық аурулардың,

психикалық ауытқулардың, жыныстық жолмен  берілетін  инфекциялардың

алдын  алу  білімдерімен,  сол  сияқты  ағзаға  психотроптық заттардың зиянды

әрекеті туралы білімдермен қаруландыру.

Салауатты өмір салтының осы ережелерін қалыптастыру жауапкершілігі, ең

алдымен, мектепке  жүктеледі,  себебі  мектеп – тек  білім  беру  мекемесі ғана

емес,  бұл – бала өз өмірінің көп  бөлігін өткізетін,  балалықтың ерекше әлемі.

Осыдан  барып,  балалық экологиясы  көзқарасынан,  заманауи  мектептің білім

беру  ортасына қарау қажеттілігі  туындайды.  Бұл  орайда  жаратылыстану,

биология,  химия 

сияқты 

пәндердің



рөлі 

ерекше. 


Алайда, 

көбінесе


оқушылардың мектепте  осы  пәндер  бойынша  алған  білімдері өмірден  алшақ

жатыр.


Денсаулықты  нығайтудың негізгі құралы  ретінде  дене  тәрбиесі  мен

спорт  жас ұрпақтың адамгершілік    және әлеуметтік  жағынан қалыптасуына

ықпал  етеді,  олардың бойына    салауатты өмір  салтының берік  дағдыларының

дәнін егеді.



Дене  тәрбиесінің мақсаты: шаруашылық пен әлеуметтік  мәдени

құрылымның түрлі  салаларындағы    шығармашылық еңбекке қабілетті,  дене

тәрбиесі  мен  спорт  дағдыларын  Отан қорғау    жолында  пайдалануға әзір,  жан-

жақты  жетілген  шымыр,  мықты,  дені  сау  тұлға  және  физиологиялық жағынан

толық дамыған ұрпақтарды өмірге алып келетін болашақ аналарды тәрбиелеу.

Осындай  мақсатқа  жету үшін  дене  тәрбиесінен  мектептен  алған

дайындығы да өзінің тиісті үлесін қосады.

Дене  тәрбиесі  бағдарламасы  білім  беру  міндеттерін  толық шешуді

анықтайды, атап айтқанда:

− идеялық және адамгершілік сенімнің сапасын қалыптастыру;

− тәрбиелік және еңбексүйгіштік;

− спорт  және  дене  шынықтыру  жаттығуларымен  ықылас қойып

шұғылдану;

− жастарды өмірге белсенділікке тәрбиелеу;

− денсаулықты нығайту, тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру;

− салауатты өмір  сүру  мен  демалысты ұйымдастыру  дағдыларын

қалыптастыру;

− таңдаған спорт түрінен шеберлікті жетілдіру;

болашақ


кәсіптік

мамандықтың

ерекшеліктеріне  байланысты,

еңбекке  деген  психикалық даярлықты қалыптастыру.  Споттық  үйірмелер,

дене 

шынықтыру 



клубтары, 

мектептегі 

секциялар, 

балалар 


мен

жасөспірімдерге  арналған  спорттық

мектептер  оқушыларға

қоршаған


ортадағы  жағымсыз

әрекеттерден

қорғауға  көп  көмектерін  тигізеді.

Мектептерде  дене  шынықтыру  пәніне,  спорттық жарыстарға,  сабақтан  тыс

өткізілетін әр  түрлі  спорттық іс-шаралар  мен  жарыстарға  көп  көңіл  бөлінуі

керек.


46

Бұл  сабақ мамандырылған  педагогтардың көмегімен  баланы өз  бетімен

өмір  сүруіне, өзінің алтын  уақытын  бағалай  білуіне,  күн  тәртібін  дұрыс

ұйымдастыруына, өз- өзіне бақылау жасап, сын көзбен қарауына жол ашады.

Дене шынықтыру сабағындағы әр түрлі ойындар баланы тек татулық пен

бірлікке


ғана  шақырып

қоймай,  оның

санасезімін

өмірдегі


әр  түрлі

жағдайлардан оңай шығып кетуіне көмектеседі.Бала жеке бір спорттың түрімен

айналысса,  ол өзінің ішкі  дүниесіне үңіліп,  мінез-құлқын  дұрыстап,  жасаған

қателіктерін  сараптап,  оны қайталамауға үйренеді.  Дене  шынықтырумен  және

спортпен  айналысу  баланы  адал,  ар-намысы  жоғары,  ішкі  де  сыртқы  дүниесі

бай  болуына әсер  етеді.  Тек қана  спорт  алаңдарында  емес, өмірде  де өз

күштерінің жемістерін  көретін  болады.  Мұндай қасиеттер қазіргі  егемен

Қазақстанымыздың жас ұрпақтарына өте қажет.

Қазақстандық мектеп  оқушыларының салауатты өмір  салты  проблемасын

зерттеу қазіргі  кезде  мектеп  тәжірибесіне  оқушылардың валеологиялық

сауаттылығын,  салауатты өмір  салтын қалыптастыруына  ықпал  ететін  түрлі

сауықтыру  бағдарламалары  кіргізіліп  жатқанын  көрсетті. Әдетте,  мектептерде

жекелеген  сауықтыру  шаралары ұйымдастырылады, өкінішке  орай,  олар  көп

жағдайда  оң нәтиже  бермей  жатады. Сондықтан денсаулық шығармашылығы

бойынша  жұмыстар  жүйелі  түрде  жүргізілуі  тиіс. Балалық – адам өміріндегі

ерекше  бірегей  кезең, ол өмірге  даярлық емес,  белгілі  бір,  тек  соған ғана  тән

қажеттіліктер мен мүмкіндіктер шеңбері бар өмір деген қорытынды жасалды.

Әдебиет  талдаулары  көрсеткендей,  салауатты

өмір  салтын  рухани-

адамгершілік  саулық, оңтайлы қозғалыс тәртіптемесі,  жеке  гигиена, құнарлы

тамақтану,

жақсы  көңіл-күй,

бейәлеуметтік

әдеттерден

(темекі  шегу,

алкогольдік  сусындар  мен  еліткіш  заттарды қолдану) аулақ болу және  т.б.

ерекшеліктер сипаттайды.

Жоғары  сынып  оқушыларында  салауатты өмір  салтын қалыптастыру

жоғары  сыныптардағы  оқу  курстарының мазмұнын  жаңартуды  талап  етеді.

Балалардың денсаулығы  туралы құжаттардың талдауы, ғылыми  түпнұсқалар

мен Қазақстан  мектептерінің педагогикалық тәжірибелерін  жүйелеу  және

қорытындылау  жоғары  сынып  оқушыларында  салауатты

өмір  салтын

қалыптастырудың келесі міндеттерін құрастыруға мүмкіндік берді:

− 

өзінің


және 

айналасындағылардың

денсаулығына

құнтты,


жауапкершілікпен қарауды дамыту;

− дене  және  адамгершілік  тұрғыдан  жетілгендіктің маңызын ұғыну;

денсаулық сақтау маңыздылығындағы сенімді қалыптастыру;

санитарлық-гигиеналық



мінез

құлық


дағдылары  мен

әдеттерін

қалыптастыру;  адамгершілік орнықтылық, бейәлеуметтік әдеттерге қарсы  тұру

біліктерін тәрбиелеу;

− салауатты өмір салтын қалыптастырумен байланысты өздігімен білім алу

мен өзін-өзі кемелдендіру біліктерін және дағдыларын дамыту;

− көпшілік қорғау  және  санитарлық-гигиеналық  ұйымдарында  белсенді

қоғамдық пайдалы қызметке ұмтылуын дамыту;

− шаршағандық аясында  ой  жұмысына қабілеті  мен  психикалық күш  салу

біліктілігіне төселу.



47

Осы  міндеттерге  сәйкес,  тәжірибе  жолымен  жоғары  сынып  оқушыларында

салауатты өмір  салтын қалыптастырудың  үлгілік  мазмұны әзірленді және

тексерілді,  ол  білім,  білік,  дағды, қарым-қатынас  сияқты  негізгі  төрт

компоненттен тұрады.

Жоғары  сынып  оқушыларында  салауатты өмір  салтын қалыптастыруда

аталған  компоненттер  мазмұны  ескеріле  отыра,  жалпы  орта  білім  беретін

мектептердің 

10-11-сыныптарына 

арналған 

«Химия», 

«Биология»,

«География»,  «Дене  тәрбиесі»  курстары  бойынша  оқу  бағдарламалары  мен

оқулықтарына  талдау  жүргізілді.  Талдау  барысында  аталған  курстардың

салауатты өмір  салтын қалыптастыруда  айтарлықтай әлеуеті  бар  екені

анықталды.

Сонымен қатар,  салауатты өмір  салтының маңызын  кеңірек  ашуға

мүмкіндік  беретін,  жоғары  сынып  оқушыларында  адам  денсаулығы  туралы

тұтас  көрініс қалыптастыратын  жүйеқұраушы  түсініктер, ғылыми  ережелер,

заңдылықтар енгізу жолымен бағдарламалар мазмұнын жаңарту қажет. Зерттеу

проблемалары  бойынша  теориялық жағдайды  зерделеу  сабақтағы  және

сабақтан  тыс  жұмыстағы  денсаулық сақтау  технологияларын  анықтауға

мүмкіндік берді. Осындай технологиялардың екі түрін бөліп көрсетуге болады:

– оқушыларда  салауатты өмір  салтымен  байланысты  білім,  білік,  дағды,

қарым-қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін технологиялар;

– денсаулық сақтау білім беру ортасын қалыптастыру технологиялары.

Бұл  технологияларды  кешенді  түрде қолдану  оқушыларда  салауатты өмір

салтының тиімді қалыптасуына  мүмкіндік  береді.  Тұлғаға  бағдарланған  оқыту

ережелеріне сүйене отыра (Е.В. Бондаревская, В.В. Сериков, И.С. Якиманская),

педагогтар  мен  оқушылардың мақсатты  іс-әрекеті  ретінде,  педагогикалық

процеске қатысушылардың диалогы  ретінде  сабақтар  мен  сыныптан  тыс

шаралар әзірленді. Осы іс-әрекет барысында мұғалім жоғары сынып оқушысын

қоршаған  шынайылықты  және өзін-өзі  сыни қабылдауына,  рефлексияға  және

өзін-өзі  тануына қозғау  салды.  Мектептің жоғары  сынып  оқушыларының жас

ерекшеліктерін  ескере  отыра,  мұғалім өз  көзқарасын  күштеп  таңбай,  жеке

ұстанымын  дәлелдей  отыра,  жасөспірімдер  мен қыз  балаларға  денсаулық

проблемасын шешуде өз нұсқасын таңдауын ұсынады.

Денсаулық сақтау ортасын құруға бағытталған технологиялар арасынан оқу

іс-әрекетінің оңтайлы  режимін,  санитарлық-гигиеналық, тамақтану, қозғалыс

белсенділігі талаптарын сақтауды ұйымдастырудың құралдары мен әдістерінің

жиынтығын  бөліп  көрсетілді. Ұжым  мүшелері  арасындағы  адамгершілік

қарым-қатынастар, 

жағымды 

психологиялық

ахуал, 

жоғары 


сынып

оқушыларының денсаулығын  сақтау  және  нығайту  шараларын  іске  асырудағы

бірізділік,  педагогикалық процеске қатысушылардың дене,  психикалық және

адамгершілік  денсаулығына  білім  беру  ортасының  әсерін  жүйелі  түрде

диагностикалау  білім  беру  ортасын  сауықтырудағы құралдар  мен әдістер

жиынтығын денсаулық сақтау технологияларына жатқызуға толық негіз берді.

Оқушылардың денсаулығын қалыптастыруға әсер  ететін  проблемалар  мен

неғұрлым агрессивті ықпалдар көрсетілді:



48

– Мектептегі  денсаулық сақтау  ісі  акция  сипатында  болады,  тұтас  жүйе,

бөлінбейтін  тұрғы  жоқ. Денсаулық сақтау – бұл үнемі  жүйелі  түрде

жүргізілетін жұмыс.

– Денсаулық сақтау сапасын басқарудың негізінде өлшемдік бағалау жүйесі

жоқ.


– Оқу  және  оқудан  тыс  жүктемелердің шамадан  артық көлемі,  оқыту

процесін қарқындандыру,  сол  сияқты  ақпаратты  меңгеру үшін  уақыттың

жеткіліксіздігі – оқушы психикасына зақым келтіретін фактор болып табылады,

ал ұйқы  мен  серуен ұзақтығының азаюы,  дене  белсенділігінің кемуі  дамушы

ағзаға стрестік әсер етеді.

– Дене  белсенділігінің төмендеуі – оқушы  денсаулығын  нашарлататын

факторлардың бірі.  Дене  белсенділігінің тапшылығы  төменгі  сыныптарда

35-40%,  жоғары  сынып  оқушыларында – 75-85% құрайды. Дене  тәрбиесі

сабақтары өте  аз  дәрежеде  (10-18%) қозғалыс  тапшылығын қалпына  келтіреді,

бұл денсаулық жайындағы ауытқушылықтың алдын алу үшін жеткіліксіз.

– Балаларда және жасөспірімдерде салауатты өмір салтының біліктері мен

дағдыларын қалыптастыруда  гигиеналық оқыту  мен  тәрбиелеудің заманауи

жүйесі  баламалығының,  өз  денсаулығына  саналы  және  жауапкершілік

қатынасының

жеткіліксіздігі 

оқушылар 

денсаулығының

нашарлауына

айтарлықтай себеп болып отыр [18].

«Денсаулық мәдениеті мектептегі денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру

факторы ретінде» тақырыбы бойынша өткен педагогикалық кеңестердің бірінде

Астана қаласындағы  №  6  мектеп  гимназиясы ұжымы  білім  беру  процесінде

бала  ағзасының  қалыпты қызметіне өмірлік  маңызды әсер  ететін  элементтерді

анықтады.  Денсаулық

мәдениетін  анықтайтын  элементтер  жиынтығына:

денсаулық сақтау  шарттары  ескерілген  сабақты ұйымдастыру  мен өткізу,

оқушылардың  әлеуметтік-психологиялық саулығы,  мұғалімнің денсаулығы

және


ұжымдағы қолайлы  көңіл-күй  микроклиматы  жатады.  Денсаулық

мәдениетін қалыптастыру процесіне бөлінбейтін үш буын қатысады: оқушылар,

оқушылар – мұғалімдер – ата-аналар. Әрине,  бұл  тізбектегі  ерекше  назар

аударуды талап ететін негізгі буын – балалар болып табылады. Мұғалімдердің

де,  ата-аналардың да  алаңдауына  негіз  бар.  Оқушылардың денсаулығындағы

проблемалар қаншалықты қауіпті  екеніне  көз  жеткізу үшін  медициналық

тексеріс қорытындысын  талдау  жеткілікті.  Мысалға  Астана қаласындағы  бір

мектеп  көрсеткішін  алайық  (көп  жағдайда  көрсеткіштер ұқсас  болғандықтан,

мектеп  нөмірін  көрсету қажет  емес  деп  санаймыз):  652  оқушының  190-ның

денсаулығында ауытқу бар, 5 оқушыда келбеті бұзылған, 7-уінде жалпақ табан,

32  оқушы  созылмалы  гастритпен  ауырса,  келесі  сырқаттар  бойынша  науқас

оқушылар  саны  бұрынғы  деңгейде қалып  отыр:  бронхиалды  астмамен (3),

семіздікпен  (3),  онкологиялық

сырқатпен  (2),  вегетативтік  тамырлы

дистониямен (9), қояншықпен (2), зәр шығару жолдарының инфекциясымен (7)

ауырады.


Егер бұл тізбеге шаршағыштық тудырған невроз, психикалық бұзылуларды,

ағзаның  әлсіреуін қосса,  науқас балалар  саны  бұдан  да  көп  болары  анық. Бұл

жағымсыз  динамиканы  тоқтату – оңай  міндет  емес.  Бұл  арада  барлық тәсіл  де


49

жақсы: әрбір  ата-ана  мен  мұғалімге  мәлімделген  сынып  парақшасындағы  бала

денсаулығы  туралы  ақпарат  та,  мұғалімнің  өз  жұмысын  оқушылардың тәулік,

жыл  мезгілі  ішінде,  жасына қарай өзгеруі  мүмкін  жағдайын  ескере  отыра

жоспарлауы да, сабақтағы сергіту минуттарының жүйесі де т.б. Педагогтардың

осындай егжей-тегжей жұмысын ата-аналар байқап, тиісінше бағалауы қажет.

Аталған проблемалардың шешу үшін кешенді жүйелі шаралар қажет:

− оқушылар денсаулығының қалыптасуына ықпал ететін, денсаулық сақтау

білімін  беруді  іске  асыру  жолдары  туралы  жүйелі  түсінік қалыптастыру,  бар

тәжірибені белсенді қолдану;

− оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін жүйелі түрде ұйымдастыру.

Педагогикалық  ұжым  денсаулық сақтау  ортасын құрылымдау  біліктерін

үш бағытта:

− оқу қызметінің мазмұны мен түрі арқылы;

− кабинетті жабдықтау арқылы;

− оқушылармен  және әріптестермен өзара  іс-әрекет  ету  стилі  арқылы

меңгеруі тиіс.

Мақсаты өз денсаулығы үшін жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлғаны

тәрбиелеу  болуы  тиіс  профилактикалық  әрекет  етудің келесі  бағыттарын

анықтау қажет:

− денсаулыққа құндылық ретінде жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру

бойынша әлеуметтік тәжірибені белсендіру;

− оқушылардың  әлеуметтік-психологиялық дамуына  және  денсаулығына

компьютер  клубтарының, ойын  автоматтарының, интернет  ресурстарының

әсерін оңтайландыру;

тұлғалық дамудың заманауи  технологияларын  (интерактивті әдістер,



рөлдік ойындар, пікірталастар, тұлғалық жобалар және т.б.) қолдану арқылы өз

өмірі, қауіпсіздігі  мен  денсаулығы үшін  жауапты  шешім қабылдауға қабілетті

тұлғаны жетілдіру;

− мектепте оқыған уақыттың барлық кезеңінде балалардың түсінігі мен ой-

өрісін  салауатты өмір  салты  саласындағы  заманауи ғылыми  білімдермен

кеңейту және байыту, сол сияқты пәндік оқыту ортасын жасау;

− оқушылардың жас  ерекшеліктеріне үнемі  бағдарлану,  денсаулық сақтау

және  нығайтудың алғышарты  ретінде  салауатты өмір  салтына  мотивацияны

дамыту.

Сонымен,  мектеп  балаға өз  денсаулығы  туралы  ойлау қажеттігін үйрете



алады  және үйретуі  тиіс.  Оны  салауатты өмір  салтын ұстануына  не

ынталандыруы мүмкін? «Бұл маған қажет» - міне, тек осындай мотивация ғана

іс-әрекетке қозғау  салады  және  тұлға үшін  мәні  мен  мақсаты  болады.

Оқушылардың

бойында  салауатты

өмір  салты  мәдениетіне  тәрбиелеу,

денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде  түсіну,  дене  тұрғысынан

жетілуіне қол жеткізу қажет.



50

3 Оқу  пәндерінің мазмұнындағы  тәрбиелік  компонентті  күшейтудің

педагогикалық және психологиялық мүмкіндіктері

3.1

Оқыту 

процесінің

тәрбиелік 

компонентін 

күшейтудің

психологиялық-педагогикалық аспектілері

Қазіргі  кезде  басымдықтар  мен

әлеуметтік

құндылықтар  алмасып

отыратындықтан  оқу  процесі үнемі  жетілдіруді  талап  етіп  отыр: ғылыми-

техникалық прогресс  көбінесе  адамның  үнемі өсіп  отырған қажеттіліктерін

қанағаттандыруына қол  жеткізетін,  тұлғаның рухани  байлығы  дамуына  жауап

беретін өндіріс деңгейінің құралы ретінде сезіледі.

Сол  себепті,  балаларды  оқытудағы қазіргі  жағдай  мектепте  оқытудың

стратегиясы  мен  тактикасын  түбегейлі өзгертуді  талап  етіп  отыр.  Кез-келген

білім беру ұйымы түлегінің тәрбиелілігі, құзыреттілігі мен жинақылығы – оның

басты сипаттамалары болып табылады. Осыған орай, оқу пәндерін оқуда таным

процесіне  айрықша  көңіл  аударылады,  оның тиімділігі  оқушының танымдық

белсенділігіне  байланысты.  Бұл  мақсатқа қол  жеткізудің нәтижелігі  игерілетін

(оқу  мазмұнына) ғана  емес,  сонымен қатар, қалай:  дербес  немесе ұжымда,

өктем  немесе  адамгершілік  жағдайларда,  зейін,  еске  түсіру,  зерде  немесе

адамның тұтас  тұлғалық  әлеуетіне  сүйенуіне қарай  игерілуіне  де  байланысты.

Мысалы, проблемалық және дамыта оқыту мақсаттарын іске асыруда белсенді

әдістер негіз болады.

Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  білім  беру  саласындағы

оқытудың белсенді әдістері  проблемасына  арналған  зерттеулер  жеткілікті.

Оқытудың белсенді әдістерінің жүйелі  негіздері  1960-жылдардың екінші

жартысында  және  1970-жылдардың басында  психологтар  мен  педагогтардың

проблемалық оқытуға  арналған  еңбектерінде  кеңінен әзірлене  бастаса  да,

1930-шы  жылдары  дамыта  оқытудың тұтастық тұжырымдамасын әзірлеудің

психологиялық

негіздері 

Л.С. 


Выготскийдің,

Д.Б. 


Элькониннің,

А.Н. Леонтьевтің, В.В. Давыдовтың және т.б. еңбектерінде қаланды.

Оқытудың белсенді әдістерінің  қалыптасуы  мен  дамуында  М.М.Бирштейн,

Т.П.Тимофеевский, 

И.М.Сыроежин, 

В.И.Рабальский, 

Р.Ф.Жуков,

А.М.Смолкин,  А.А.Вербицкий,  В.М.Ефимов,  В.Ф.Комаровтың

және  т.б.

еңбектері үлкен  рөл  атқарды.  Біздің елімізде  бұл  проблемамен  Н.Д.Хмель,

Л.К.Керимов,  С.С.Смаилов,  М.А.Құдайқұлов,  Ж.А.Қараев,  К.К.Жанпеисова,

В.В.Трифонов, Т.А.Қаражігітова, Г.К.Нұрғалиева және т.б. айналысты.

Жүйелі түрде дамыта оқытудың басты екі бағытын В.В. Давыдов және Л.В.

Занков әзірледі. Л.В.  Занковтың жүйесінде  оқытуды  күрделіліктің жоғары

деңгейінде  жүргізу,  оқу  материалын  жылдам қарқында өту,  теориялық білімді

арттыру  принциптері қаланған.  Оқытудың бұл  жүйесі  білім  алушылардың

ойлауы  мен  сезімдік  аясын дамытуы,  оқыған  материалдың негізгі  мазмұнынан

ортақ ұғымды түсініп және бөліп көрсетуге үйретуі тиіс, алайда бұл жүйе білім

беруде оқу көлемінің ұлғаюына әкеп соқтырды және оның теориялық деңгейін

күрделендірді.  Нәтижесінде,  оқыту  шамадан  тыс  артып,  білім  алушылардың



51

үлгерім  сапасына  теріс әсер  етті.  Оқыту  процесінде  теориялық білімдерді

меңгеруге  ерекше  көңіл  аудару  практикалық біліктер  мен  дағдыларды

қалыптастыруға кері әсер етті. Осыған байланысты Л.В. Занков ұсынған оқыту

принциптерінің барлығы бірдей педагогикалық ғылымда бекімеді.

В.В.  Давыдовтың дамыта  оқыту  жүйесі  білім  алушылардың танымына,

танымдық  қызметіне  бағытталды. Егер  дәстүрлі  жүйеде  оқыту  жекеден

нақтыға, 

дарадан 

жалпыға, 

абстрактылыға, 

тұтасқа 


бағытталса,

В.В.Давыдовтың

оқыту 

жүйесінде 



керісінше, 

жалпыдан 

жекеге,

абстрактылыдан  нақтыға  бағытталады  және  білім өтілу  жағдайын  талдау



арқылы меңгеріледі.

Білім  алушылар  оқу  материалынан  осы  білімнің

мазмұны  мен

құрылымының нысанын анықтайтын негізгі, маңызды, ортақ қатынасты табуға

үйренеді,  бұл қатынасты  олар  оқу  материалының  қасиеттерін  таза  күйінде

зерттеуге  мүмкіндік  беретін  ерекше  пәндік,  графикалық немесе әріптік

үлгілерде  жаңғыртады;  білім  алушылар  іс-әрекетті  ақыл-ой  тұрғысынан

орындаудан  ішкі  тұрғыда  және  керісінше  орындауға  ауысуды үйренеді.

Берілген  жүйе  оқыту  практикасында  жан-жақты қолданылуда  және  енгізілуде

[19].


Оқыту  практикасында  бұл  түрлердің  қолданылуы  белсенді  деп  аталатын

әдістерді туындатты, яғни олардың негізінде оқытушы мен білім алушылардың

диалогтық өзара іс-әрекеті бар.

Оқытудың белсенді әдістері,  дұрыс қолданған  жағдайда,  бір  мезгілде үш

оқу-ұйымдастыру міндеттерін шешуге мүмкіндік беретініне назар аудару керек:

оқыту процесін мұғалімнің басқару әрекетіне бағындыру;

оқу қызметіне даярланған оқушылармен қатар, даярлығы жоқ балалардың

белсенді қатысуын қамтамасыз ету;

оқу материалын меңгеру процесіне үздіксіз бақылау орнату.

Бұл 


орайда 

тәрбиелік

қарым-қатынасты

қалыптастырудың

негізгі

психологиялық- педагогикалық принциптеріне сүйену қажет.



Мысалы,

табиғисәйкестілік

принципін 

алайық.

Бұл


өте 

көне


педагогикалық принциптердің бірі.  Табиғисәйкестілік  принципін  іске  асыру

ережелері:

– педагогикалық процесті  оқушылардың жас  және  дербес  ерекшеліктеріне

сәйкес құру;

– оқушылардың мүмкіншіліктерін  анықтайтын  таяу  арадағы  даму  аймағын

білу, тәрбиелік қарым-қатынасты ұйымдастыруда соларға сүйену;

педагогикалық процесті  оқушылардың  өзін-өзі  тәрбиелеуін, өздігінен



білім алуын, өздігінен оқуын дамытуға бағыттау.

Келесі қарастыратын  принцип – адамгершілік принципі.  Ол өсіп  келе

жатқан адамды әлеуметтік қорғау принципі, оқушылардың педагогтармен және

өзді-өзімен  адамдық  қарым-қатынас  принципі    ретінде қарастырылуы  мүмкін,

бұл орайда педагогикалық процесс тәрбиеленушілердің азаматтық құқықтарын

мойындау мен құрметтеу  негізінде құрылады.



52

Тұтастық, тәртіптілік принципіне  назар  аударайық. Ол  педагогикалық

процестің барлық компоненттерінің бірлігі  мен өзара  байланысына қол

жеткізуді білдіреді.

Тәрбиелеу  және  оқыту  процесінде  нақты  оқу  орны  орналасқан  ортаның

мәдениетін  (ұлттың,

елдің


мәдениеті)  барынша  пайдалануды  көздейтін

мәденисәйкестілік принципі – оқу  пәндерінің тәрбие  компонентін  күшейтудің

маңызды принципі болып табылады.

Ал,  оқу  орны  және  оқушы өмір  салтының тұтастығы  мен іс-әрекеттердің

қайшылықсыздық принципі  кешенді  педагогикалық процесті ұйымдастыруға,

оқушылардың барлық тіршілік әрекеті  салалары  арасындағы  байланысты

орнатуға,  тіршілік әрекетінің барлық салаларының  өзара өтемі  мен  бірін  бірі

толықтыруына  бағытталған.

Принциптердің барлық топтары өзара тығыз байланысты, солай дей тұра, әр

принциптің өзін барынша толық жүзеге асыру аймағы болады.

Оқу  процесі  көп  жағдайда  дидактикалық

жүйелер  деп  аталатын

психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаларға  сүйенеді.  Дидактикалық

жүйе  бірыңғай  тұтас құрылым  жасайтын  және  оқыту  мақсаттарына қол

жеткізуде

қызмет  ететін  элементтер  жиынтығын

құрайды.  Басты

үш

дидактикалық тұжырымды:  дидактиканың дәстүрлі,  педоцентристік  және



заманауи жүйесін бөліп көрсетуге болады.

Жаңа  тұрғылардың арасынан  педоцентристік  тұжырымдаманы  ажыратып

көрсету  керек,  мұнда    басты  рөл – баланың іс-әрекетіне  бағытталған.  Бұл

тұрғыда американдық педагог Д. Дьюидің, Г.Кершенштейннің, В.Лайдың еңбек

мектебінің негізі қаланған. Тұжырымдаманың «педоцентристік» аталу себебі –

Д.  Дьюи  оқу  процесін  баланың  қажеттілігі, қызығушылығы  мен қабілетіне

байланысты құруды ұсынды,  ол  «еңбек  және өмір  мектебінде»  оқытуда

балалардың ақыл-ой қабілетін  және  түрлі  біліктерін  дамытуға ұмтылды,  бұл

кезде  оқу дербес, табиғи және кездейсоқтық сипатта болады, ал оқушылардың

білім  алуы  олардың  өз  бетінше  жүретін қызметі  барысында,  яғни  «жасау

арқылы оқытуда» жүзеге асады.

Оқу  пәндері  мазмұнындағы  тәрбие  компоненттерін  күшейту  арқылы

оқушылардың 

ғылыми 


дүниетанымын

қалыптастырудың

маңызы 

зор


(Ә  қосымшасы).  Мысалы,  химия  сабақтарында  оқушылар  химиялық

экспериментті үнемі  білім  ақиқаттығының  өлшемі  ретінде қарастырған

жағдайда олардың сенімі қалыптасады. Сенім – ғылыми дүниетанымның негізі

болып табылады. Сенімін қалыптастыруда оқушыларға таным процесінің мәнін

ашуға  мүмкіндік  беретін  таным әдістерін  оқытудың маңызы үлкен.  Мысалы,

оқушыларда  атомның  құрылысы,  химиялық

байланыс  туралы  біршама

заманауи  түсініктерді  бірден қалыптастыруға  болады,  периодтық заңнан  кейін

ғана  элементтер  химиясын  оқытады.  Алайда,  бұл  оқушылардың сенімін

қалыптастырудың онша қолайлы  жолы  емес.  Білім  даяр  түрде  беріледі.

Танымның мәні оқушыларға ашып көрсетілмейді.


53

Түсініксіз  деректердің жиналу  ретіне қарай  және  егер  осы  жобалау

жолымен  жүргенде  басқа  теориялық модель  түзіліп,  оқушылар  сенімін

қалыптастырудың мүлдем басқа мүмкіндіктері туындайды.

Химия, өзге  пәндерден  оқушыларда  экологиялық мәдениет  негіздерін

қалыптасуына  жауап  беруімен  ерекшеленеді.  Экологиялық

мәдениетті

қалыптастыру  табиғаттағы  заттардың айналымы  мен  адамның шаруашылық

әрекетінің осы  табиғи  айналымға әсері  туралы  білімін қалыптастырудан

басталады.  Оқушыларда  химия өнеркәсібінің мәні  мен  негізгі  принциптері

туралы білімін қалыптастырудың маңызы зор.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін  оқушыларда  табиғат қорғау

қызметінде  экологиялық мақсатты  мінез-құлық және  белсенділікті  тәрбиелеу

маңызды. Химия сабақтарында оқушылармен тұрмыста және күнделікті өмірде

экологиялық мақсатты  мінез-құлықты  талқылау үшін  зор  мүмкіндіктер

беріледі.

Химия  пәні  мұғалімдерінде

қоршаған  ортаның

ластануына

әкеліп


соқтыратын  процестерді  экспериментті  түрде  зерттейтін,  сол  сияқты  ластау

ошақтарын  анықтайтын  экологиялық экспедициялардың  үлкен  тәжірибесі  бар.

Оқушылардың ашық баспасөз  беттеріндегі  жарияланымдарының олардың

әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор.

Салауатты

өмір 


салты

құндылықтарын 

химия 

сабақтарында



қалыптастырудың мүмкіндіктері үлкен.  Көптеген  химия  пәні  мұғалімдерінің

тәжірибесі  маскүнемдік,  нашақорлық пен  уытқұмарлықтың  (токсикомания)

химиялық аспектілерін қарастырудан тұрады.

Берілген 

педагогикалық

іс-әрекеттің

бейнелі-эмоциялық 

құрамдас


бөліктермен үйлесімінде  тиімділігі  жоғары.  Осындай  жұмысты  химия  пәнінің

әрбір мұғалімі іске асыруы маңызды [20].

Көптеген 

психологиялық-педагогикалық

зерттеулердің

зерделеуі

көрсеткендей,  жаңа  білімді  меңгеру  деңгейіне  ықпал  ететін,  дәлірек  айтсақ:

барлық оқушыларда  бірдей  бастапқы  минимумды қамтамасыз  ету,  сабаққа

жақсы  ынтамен қарау,  жаңа  материалды  енгізу әдістемесін  мұқият  дайындау

сияқты  факторларды  теңестірген  күнде  де  жаңа  материал әртүрлі  меңгеріледі.

Бір  оқушылар  жаңа  материалды  толық меңгереді  және  алған  білімдерін

өздігімен дамытуды талап ететін ұқсас жаңа оқу жағдайларында қолдана алады

(меңгерудің жоғары деңгейі).

Басқалары  жаңа  түсініктің маңызды  жақтарын  немесе  заңдылықтарды

меңгереді  және  оларды  жаңа  материалды  түсіндіру  процесінде  талқыланған,

(меңгерудің орта деңгейі), тақырыпқа ұқсас міндеттерді шешуде қолдана алады

(меңгерудің орта  деңгейі).  Тіпті,  көп  жағдайда  жаңа  түсініктің немесе

заңдылықтардың жекелеген  маңызсыз  жақтарын ғана  меңгеріп  және  оларды

қарапайым  тапсырмаларды  шешуде

қолдана  алмайтындар  да  кездеседі

(меңгерудің төменгі  деңгейі).  Бұл  орайда  меңгерудің жоғары  деңгейіне  дейін

жеткізу көзделген оқушылар үшін мұғалім тарапынан жаттығулардың көптеген

түрі және әртүрлі көмек шаралары қажет етіледі.


54

Сондықтан, 

оқу 

процесін


ұйымдастыруда 

оқушылар 

арасындағы

айырмашылықтар  ескерілген  және  барлық оқушылардың оқумен қатар  тәрбие

қызметтерін  тиімді  меңгеруі үшін  жағдай  жасауға  мүмкіндік  беретін,  яғни,

оқушылардың дербес  ерекшеліктері  барынша  ескерілген  оқытудың  қайта

құрылған мазмұны, әдістері мен түрлері қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет