Педагогикалық жақтары Психологиялық жақтары
1. Сана – сезімін жетілдіруге
1. Оқушы тұлғасының дамуы
2. Адамзаттық өркениетті сіңіру.
2. Қарапайым дағдылар, ептіліктердің
3. Өзін -өзі тәрбиелеуге қатыстыру
қалыптасуы
4. Оқыту әдістерінің жүйесі
3. Оқу- танымдық мотивтері
5. Тәрбие әдістері: сендіру,
4. Моральдық қасиеттері.
жаттықтыру, ынталандыру,
5. Тұлғалық әлеуеті.
жағымды үлгі өнеге көрсету
6. Танымдық өнегелік
мадақтау
7. Табиғи күш пен қабілеттерінің
6. Адамгершілік сезімін дамыту.
дамуы.
2-сурет − Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық-
психологиялық негізі
62
Көпмәдениеттi тұлға деп өз мәдениетi арқылы өзге мәдениеттерге бағыт
ұстаған адам ұғынылады. Төл мәдениеттi терең бiлуде ол өзге мәдениеттерге
қызығушылықтың iргетасын қаласа, көп мәдениетпен танысу − рухани баю мен
дамудың негiзi болады.
Елімізде көпмәдениеттілік туралы ойлар ұлы ғалымдар мен ағартушылар
әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, М.Х. Дулати, Ш. Уәлиханов, Ы.
Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік мұрасынан
бастау алады.
Көпмәдениеттілік білім беру идеясын алғаш көтергендер қатарында ғалым-
философтар М.М. Бахтин, Н.А. Бердяев, Н.О. Лосский болды. Қазақстанда бұл
мәселе тәуелсіздік алған кезден бері кеңінен зерттеле бастады, ғалымдар
М.А. Абсатова, М.Х. Балтабаев, Р. Башарұлы, Қ.Б. Бөлеев, Б.А. Жетпісбаева,
К.Ж. Қожахметова, Ш.М. Мұхтарова, С.У. Наушабаева, В.В. Сергеева, С.А.
Ұзақбаеваның және т.б. еңбектері жарық көрді. Көпмәдениетті білім берудің
теориясы мен практикасына шетелдік ғалымдар В.С. Библер, Дж. Бэнкс,
Р. Гарсия, К. Грант, Д. Голлник, А.Н. Джуринский, Г.Д. Дмитриев, В.А. Ершов,
Л.В. Колобова, М. Коул, Д. Ли, В.В. Макаев, З.А. Малькова, Л.Л. Супрунова,
Е.Ф. Тарасов, В. Фтенакис, Ф. Чинн, А.В. Шафрикова үлкен үлес қосты.
Бүгінгі таңда әлемде кең өріс алып отырған көпмәдениетті білім берудің
басты мақсатын айқындауды
ғалымдар бірнеше тұрғыда
қарастырады.
Америкалық ғалымдар, мысалы, ең бастысы − америкалық қоғамның әрбір
мүшесі өздерінің нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік, гендерлік, мәдени және діни
айырмашылықтарына
қарамастан, білім берудің барлық деңгейінде сапалы
білім алуы деп санайды. Ресейлік зерттеушілер мұндай білімнің негізгі мақсаты
өскелең ұрпақты мәдени өзгешеліктерге
құрметпен қарауға тәрбиелеу және
көпмәдениетті ортада өмір сүруге даярлау деп есептейді.
Отандық ғалым-педагогтар көпмәдениетті білім берудің басты мақсаты:
ұлттық құндылықтарға (ана тілі, төл мәдениеті, тарихи жады, салт-дәстүрлері
және т.б.) ұқыпты қарауға тәрбиелеу; тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін
жағдайлармен қамтамасыз ететін мәдени ерекшеліктерге деген оң қарым-
қатынасқа тәрбиелеу; әлем мәдениетінің негіздеріне бейімдеу және басқа халық
өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу; оқушылардың ұлтаралық қарым-
қатынас мәдениетін қалыптастыру деп есептейді. Тағы бір ерекшелік:
Қазақстанда көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту міндеттерін
көпмәдениетті білім беру жүйесімен қатар, этностық-мәдени бiлiм беру саласы
да атқарады.
Көпмәдениеттi тұлғаны
қалыптастыруға
бiлiм беру жүйесi
арқылы
барынша тиiмдi қол жеткiзуге болады. Бұл міндетті орындауда көпмәдениеттi
білім және этностық-мәдени бiлiм жүйелері үлкен рөл атқарады.
Көпмәдениеттi білім беру
−
жалпы білім берудің
этносаралық
интеграцияға
бағытталған,
мәдени-білім
құндылықтарын
игеруді
қарастыратын, этностық және ұлттық ерекшеліктерді тәрбие жұмысының ең
маңызды факторы деп есептейтін маңызды құрылымы.
Көпмәдениетті білім беру міндеттері:
63
− оқушылардың өзге мәдениеттерге кірігудің міндетті түрдегі шарты
ретінде өз халқының мәдениетін терең де жан-жақты меңгеруі;
− оқушыларда адамзат прогресіне ықпал ететін және тұлғаның өзіндік іске
асыру шарттарына жауапты
әлемдегі және
Қазақстандағы мәдениеттің
көптүрлілігі туралы түсінік қалыптастыру, мәдени айырмашылыққа оң қатынас
тәрбиелеу;
− оқушыларды басқа халықтардың мәдениетіне кіріктіру үшін жағдайлар
жасау;
− өзге мәдениет өкілдерімен өзара тиімді іс-әрекет етудің біліктері мен
дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
− оқушыларды бейбітшілік, төзімділік, гумандық ұлтаралық қатынас
рухында тәрбиелеу;
− этнотолеранттылықты дамыту;
− оқушыларда ұлттық өзіндік сана, өз халқының тарихына қызығушылық
сезімін қалыптастыру;
− оқушы тұлғасының қазақстандық мәдениетке қатысты саналы, жағымды
құндылықты бағдарларын қалыптастыру;
− тұлғаның өзге мәдениет элементтерімен өзара іс-әрекет үшін негіз
болатын этнопедагогикалық ортаны пайдалану;
−
оқушылардың
тұлғалық,
мәдени
өзіндік анықталу
қабілеттерін
қалыптастыру.
Этностық-мәдени бiлiм − төл мəдениет пен ана тілін əлемдік жəне жалпы
мемлекеттік құндылықтармен қоса игеру арқылы жеке тұлғаның, ұлт пен
мемлекеттің этностық-мəдени сəйкестілігін сақтап, дамытуға бағытталған білім
[26].
Бұл білім беру жүйесінің негiзгi мiндеттерi ретiнде мыналар ұсынылады:
− көпмәдениеттi тұлғаны тәрбиелеу: тұлғаның өзiнiң төл мәдениетiне сай
болуына және өзге мәдениеттердi игеруіне жағдайлар жасау. Мәдениеттер
алмасуына, олардың бiрiн-бiрi байытуына бағдар ұстау;
− көп тiлдi жеке адамды қалыптастыру: ана тiлiнде, мемлекеттiк және орыс
тiлдерiнде еркiн ұғынысуға қабілеттi, шетел тілін белгілі бір дәрежеде
меңгерген азаматтарды даярлау.
Аталмыш екі білім беру жүйелерінің мақсат-міндетінің негізінен ортақ
екендігіне
байланысты
ғылыми-педагогикалық
әдебиетте
«этно-
көпмәдениетті білім» ұғымы да қолданылады.
Бiлiм беру
ұлттық сананы қалыптастырудың, мәдени-тiлдiк мүдделердi
жүзеге асырудың құралы ретiнде мынадай басты төрт функцияны атқаруға тиiс:
−
таратушылық (этностық-ұлттық қоғамдастықтың
тұтастығы мен
жаңғыруын қамтамасыз ету);
− дамытушылық (ұлттық сананы қалыптастыру және дамыту);
−
саралаушылық
(адамның,
этностық
топтардың
ұлттық-мәдени
қажеттiлiктерiн айқындау);
64
− ынтымақтастырушылық (мәдениеттердiң өзара бiрлiгiн, өзара кiрiгуiн,
өзара байытуын, жеке тұлғаның әлемдiк және ұлттық мәдениет жүйесiне
бойлауын қамтамасыз ету).
Бiлiмдi адам ғана тарихи және мәдени дәстүрлердi ұстана алады. Ол өзiнiң
белгiлi бiр қауымдастық пен халыққа қатыстылығын сезiнедi, оның бойында
мәдени қажеттiлiктер: адамгершiлiкке, ойлы iс-әрекетке, сұлулыққа, жоғары-
рухани бастауларға құлшыныс қалыптасады.
Бiлiм берудiң тағы бiр талабы – өзге мәдениеттi түсiну және қабылдай бiлу.
Мәдениеттердiң өзара байланысы, бiр-бiрiне ықпалдастығы жағдайында ғана
әрбiр жекелеген мәдениеттiң принциптерi мен ерекшелiктерi айқын танылады.
Көпмәдениеттілік және этностық-мәдени бiлiм идеясын қабылдау – мәдени
және лингвистикалық плюрализм идеясына негiзделген, бiлiмдi техникалық
және ақпараттық жағынан байытудың әлемдiк деңгейiн дәстүрлi мәдени
құндылықтармен үйлестiретiн оқыту мен тәрбиелеудiң ұлттық жүйесiн құруды
бiлдiредi.
Білім беру – ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың, мəдени-
этностық, тілдік мүдделерді қанағаттандырудың бірден-бір құралы. Мектеп –
қай халықтың болмасын ұлт ретінде жойылып кетуден қорғаны, төл мəдениеті,
тілі мен салт-дəстүрін сақтап, одан əрі дамытудың алтын көпірі.
Қазақ мектебі халқымызды басқаларға сіңісіп кетуден сақтау, тіліміз бен
ділімізді қорғап, дамытумен қатар жалпыадамзаттық құндылықтардың төл
мəдениетімізден көрініс табуына, ұлттық асылдарымыздың əлемдік өркениетті
байытып, оған ерекше қазақы рең қосуына қызмет етуі керек.
Ендеше Қазақстан үшін білім мазмұнын жаһандану мен ақпараттық
өркениеттің талаптарына лайықтап, жаңа педагогикалық технология мен
инновациялық қызметтің əлемдік деңгейін қамтамасыз ете отырып, оны қазақ
халқының ұлттық рухани құндылықтарымен үйлестіре оқытып, тəрбиелейтін
этностық-мəдени білім жүйесін дамыту бүгінгі күннің келелі мəселесі екендігі
түсінікті.
Білім беру жүйесінен тікелей оқу орындарына көшетін болсақ, қазақ
мектебі де аса маңызды төрт қызметті атқаруы керек:
Дидактикалық қызмет. Халқымыздың мың жылдан асатын философиясын,
тарихын, мəдениеті мен əдебиетін жас ұрпақ ең алдымен оқу процесінде игеруі
керек, бұл мəселелерді үйірмелік не сыныптан тыс жұмысқа жүктеп қоюға
болмайды. Бізге, ең алдымен, сапалы білім керек.
Тəрбиелік қызмет. Арнайы жүргізілмегеннің өзінде де жақсы тəрбие
ұлттық тəлім береді. Дегенмен, ұлттық сана-сезім, қазақы мінез-құлық, діл мен
рухты оқушылар бойына сіңіру, жүрегіне ұялату арнайы ұйымдастырылған,
кешенді əрі жүйелі түрде жүретін тəрбие жұмысын қажет етеді.
Бұл жердегі алтын арқау – мəдениеттің дəстүрлі құндылықтары. Көп
жұрттан оқ бойы алда тұрған жапондықтардың өзі мектептеріне рухани биіктік
пен мəдени тереңдік керек деп есептейді.
Əлеуметтік-мəдени қызмет. Қазақстанда қазақ мəдениетінің дамуына баса
көңіл бөлінуі тиіс.
65
Біздің қазақ мəдениеті – халқымыздың мыңдаған жылдар бойғы асыл
қазынасы, тыныс-тіршілігінің жəне өмір нəрінің қайнары. Əрине, оқыту мен
тəрбиелеу сапасы ұлттық мəдениеттің даму дəрежесіне тəуелді, бірақ мектеп
дидактикалық жəне тəрбиелік қызметтерін күшейте отырып, елдің əлеуметтік-
мəдени өміріне де оң ықпал ете алады. Ол үшін ұзақ жылдар бойы
идеологиялық
құралға
айналдырылған
оқу-тəрбие
орыны
мəдениет
институтына айналуы қажет.
Ағартушылық қызмет. Ұлтымыз бен жеке тұлғаның этностық-мəдени
сұраныстарына педагогтік қолдау көрсету керек. Мектеп – əрбір ауыл, елді
мекен мен қала ықшам аудандарының мəдениет ошағы. Ата-аналар да, басқа
тұрғындар да өздерінің тілдік-мəдени мүдделеріне негізінен
мектептің ағартушылық қызметі арқылы қол жеткізеді. Бұл жұмыстың
Қазақстан халқы бірлігін, еліміздің гүлденуін қамтамасыз етуде де маңызы зор.
Ұлттық мəдениетті сақтаудың кепілі ретінде қазақ мектебінің алдында
тұрған аса зор жауапты міндет төл мəдениетіне уызынан қанған, өзге
мəдениеттерді танып, əлемдік құндылықтарды игеру арқылы рухани баю мен
дамуға бағыт ұстаған көпмәдениетті тұлғаны тəрбиелеу болып табылады.
Көпмәдениеттi тұлға, ең алдымен, тұтас дүниетанымға ие болуы қажет.
Бұл мұндай тұлғаның
дүниедегi,
әлеуметтiк орта мен мәдениеттегi
байланыстары мен қатынастарының күрделi, өзара байланысты және өзара
астарлас сипатын көрсетуге мүмкiндiк беретiн бiлiмi мен бiлiгiнiң жүйеге
қалыптасқанын бiлдiредi. Тұтастық – жоғары дамыған және тиiмдi оңтайланған
дүниетанымның өлшемi.
Көпмәдениетті тұлға төл мәдениетін игеру шарт. Ол ұлттық тәрбие арқылы
беріледі. Әр адамның жалпы адамзаттық құндылықтарға, әлемдік мәдениетке
құштарланғанда табан тірер тұғыры − төл мәдениеті, өзгелердің өркениетіне
тәнті болғанда − мақтаныш ететіні де ұлттық рухани қазына.
Ұлт мəдениетсіз өмір сүре алмайды. Мəдениет те ұлтсыз болмайды.
Жойылып кеткісі келмеген қай ұлт болмасын ең алдымен мəдениетін сақтап,
дамытып, туындатып отыруы керек. Төл мəдениетін қорғамайтын ұлт – ертеңін
ойламайтын ұлт.
Мəдениеттің де басты қызметі – этносты қорғау, сақтап қалу. Себебі
мəдениет − этностың қуат өрісі, панасы, бар болмысы, тыныс-тіршілігі.
Айналып келгенде, этносты қанша көп болса да адамдар емес, мəдениет қана
сақтай алады. Мəдениет арқылы халық өзінің тарихи тағдырынан тамырын
үзбейді. Ұлттық мəдениет − этностық құндылықтар, рəміздер мен наным-
сенімдердің, мінез-құлық үлгілерінің құр əшейін жиынтығы емес, сол ұлттың
рухани өмірінің басқаларға ұқсамайтын кескін-келбеті.
Көпмәдениетті тұлға болу үшін тілдік сана қажет. Тіл – дүниеде адамзатқа
ғана тəн баға жетпес қасиет. Онсыз адам хайуанмен тең. Ана тілі – əр адамның
өз ұлтының жан-дүниесі мен мəдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани
азығынан нəр алатын кіндік тамыры. Онсыз адам – мəңгүрт.
66
Ұлттық тіл – əр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс-
тіршілігі мен сезім-түсінігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Онсыз
халық – аты бар да, заты жоқ тобыр.
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың
барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн
жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса
маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан
Республикасының әрбiр азаматының парызы [27].
Ана тілін, мемлекеттік және шетел тілдерін білу ғана дүниенің бар
құбылысын, бояуын, әуенін санаға құюға мүмкіндік береді.
Тілдік сана негізінен әдебиет арқылы қалыптасады. Әуелі қазақ әдебиетін,
сонымен қатар әлемдік әдебиетті білудің маңызы ерекше болмақ. Әлемдік
әдебиет қазақ тіліне толық аударылып болмағаны белгілі. Ол қазынамен таныс
болу үшін алдымен орыс тіліне жүгінетініміз сондықтан. Соңғы жылдары
классикалық әдебиетті, дәуір қаламгерлерінің шоқтығы биік шығармаларын
қазақ тілінде меңгеруімізге қажетті жағдайлар жасалып келеді. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы
бойынша әлем әдебиетіндегі
көркем
шығармалардың
жүзге жуық
озық үлгілері
қазақ тілінде жарыққа шықты.
Егер
әлем
әдебиетімен
таныс болу
парасатты, мәдениетті, тәлімді адамды
тәрбиелеуге ықпал етсе, қазақ әдебиетін білу мұның сыртында ұлтжандылық
пен ұлттық мақтаныш сезімін асқақтататынын ұмытпауымыз керек.
Анасының әлдиімен айтылған бесік жыры – жас сәбидің құлағына
шалынатын алғашқы әдеби нұсқа. Әжесі айтатын ертегі арқылы балдырған
ауыз әдебиетінің үлгілерін санасына сіңіреді. Сол бесік жыры, сол ғажайып
ертегі ұл-қызымызға қай тілде жетті, өз ұлтының қазынасы ма, мәселе осы
арада. Ана тілінде бесік жырын естімей өскен адам этносының әдебиетіне де
жете мән бермейді.
Бесік жыры – ұлт әдебиетіне баспалдақ болса, ұлт әдебиеті –әлемдік
әдебиетке бастар жол. Қазақтың кейінгі ұрпақтары бесік жырын ана тілінде
естімей өскендіктен кезінде мәңгүрттікке ұрынды. Асанқайғыдан бастап,
Сұлтанмахмұтпен аяқталатын
бес
ғасырлық
жыр дастан дүлдүлдерінің
туындыларын окымай өскен ұрпақтың бойында ұлттық сезім кемшін түсіп
жатты. Абайды әлемге енді танытып жатырмыз, ал өзіміз танып болдық па?
Ендеше, тілдік сана көпмәдениеттіліктің бір белгісі екен.
Көпмәдениет иесі – тарихи сана белгілерін мол меңгерген адам. Айналып
келгенде, тарихи сана – этностық және жалпы мемлекеттік сананың негізі.
Ұлттық ой-сана, этностың мыңдаған жылдық аңыз-әфсанасы, бейне-белгілері,
наным-сенімдері халықтың тарихын білу арқылы ғана ерекшеленеді. Туған
жердің,
онда
өмір сүріп отырған халықтардың,
бір кездегі жасаған
мемлекеттердің шежіресін білу тарихи сабақтастықты, тамыр тереңдігін, талай
жылдардан бері іргелес қоныстанған халықтар тағдырының ортақтастығын
білдіреді.
67
Тарихты тану дәрежеміз, бұған дейін қалай болғаны белгілі. Әлемдік тарих
бізге мәдениеттердің өзара ықпалының, этносаралық байланыстардың тарихы,
сәулет пен қолөнердің тарихы ретінде емес, қанды шайқастардың, мемлекеттер
қақтығысының, таптар күресінің тарихы күйінде оқытылып келгені өкінішті.
Бір ғана мысал, жүйелеп оқысақ, «Ұлы Жібек жолы» тарихының өзі бізге талай
өркениеттерден мағлұмат берер еді.
Осындай өркениеттердің ізі болып табылатын төл тарихымызды оқығанда
ең алдымен мәдениет тарихына ерекше маңыз берілуі тиіс. Бұл пән әзірге орта
мектеп бағдарламасынан орын ала алмай келеді. Жоғары оқу орындарына
соңғы жылдары енгізіле бастаған ол көп мәдениетті тұлға қалыптастыру
міндеттерін шешуге септігін тигізбек. Пән мәдениеттер тарихын, әлемдік және
ұлттық философия, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тарихын оқытудан бағытын
жазбаса, рухани дамыған, сан қырлы мәдениетті меңгерген, әрі бағалай білетін
адам-дарды тәрбиелеуге едәуір ықпал етпек.
Тарихи сананы қалыптастыру тарихи танымның дұрыс қалыптасуына
тәуелді. Ал тарихты тану қазіргі деректерді білу ғана емес сол тарихи оқиғалар
мен деректерді талдау арқылы ақиқатқа жету. Осы тұрғыдан келгенде
Қазақстан тарихы әлі де болса толық танылмай жатыр десек, артық айтқандық
болмаса керек. Бұған тарихты идеологияның құралына айналдырған кешегі
кеңестік жүйенің негізгі себеп болғаны белгілі.
Жалпыадамзаттың асыл қазынаның ішінде ерекше мəн беріп, құрметпен
аталуға тиісті – діни құндылықтар. Дін – халық рухының ажырамас бөлігі,
этнос құраушы күретамыры, ұлттық мəдениеттің мəйекті бұтағы. Ол, сайып
келгенде, ұлтжандылықты, ұлтішілік жəне елішілік бірлік пен ынтымақты
уағыздайтын тəлім-тəрбие көзі. Дінге тек соқыр сенім немесе құлшылық ету
түрінде қарау – үлкен қателік, себебі дін, ең алдымен, рухани құбылыс,
адамгершілік-имандылық жəне эстетикалық тəрбиенің алып діңгегі.
Діни құндылықтардан ажырап, не айырылып қалған халықтың білімі шала,
тəрбие ісі кемшін болады. Діни мəдениет інжу-маржандарын мансұқ еткен, не
олардан хабары болмаған адамның тұлға ретінде, ұлтжанды, өнегелі адам
ретінде толыққанды өсіп, дамуы қиын. Дін, діни сенім мəселесінде талай жыл
теперіш көріп, рухани жұтаңдыққа əбден бой алдырған қазақ халқы үшін мұны
ескермей болмайды. Тəуелсіздікпен бірге дініміз де оралды, мұсылмандық
парызын өтеуге ұмтылушылар саны күрт өсті, ислам дінінің имандылық-
əдептілік, тəлім-тəрбиелік оң əсері күшейді. Əрине, Қазақстанда мектеп діннен
бөлек, бірақ ол мейірбандық, кішіпейілдік, имандылық сияқты ізгі қасиеттердің
өтпелі кезеңдегі қоғамымызда көбейіп кеткен адамзатқа жат қылықтардың
жолын кесіп, ар-ұят, обал-сауап, адал-арам т.б. мұсылмандық нормалардың
төрден орын алуына қызмет етуі, сөйтіп, өзіне тəн, əрі заңды жолдармен жеке
тұлғаның діни санасының қалыптасуына өз үлесін қосуы – үлкен əлеуметтік-
мəдени міндет.
Дінді саясаттандыруға болмайды. Балалар мен жастардың бойында елімізге
сырттан енуші түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар
қалыптастыру – маңызды міндет. Ислам фундаментализмі деген мен діни
68
экстремизмге берік тосқауыл қою аса маңызды, олардың нағыз ислам дініне үш
қайнаса сорпасы қосылмайтындығын түсіндіре де, көрсете білу керек. Бұл істе
де мектептің рөлі зор. Ислам – адамзат рухани əлемінің кəусар бұлағы.
Ерекше мəні бар тағы бір мəселе – жастардың əлемдік дін тарихын білуі. Ол
елімізді мекен ететін көптеген халықтардың адамгершілік мүдде-мақсатының,
рухани ұмтылыстарының, əдептік-əсемдік талғам-талаптарының ортақтығын
көрсетеді.
Өзара түсіністік пен төзімділік мəдениетін
құқықтық
жəне
имандылық тұрғыдан
қамтамасыз ету,
қоғамда əр түрлі діни сенімді
ұстанушыларға байсалды көзқарас қалыптастыру – білім беру саласы мен
ұйымдарының маңызды ісі.
Əлемдік қоғамдастықтардың тұтастығы ұлғайып, жаһандану процесі бел
алып, ұлттар мен этностардың əлеуметтік-мəдени өмірін үйлестіру процесі
қарқынды жүріп отырған қазіргі таңда жан-жақты мəдениетті тұлға айқын
географиялық санамен, ғаламдық, экологиялық санамен, сонымен бірге туған
өлке, кіші отан, туған жер, туған шаңырақ санасымен қарулануы тиіс. Отбасы –
этностың бірден-бір əлеуметтік тиянағы, туған ел – алтын бесігі, Отан – анасы.
Шын мәнінде көпмәдениетті адам болу үшін планеталық, ғаламдық,
экологиялық саналар деңгейіне самғаумен бірге, кіндік кескен жер, туған өлке,
Отан, өз шаңырағын қастерлеу сезімімен қатар тыныстау парыз. Халық
«Жеріңнің аты – тарихтың хаты» деп тегін айтпаған. «Ұлытау», «Ордабасы»,
«Орбұлақ», «Оқжетпес» деген сөздерге селт етпейтін, оларды тек жер-су
атаулары ретінде ғана қабылдайтын қазақты, тіпті ол Ниагара сарқырамасының
биіктігін, Панама каналының ұзындығы мен енін, Оймяконның ең төменгі
температурасын жатқа айтып тұрса да, қалай ғана мәдениет иесі дерсің?
Егемендік алғаннан бері бабалар жерінің байырғы атауларын қайтару үшін
көп жұмыс тындырылды. Бір кезде елімізге қоныс аударғандар өздері үдере
көшкен мекенінің атауларын да қазақ жеріне «көшіріп әкелді», кешегі тың
төсіне қадалған әрбір қададағы жат атаулар кезінде жергілікті жұрттың
келісімінсіз
республика
картасын мүлдем
өзгертіп жіберді.
Компартия
көсемдері мен қайраткерлерінің есімі берілмей қалған ауданды, ауылды табу
қиын еді. «Бәленбайыншы партсъезд», «КСРО-ның түгенбайыншы жылдығы»
деген бір қалыптан шыққан елді мекендер қаптады.
Ақмола мен Ақтау, Атырау аттарын қайтару, Ермак атынан арылу үшін
айтыс ұмытыла қойған жоқ. Тарихи атауларды қайтарып алып жатырмыз.
Ақиқатына келсек, бұл жөнінен ешбір талас болмауы тиіс. Әрбір этнос өкілдері
мектеп партасында отырған кезінен елдің, жердің тарихын, байырғы атауын
біліп өссе, мұндай түсінбестік орын алмас та еді. Өкінішке орай, мектепте
ұстаздар, отбасында ата-аналар ұл-қызға мұндай тәрбие беруге аз көңіл бөледі.
Жұмыр жердегі еліңнің, ел ортасындағы туған жеріңнің орнын, қасиетін,
шежіресін білу – географиялық сана ұғымының негізі болмақ. Географиялық
сана елтану, этнография, экология пәндері арқылы да дариды. Аталған пәндер
этнос пен мәдениет проблемаларымен өрістес болғандыктан, мәдени-этностық
оқыту мен тәлім-тәрбие ісінде ерекше маңызға ие.
69
Рухани әлемі бай адам ғаламдық экология мен Қазақстан экологиясын
табиғи ұштастыруға бейімді. Әрбір отандасымызға туған жерді – ортақ үй,
Қазақ елін ортақ Отан ретінде сезіну, атамекен мен ел табиғатын аялап,
қызғыштай
қорғау
қасиеттерін
дарыту
мақсатында
жаратылыстану
ғылымдарын оқыту мәселесіне көңіл бөлу керек. Бұл пәндерден дәріс беруде
елімізге қатысты құбылыстарға баса назар аударып, осы ғылым салаларын
дамытудағы қазақстандық ғалымдардың үлесіне ерекше тоқталудың пайдасы
айтарлықтай. Шынайы ұлтжандылық, халық үшін мақтаныш сезімдері осыдан
туындайды.
Бұл сананы география ғана емес, сонымен қатар елтану, этнография,
экологиялық
пəндер
де
қалыптастырады,
өйткені
бұлар
мағыналық
бағыттылығы жағынан этнос пен мəдениет проблемаларымен, этностық-мəдени
білімге тəн сақтау қорғау дəстүрімен өзектес болғандықтан да ерекше маңызға
ие. Əңгіме ғылым мен білімнің мəдениет экологиясы, этнос экологиясы, адам
экологиясы, жан дүние экологиясы, адамгершілік экологиясы, тағы сол сияқты
жаңа бағыттары туралы болып отыр. Экологиялық сана өмірге, қоршаған орта
мен табиғатқа, жалпы биосфераға құрметпен қарау, оларды қорғау арқылы
қалыптасатын болса, тұлғаның этностық экологиялық санасы отбасының,
қауымдастықтың, социумның, əсіресе мектептің əрбір ұлттың тілдік-мəдени
ерекшеліктерін
қастерлеп,
сақтап,
дамытуға
бағытталған
əрекеттері
нəтижесінде тəрбиеленеді.
Экология
–
кеңінен
алғанда
тіршілік
иелері
мен
əр
түрлі
қауымдастықтардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым, олар
үшін залалы мол техникалық-техногендік процестерге қарсы ұстаным болса,
этнос экологиясы – жеке тұлға мен біртұтас халықтың тілдік-мəдени
ерекшеліктерін сақтап, дамыту туралы ғылым, халықтың бүгіні мен ертеңі үшін
зардабы мол бір ұлттың басқа ұлттарға сіңісіп кетуі, мəңгүрттенуі, немесе басқа
əлеуметтік-мəдени ортадан оғаштануына жол бермеуге бағытталған іс-əрекет
жиынтығы. Жеке тұлға өзін ең алдымен өз халқының бір бөлшегі, содан соң
Қазақстан азаматы, бұдан кейін əлемнің азаматы ретінде сезінетін болуы тиіс.
Көпмəдениетті тұлға барынша айқын көркемдік-эстетикалық сананың иесі
де болғаны дұрыс. Оған ұшқыр қиял мен нəзік сезімнің, əсемдікке құштарлық
пен əдемілікті бағалай білетін қасиет, шығармашылық қабілет жат болмауы
керек. Ұлттық тұрмыстың, кәсіптің, мереке-мейрамдардың, киім-кешектің,
салт-сананың өзіндік бітімі мен құдіретін ұғынуы да қажет.
Тұлғаның сондай-ақ дүниені көркемдікпен игеріп, дамытуға бағытталған
рухани-тəжірибелік қызметінің ерекше санасы болып табылатын өнерге
бейімделуінің маңызы зор. Оның ішінде халықтың танымын, мінез-құлқын,
салт-дəстүрін, жан дүниесі мен тұрмысын бейнелейтін
ұлттық өнерге
құрсақтағы кезінен бастап қанығып, терең бойлауы қажет. Қазақтың, басқа да
қазақстандық этностар мен этностық топтардың ұлттық мəдениеті мен өнерін
терең ұғыну, қадірлеп-қастерлеу тұлғаның əлемдік құндылықтарды игеруіне,
рухани баюына жол ашуы өте маңызды.
70
Мектеп оқушының көркем талғамын, өнер туындыларын түсіне алатын
қабілетін тəрбиелеуі керек. Олар, бірінші кезекте, саз-әуен мен кескіндеме
пәндері, күнделікті өмірдегі театр, кино, теледидар, компьютер мен көркем
әдебиет, көркемөнерпаздар үйірмелері арқылы дариды. Көркемдік-эстетикалық
сананың ерекшелігі – оның өз болмысын əдетте көркем шығармашылық
дағдыда: саз аспаптарында ойнағанда, əн шырқап, сурет салғанда, т.б. сəттерде
айқын көрсетуінде. Сондықтан, ол этно-көпмəдениетті білім мақсаттарына
барынша сай келеді. Оның қалыптасуы тұлғаға өз халқының мəдениетіне
тікелей қатыстығын сезінуге мүмкіндік береді, ұлттық сəйкестілікке ерекше рең
қосады.
Мектеп жан-жақты мəдениетті тұлғаны кемелдендіруші сананың бірі –
оқушының құқықтық санасын қалыптастыруға тиіс. Оның негізгі бастауы –
Қазақстан Республикасы Конституциясының əлеуетін барынша пайдалана білу
аса маңызды. Тұлғаның құқықтық санасы Қазақстан заңдарын, сонымен қатар
басқа нормативтік-құқықтық
актілерін сақтау мен
қолданудың
бүкіл
тəжірибесінен, сол секілді азаматтардың осы негізде бекітілген құқықтары мен
бостандықтары сақталуының нақты жағдайынан туындайтынын да естен
шығармау керек. Оқыту мен тəрбиелеу процесінде Конституциямыздағы құқық,
əділеттілік жəне гуманизм идеялары кеңінен қолданылуы шарт.
Білім алушылардың құқық нормаларын, қоғамның құқықтық жүйесінде
орын алатын заң мен процестердің талаптарын, өзінің құқықтары мен
міндеттерін білуді, құқықты қамтамасыз етудегі жеке рөлін, заң бұзушылықпен
күрестің тәсілдері мен құралдары туралы түсініктері болуы керек. Өзінің
құықтық білімін күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайдалана білу
дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру қажет.
Көпұлтты,
көпконфессиялы
елімізде
жеткіншек
ұрпақ
ұлтжанды,
отансүйгіш болып өсуі, мемлекеттің зайырлылығын жете ұғынып, оны қорғай
білуіне қол жеткізген абзал. Олардың əр түрлі діни секталар мен діни
экстремизмге заңды түрде қарсы тұра алатындай құқықтық даярлығы болуы
қажет. Мектеп оқушыны қандай шиеленісті, күрделі мəселе болмасын
конституциялық тəртіп шегінде, демократиялық жолмен шешуге тəрбиелеуге
тиіс. Мұның əсіресе, Қазақстан халқының достығын нығайту мен мемлекеттің
тəуелсіздігін бекітуде, көпмәдениеттілікке тəрбиелеуде маңызы зор.
Сонымен, патриоттық және азаматтық санасы жоғары, адамгершілікті,
толерантты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды меңгерген, салауатты
өмір салтымен өмір сүретін, шығармашылық қабілетін жүзеге асыратын
көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың нәтижелі жолының бірі − оқу
процесіндегі тәрбие компонентінің әлеуетін арттыру болып табылады.
|