Зерттеуге қатысқан барлық тұлғалар сабақты бақылау кезінде жиналған мәліметтермен бөлісу және тақырыпқа қатысы жоқ деректердің таралуын болдырмау үшін жиналып, сабақты талқылайды. Топтық пікір алмасуды осы міндетті өзіне алып, сабақты зерттеуді жүргізген оқытушыға басқаларына сабақты қадағалау мүмкіндігін бергені үшін, зерттеу тобының басқа мүшелеріне сабақты дайындап, зерттеуге жәрдемдескені үшін алғыс айту арқылы бастау керек. Бұдан соң, олар одан әрі не істейтіндерін қадамдап қысқаша түсіндіріледі.
Талқылауға сабақты бірінші болып өткізген мұғалім кіріседі және сабақ барысында туындаған қиындықтар туралы айтады. Талқылау барысында оқытушылар айтылғанды сынға алмауы керек (Lewis, 2002).
Топтың бір адамы айтқан әрбір ескертпемен топтың әрбір мүшесі осы мәселеге қатысты өз пікірін білдіруін өтінуі керек. Сабақта көрген-естілген ұмытылмайынша, зерттеу жұмысы мүмкіндігінше сол күні талқылануы керек, немесе егер бұл мүмкін болмаса, жақын күндері. Пікір алмасу кезінде оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме, сабақты қалай жақсартуға болады және осы тәжірибеден қандай сабақ алуға болады деген сұрақтарға назар аударылады. Нақтырақ айтсақ, оқушы санасының қалай өзгергенін бағалау үшін сабақтың "сыни" сәттеріне назар аударуға болады; жақсы жауап берген оқушының жауабы мен жауап бере алмаған оқушының жауабын салыстыра отырып, оқушылардың білімді меңгеру деңгейінің екі қарама-қарсы нүктесін зерттеуге болады;
оқушылардың жауаптары мен іс-әрекеттері арасындағы сапалық айырмашылықтарды талдау схемасын жасауға болады; бақылау кезінде қолданылған бақылау парақтарының нәтижелерін жинауға және қорытындылауға болады; оқушының білімін игеруге әсерін анықтау мақсатында, сабақта қолданылатын жаттығулар тәртібін білуге болады.
Сабақтан кейінгі талқылауды төмендегі жолдармен ұйымдастыруға болады, бірақ оны ұйымдастыру тек осы тізіммен шектелмейді:
Егер бір мұғалім өзекті мәселені көтерсе, онда содан бастаңыз: "Х әріптес өте маңызды мәселені көтерді, оны талқылайық".
Сабақтың бір бөлігінің әсері туралы пікір алмасуды бастау үшін осы бөлімге немесе бағалауға арналған сұрақтарға қатысты жоспарда көрсетілген бағалау шараларын қолданыңыз.
Егер бір адам шағымданса, басқа мүшелерді оны қолдауға немесе жала жабуға шақырып, өз пікірін ұсынып, оны деректермен бекітіңіз. Сабақта уақыттың қалай пайдаланылғанын талқылауға шақырыңыз. Оқушыларға жеткілікті уақыт беріледі ме? Мүмкін, тым көп уақыт беріледі? Нақты деректермен бекітіңіз.
Сабақтың мақсатына назар аударыңыз. Біз қолданыстағы деректерге қарап, оқушы сабақ жоспары тұрғысынан және ұзақ мерзімді жоспар тұрғысынан қаншалықты ілгерілегенін болжай аламыз ба? Оқушылардың тақырыпты игеруі туралы мәліметтер бар ма? Егер оқушылар біз оларға үйреткен нәрсені үйренбесе, онда неге бұлай болды? Келешекте оқушының қандай қажеттіліктерін қанағаттандыру керек?
Кейде аралық нәтижелер жасап, одан соң келесі сұраққа көшу керек. Мысалы, "Осылайша, біз_ қатысты ортақ пікірге келдік. _туралы не айтасыз?».
Зерттеу сұрағына жауап алуды/алмауды үйрену. Осы сабақтың арқасында біздің зерттеу сұрағымызға жауап алынды ма? Біздің қызметіміз қаншалықты табысты болды? (Сабақтың қаншалықты сәтті өткені тұрғысынан емес, зерттеу сұрағына қаншалықты егжей-тегжейлі жауап алынғандығы тұрғысынан оның сәттілігін зерттеу). Неліктен сәтті болды немесе неге сәтсіз болды? Алдағы сабақтарға қатысты қандай ойлар бар?
Сабақты талдау кезінде зерттеу тобы сабақты зерттеуді қайта қарау жолдарын анықтайды. Кейбір топтар бұл жерде тоқтауы мүмкін. Алайда, әдетте, зерттеу тобы сабақты зерттеудің екінші циклін өткізу туралы шешім қабылдап, қайта қаралған сабақ өткізеді. Осы екінші цикл кезінде мұғалімдер деректерді жинаудың басқа әдістерін қолдануға келісуі керек.