Оқытушыкөшбасшылық – мектептегі оқыту мен оқу сапасын арттыру мақсатында мектеп директоры қабылдайтын немесе директор мектеп қоғамдастығының басқа мүшелеріне жүктейтін іс-шаралар кешенін көздейтін көшбасшылық түрі. Оқытушы көшбасшылық оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында анық мақсат қоюды, оқу бағдарламасын басқаруды, сабақты жоспарлаудың мониторингін жүргізуді, ресурстарды анықтап, мұғалім жұмысына эвалюация жүргізуді көздейді.
Ресми көшбасшылық– лауазымы бойынша көшбасшыға әлеуметтік ортадағы жағдайға ықпал етуге кең мүмкіндік (мәртебе, құзырет, жауапкершілік) берілген көшбасшылық түрі.
Cтратегиялық көшбасшылық– ұйым табысты жұмыс істеу үшін оның мақсаты мен ұстанымдарын, негізгі стратегияларын, оңтайлы құрылымын, даму бағыттарын, қажетті ресурстары мен анағұрлым тиімді үдерістерді анықтайтын көшбасшылық түрі.
Трансформациялықкөшбасшылық – ұйымды дамыту тұжырымдамасына, оның стратегиясы мен мәдениетіне, өндірісі мен қолданатын технологияларына өзгеріс енгізуді көздейтін көшбасшылық түрі. Трансформациялық көшбасшылық «материалдық емес мәселелерге»: ұйымның келешегіне, жалпы құндылықтары мен жаңа идеяларына бағдарланған.
Бағамдау(эвалюация)жоспары – мақсатқа қол жеткізілуін, өзгерістердің прогресін қадағалауды және жоспарды жүзеге асырудың табыстылығын тексеруді көздейтін мектептің даму жоспарының құрамдас бөлігі.
Мектептің есептілігі –
мектепті басқаруға қатысты ережелер мен нормаларды сақтау;
мектеп қызметін қадағалаушы органдар алдындағы есептілік;
сыйақы, жаза шаралары мен күтілетін нәтиже арасында байланыс орнату.
Мектепішілік бақылау- кәсіби шеберлікті жетілдіру және дамыту мақсатында педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені; педагогикалық процестің тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік пен педагогикалық ұжымның өзара іс-қимылы; білім беру процесінің жалпы мемлекеттік талаптарға сәйкестігін белгілеу бойынша педагогтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп басшылардың қызмет түрі.