Мектептің педагогикалық қоғамдастығының жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу туралы рефлексивті есеп



бет2/5
Дата30.11.2022
өлшемі43,38 Kb.
#53771
1   2   3   4   5
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. ПШО, 2016 жыл

  2. ПҚМҚ курс бойынша ресурстар

Мектептегі тәжірибе кезеңінде кәсіби қоғамдастық жұмысын жүзеге асыру жоспары
Қоғамдастық атауы: «Бастау»
Ұжымдағы кедергі: Мұғалімдердің оқу мақсатына сай тапсырмаларды құра алмауы
Қоғамдастық мақсаты: Оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды құру және бағалау дағдыларын дамыту
Күтілетін нәтижесі: Оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды анықтайды және бағалауды тиімді қолданады

Іс – шараның тақырыбы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Ресурстар

Жауаптылар

Басқа ұйымдармен байланыс

Мерзімі

формасы

Жетістік критерии

Топтық жұмыстар арқылы көшбасшыларды анықтау

Мектеп тәжірибиесінде мұғалім көшбасшылығы идеясын дамыту және іске асыру

Мектеп тәжірибиесінде мұғалім көшбасшылығы идеясын дамыту жолдарын қарастырады, тиімді идеяларды ұсынады

МАН
86 бет

Көшбасшы ПҚМК

ПШО

1 апта

Коучинг

Бөлінген көшбасшылық бойынша көшбасшылар тізімі
Бірлескен жұмыс жоспары

Мектеп көшбасшыларымен жұмыс

Ұжымның кедергілерін анықтау мақсатында деректер жинақтау

Кедергілер анықталады




Топ көшбасшылары

Серіктер мектептер

1 апта

Сұхбат, кездесу

Сауалнама нәтижесі

Тәлімгерлік жұмыс

Тәліптің жұмысындағы кедергілерді анықтау

Тәліптің жұмысындағы кедергілерді анықталады

МАН

Көшбасшы

ПШО

1 апта

Сабағына қатысу, сұхбат

Фотосурет, өтілген сабақ бейнекөрсетілімі

Оқыту және оқу үдерісін тиімді жоспарлау

Оқыту мен оқу үдерісін тиімді жоспарлауды іске асыру

Оқыту мен оқу үдерісін тиімді жоспарлау әдістері ұсынылады

МАН 30-35 бет Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету

Көшбасшы

ПШО

2 апта

Дөңгелек үстел

ҚМЖ құру алгоритмі, қарым-қатынас әдістері, қара жәшік ішіндегі сұрақтар

Іс-тәжірибе алмасу

Оқу процесінде ҚМЖ жоспарлаудың іске асырылуын бағамдау

Оқу процесінде жоспарлаудың іске асырылуының кедергілерін анықтау

МАН
12 бет

Көшбасшы, топ мүшелері

Серіктер мектептер

2 апта

Сабақтарға қатысу, кәсіби әңгіме

ҚМЖ, фотосуреттер

Тәлімгерлік жұмыс

Диалог арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту

Диалогтық оқыту әдістерін практикада қолдану тәсілдерін үйренеді



МАН
35-36 бет

Көшбасшы




2 апта

Кәсіби әңгіме

Интербелсенді әдістер, ашық сұрақтар

«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс

Оқыту үдерісінде өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауды іске асыру жолдарын анықтау

Бағалау нәтижелерін ескере отырып оқытуды түрлендіру

МАН
65-70 бет

Көшбасшы

ПШО

3 апта

Шебер-сынып

Топты, жұпты бағалау әдістері, бағалау критерийлері, көпрішелер

Тізбектелген сабақтар

Тізбектелген сабақтарда өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауды іске асыру

Тізбектелген сабақтарға қатысу

Тәлімгерлік

Көшбасшы

ПШО

3 апта

Тізбектелген сабақтар

ҚМЖ, фотосуреттер, бейнематериалдар

Тәлімгерлік жұмыс

Тәліп тәжірибесін зерделеу

Тәліп сабақтарына қатысу







ПШО

3 апта

Сабаққа қатысу сұхбат,

ҚМЖ, бейнематериалдар

Жұмыс құралдары

Оқыту мен оқуда АКТ ны тиімді пайдалану

Бағалау әдістерін АКТ құралдары арқылы іске асыру

МАН
78-83 бет

Көшбасшы




4 апта

Шебер- сынып

АКТ платформалары (Padlet, Jamboard т.б)

Іс-тәжірибе алмасу

Оқу процесінде бағалау әдістерінің, АКТ ны қолдану тиімділігін зерделеу

Бағалау әдістерін, АКТ-ны қолдану

МАН
78-83 бет
65-70 бет

Көшбасшы, топ мүшелері

Серіктес мектептер

4-5 апта

Құрылымдалған және құрылымдалмаған сабақты бақылау парақтары

Бейнематериалдар, суреттер, сабақты талдау парақтары

Мониторинг жүргізу

Атқарылған іс шараларды саралау

Рефлексия, кері байланыс




Топ көшбасшылары




6 апта

Сауалнама, кәсіби сұхбат

Сауалнама нәтижелері, кері байланыс



Мектептің педагогикалық қоғамдастығы жұмыс жоспарының іс-шараларын жүзеге асыру туралы рефлексивті есеп

Педагогикалық қауымдастықтағы мұғалімдер көшбасшылығы курсынан алынған білімді тәжірибеде іске асыру мақсатына мектеп әкімшілігімен келісе отырып, мектеп қажеттіліктерін, соның ішінде оқушының сапалы білім алуы мен танымдық қабілеттерін дамытуға бірден-бір ықпал ететін мүғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту мақсатында мектепте «Бастау» атты педагогикалық қоғамдастықты жұмыс жоспары негізінде төмендегідей іс шаралар жүзеге асырылды.


Мектептегі тәжірибе кезеңінің бірінші аптасында мұғалімдердің сабақтарына қатысу, жас мамандармен әңгіме өткізу, мектепте өткізіліп жатқан іс шараларға қатысу арқылы «Тиімді оқыту қалай іске асуда?», «Мұғалім сабақ барысында қолданылған әдістер оқушының өздігінен білім алуына бағытталған ба?», «Жас маманның қажеттілігі қандай?», «Бірлескен жұмыстар қалай іске асуда?» деген сұрақтар арқылы қажеттіліктер анықталды.
Табысты оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады (МАН 9 бет) дегендей, мектептегі тәжірибе кезеңінде мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыруға бағытталған іс шаралардың бірі «Көшбасшылық тәжірибені жетілдірудің басты құралы» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингке мектеп әкімшілігі және пән бірлестік жетекшілері қатысты. Коучинг барысында «Біз ақпаратты қалай қабылдаймыз?» атты тест алынды, «Көшбасшы мен менеджер» ұғымдары талданды және өзін-өзі бағалауға «Мен қандай көшбасшы тобына жатамын» жаттығу өткізілді. Іс-шараның мақсатына сәйкес көшбасшылық туралы идеясы туралы толық мәліметтер меңгерілді және қатысушылар өздерінің қандай көшбасшы тобына жататындығы анықталды.
Коучинг соңында қатысушыларға өз бірлестіктеріңіздегі кедергілерді анықтау, сынып жетекшілеріне сыныптағы кедергілерді анықтау бойынша ресурстар таратылды.
https://drive.google.com/drive/folders/1ORzgr2LDqtoIGcAaHz-2jhdGB3H5ToYc?usp=share_link
Тәлімгерлік жұмысы бойынша «Көмек көрсетуге арналған үш сатылы құрылым- Иганның тәжірибелі көмекші моделі» бойынша тәліптің іс әрекетін және тәжірибеде нені өзгерткісі келетініне бағытталды. Яғни, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нагима Муратовнаның іс тәжірибесімен танысу үшін сабағына қатыстым, сабақтан кейін Нагимамен кәсіби сұхбат барысында қиындық тудырып жүрген кедергілер анықталды. Басты назар аударатын өзекті мәселе сабақты тиімді жоспарлау, оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатын құра алмау, сабақ мақсатына сәйкес тапсырмаларды құру топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру, ашық сұрақтар қою, бағалау әдістері. Тәліптің қажеттіліктері анықталған соң әдістемелік қолдау көрсету мақсатында бірінші «Сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында кәсіби әңгіме өткіздім, кәсіби әңгіме «Қысқа мерзімді жоспар құру кезінде нені басшылыққа аласыз?», «Жоспарлау кезінде неге көңіл аударасыз?» деген диалогтан бастадым. Диалог барысында ҚМЖ құру кезінде оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығару және сабақ мақсатына қарай тапсырмалар құру деген жауаптармен жалғасты. «Сындарлы оқыту теориясы» тақырыбында теориялық материалдар және мұғалімнің ұстанымы туралы Пажарестің үшбұрышы бойынша кәсіби әңгіме өткізілді. Кәсіби әңгімеден кейін Нагиманы 7б сыныбында өткізілген «Судың биологиялық маңызы мен қасиеттері» тақырыбында өткен сабағыма қатысты. Сабақ барысында топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру, оқушының сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған ашық сұрақтармен жұмыс, оқушының өз ойын нақты жеткізуге бағытталған бағалау критерийлері, жұппен жұмыс, оқушының өзін-өзі бағалауы, топты бағалау, «Пирамида» әдісі арқылы кері байланыс беру әдістері бойынша құрылған болатын, сабаққа қатысу барысында да тәлім алушының қажеттіліктері бойынша әдстемелік қолдау көрсетілді. Оны сабақ соңында тәлім алушыдан «Ой түйін»атты кері байланыстан көруге болады.
Сабақтан алғаным: біріншіден жақсы көңіл -күй. Сабақ жоспар бойынша өтілді, барлық мақсаттарға қол жеткізілді деп ойлаймын .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет