Мектептің педагогикалық қоғамдастығының жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу туралы рефлексивті есеп



бет4/5
Дата30.11.2022
өлшемі43,38 Kb.
#53771
1   2   3   4   5
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. ПШО, 2016 жыл

ПҚМҚ курс бойынша ресурстар


Мектептің педагогикалық қоғамдастығын дамыту және басқа білім беру ұйымдарындағы әріптестермен ынтымақтастық
бойынша рефлексивті есеп
Мұғалімдер мен мектептерге ынтымақтастық жасау қажет және осы үшін кәсіби қоғамдастықтар күшті ұйымдастырушылық нысан болып табылады. Оқытуға бағытталған мектепаралық кәсіби қоғамдастықтар білімге негізделген және оқыту тәжірибесіне енгізілген нақты өзгерістердің негізі болып табылады». (МАН 100-бет)
Мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық мектептің дамуы мен өзгертудің бірден бір кепілі, ал мектептер арасындағы ынтымақтастық оқыту мен оқу үрдісін жетілдіру барысында ұстаздардың бірлескен жұмыс атқаруы қазіргі қоғам сұранысының бірі болып табылады. Осы бірлескен жұмысты үйлестіру мақсатында мектепке «Бастау» атты педагогикалық қоғамдастық құрылған болатын. «Тиімді сабақ мұғалім мен оқушының жетістікке жету жолы» дегендей негізгі басымдық мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған кәсіби қоғамдастықты мақсаты: «Оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды құру және бағалау дағдыларын дамыту» болып таңдалып алынды. Осы қойылған мақстақа сәйкес төмендегідей іс-шаралар жоспарланды:

  • Көшбасшылық идеясын дамыту мақсатында мектептің әдістемелік бірлестік жетекшілерімен коучинг.

  • Тәлімгерлік жұмыс

  • «Ауыл мектептері арасында педагогикалық идеялар мен тәжірибелер алмасу» алаңында «Сыни тұрғысынан ойлауға арналған әдіс тәсілдер» атты шебер-сынып

  • Тізбектелген сабақтар топтамасы барысында «Биология сабағында сөйлем шаблондары арқылы оқушылардың өз ойын ғылыми тілде жеткізу дағдыларын қалай дамытуға болады?» тақырыбында іс-әрекетті зерттеу

«Көшбасшылық тәжірибені жетілдірудің басты құралы» атты коучинг барысында қол жеткізген нәтиже: бірлестік жетекшілері арасында көшбасшы, көшбасшы түрлері туралы идея қалыптасты, әр көшбасшы өзін қай жағынан дамытуға болатындығы туралы теориялық білімін кеңейтуге мүмкіндік туды. Мысалы: ағылшын тілі пәні мұғалімі Мария: Өз әріптестері арасында ынталандырушы көшбасшы екендігін және әрқашанда өз әріптестеріне қолдау көрсететіндігін айтып өтті және осы өткен іс-шара бойынша осындай кері байланыс берді: «Шебер сыныпта маған ұнағаны көшбасшы мен басшыны ажырата білдік. Басшы белгілі бір мақсатқа бағытталған, ал көшбасшы соны ары қарай дамытып ілгері алып дамытатын қадам. Және бұл коучингта психологиялық тест қатты ұнадады бұл жерде біз өз уакытымызды қалай үнемдей аламыз немесе берілген кез-келген тапсырманы қалай тияқнақты орындаймыз сол белгілі болды. Әдетте біз кез-келген тапсырманы мұқият оқып шықпай жатып бастап кетіп қателіктерге ұрынып қалып жатамыз сол себепті әр тапсырманы жасаганда берілгеніне аса назар аударуымыз қажет екенін осы писхологиялық тестте байқадық. Маған ең қызық болғаны осы тапсырма. Шебер сыныптан үйренгеніміз көп. Ұсынысым осындай коучигн, семинарлар, шебер сыныптар жиі ұйымдастырылып тұрса қатысар едім»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет