Коучингтің жағымсыз тұстары: Топ мүшелерінің тақырыпты ашуда белсенділік танытуының төмен болуы
Бірлестік жетекшілері мен сынып жетекшілеріне сынып және мектеп ахуалын анықтау мақсатында берілген сауалнаманы орындау кезінде қиындықтың туындауы
Кедергіні жою бойынша келесі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмын:
Топтық жұмыс кезіндегі топ мүшелерінің белсенділікті арттыру мақсатында «Мозайка», «Джигсо» әдістерін қолдану, «Топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбында шебер-сыныптар өткізу
Сынып және мектеп ахуалын анықтау сауалнамасы бойынша қосымша мектеп психолгтерінен кеңес алу, мұғалімдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Мұратовамен тәлімгерлік жұмыс жүргізілді. Тәлімгерлік жұмыс бойынша тәлім алушының сабақтарына қатысу, жеке әңгіме жүргізу арқылы қажеттіліктері анықталып, оқу бағдарламасына сай күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру, орыс тілі пәні бойынша тақырыптарға (оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым) сәйкес оқу мақсаттарын құру, сабақ мақсаттарына сәйкес тапсырмалар дайындау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Және тізбектелген сабақтарға қатысты.
Тәлімгерлік жұмыс бойынша өткізілген іс-шаралар ұтымды жағы:
Тәлім алушы аз мөлшерде болса да оқу бағдарламасына сәйкес күнтізбелік тақырыптық жоспарды құруды үйренуге мүмкіндік тудыра алдым
Кедергі:
Тәлім алушыға әлі бе болса теориялық білімінің жеткіліксіздігі
Сабақ барысындағы әдіс-тәсілдерді қолдана алмауы
Анықталған кедергі бойынша тәлім алушымен алдағы уақытта жоспарланған іс-шаралар:
Мектепішілік, қалалық деңгейде өтілетін іс-шараларға тәлім алушыны қатыстыру
Тәлімгермен бірге бірлескен сабақ жоспарын құру, өткізу, «Сабақтағы әжіс-тәсілдер», «Қалыптастырушы бағалауды қалай тиімді ұйымдастыруға болады?», «Критериалды бағалау» тақырыптарында коучинг, кәсіби әңгіме өткізу
Мектептегі тәжірибеден өту кезеңінде түсінгенім курс бағдарламасындағы коучинг пен тәлімгерлікті дамыту арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, кәсіби көмек беру, мектепте тәлімгерлік мәдениетін қалыптастыру арқылы оқыту мен оқудағы тәжірибесіне өзгеріс енгізуге болатындығы және де оқушының білім сапасы мұғалімдердің кәсіби біліктілігімен тығыз байланысты екендігін мұғалімдердің түсінуі деп ойлаймын.
Осы жоғарыдағы ойымның дәлелі ретінде қараша айында «Ауыл мектептері арасында педагогикалық идеялар мен тәжірибе алмасу» алаңы өткізілген болатын, осы шараға
«Сыни тұрғысынан ойлауға арналған әдіс тәсілдер» тақырыбында кәсіби қоғамдастық мүшелері Мария және Галия шебер-сынып өткізді және де №23 Орта мектеп мұғалімдері мектепке келіп «АКТ құралдарымен жұмыс» деген тақырыбында логотип жасау және «Lifeworkshets» арқылы тапсырмалар құру, Орыс тілі пәні бойынша «Жасырын мәтіндермен жұмыс жасау» тақырыбында шебер-сынып өткізілді. Осы өткен іс-шаралардың тиімділігі серіктес мектептермен жүргізілген осы шаралар да мектептің дамуына үлкен үлес қоятындығы байқалды.
Алдағы уақыттарда аталған мектептер бойынша төмендегі бағыттар бойынша жүргізілетін жұмыстар:
Тәжірибелік дағдылар мен біліктілігімді бағдарламаның теориялық негіздеріне сүйене отырып білімімді жеілдіру
Іс-әрекетті зерттеу, сабақты зерттеу үдерістерін жүргізуді жалғастыру
Коучинг және тәлімгерлік үдерістері арқылы педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша үлес қосу
Оқыту үдерісіне жаңа тәсілдерді енгізу арқылы іс-тәжірибемді жетілдіру
Желілік қоғамдастық аясын кеңейту
№22, №23 орта мектептерімен біріге отырып желілік қоғамдастықтың аясын кеңейтіп серіктестік қарым-қатынас орнату.
Пайдаланылған әдебиеттер: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. ПШО, 2016 жыл