Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер sql тілінің стандарты және жүзеге асуы


Мәліметтер (деректер) кестелері арасындағы реляциялық байланыстар



бет3/10
Дата15.06.2023
өлшемі51,07 Kb.
#101489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
малиметтер коры (1)

Мәліметтер (деректер) кестелері арасындағы реляциялық байланыстар



  1. MS SQL Server ортасында мәліметтер құрын құру

SQL-сервер жүйесінде деректер қорын құру үрдісі екі кезеңнен тұрады: алдымен деректер қоры, сосын оған қатысты транзакция журналы ұйымдастырылады. Қажетті ақпараттар *.mdf (деректер қоры үшін) және *.ldf. (транзакция журналы үшін) кеңеймелеріне сәйкес файлдарда орналасады. Деректер қорының файлында негізгі объектілер туралы мәліметтер жазылады (кестелер, индекстер, көрсетімдер, т.б), ал транзакциялар журналы файлында – транзакциялармен жұмыс істеу үрдісі туралы (деректердің тұтастығын бақылау, транзакцияға дейінгі және транзакциядан кейінгі деректер қорының күйі) жазылады. SQL-серверде деректер қорын құру CREATE DATABASE командасы арқылы жүзеге асады. SQL-серверде дерекқорды құру үрдісі сервер әкімшілігі құқықғын талап ететінді ескерту керек. 30 ::= CREATE DATABASE дерекқор_аты [ON [PRIMARY] [ [,...n] ] [, [,...n] ] ] [ LOG ON {< файлды_анықтау>[,...n] } ] [ FOR LOAD | FOR ATTACH ] Берілген оператордың негізгі параметрлерін қарастырсақ. Дерекқордың атын таңдағанда объектілерді атаудың жалпы ережелерін қолдану керек. Егер дерекқордың атында бос орын немесе басқа рұқсат етілмеген символдар болса, ол шектеулерге кіргізіледі (екеулік тырнақша немесе тік жақша). Дерекқодың аты сервер ішінде бірегей болуы керек және 128 символдан аспауы керек. Дерекқорды құру және өзгерту кезінде сол үшін құрылатын файлдың атын көрсетуге болады, оның атын, жолын және көлемін өзгертуге болады. Егер дерекқорды қолдану үрдісінде оны бірнеше дискілерге орналастыру жоспарланған болса, онда екінші реттік дерекқорлар файлдарын *.ndf кеңеймесімен құруға болады. Бұл жағдайда дерекқор туралы негізгі ақпарат алғашқы файлда (PRIMARY), ал ол үшін бос орын жетпейтін болса қосылатын ақпарат екінші реттік файлда орналастырылады. SQL-серверде қолданатын тәсіл дерекқор құрамындағы ақпаратты бірнеше дискілік томдарға бөлуге мүмкіндік береді. ON параметрі дерекқорда сақталатын ақпаратты орналастыру үшін дискідегі файлдар тізімін анықтайды. PRIMARY параметрі алғашқы файлды анықтайды. Егер ол көрсетілмесе, алғашқы болып тізімдегі бірінші файл болады. LOG ON параметрі транзакция журналын орналастыру үшін дискідегі файлдар тізімін анықтайды. Транзакция журналы үшін файл аты дерекқор атының негізінде генерацияланады және соңында оған log символдары қосылады. Дерекқорды құру кезінде оның құрамына кіретін файлдар жиынын анықтауға болады. Файл келесі құрылым көмегімен анықталады: ::= ([ NAME=файлдың_логикалық_аты,] FILENAME='файлдың_физикалық_аты' [,SIZE=файл_көлемі] [,MAXSIZE={файлды і_max_өлшемі |UNLIMITED } ] [, FILEGROWTH=өсу_көлемі ] )[,...n] Бұл жерде файлдың логикалық аты – әртүрлі SQL командасының орындалуы кезінде танылатын файл аты. Файлдың физикалық аты қатаң дискте құрылатын физикалық файлдың атын және толық жолын көрсету үшін қолданады. Осы ат операциялық жүйе деңгейінде файл аты болып қалады. 31 SIZE параметрі файлдың бастапқы өлшемін анықтайды; параметрдің минималды өлшемі – 512 Кб, егер ол көрсетілмесе, үнсіз бойынша 1 Мб қабылданады. MAXSIZE параметрі дерекқордың максималды өлшемін анықтайды. Параметердің UNLIMITED мәнінде дерекқордың максималды өлшемі дискдегі бос орынмен шектеледі. Дерекқорды құру кезінде оның көлемінің автоматты өсуін рұқсат етуге немесе етпеуге болады (ол FILEGROWTH параметрімен анықталады) және оның өсуін өлшемнің абсолютті мәні Мб көмегімен немесе пайыздық қатынаспен беруге болады. Қосымша файлдар топқа қосылуы мүмкін: ::=FILEGROUP файл_тобының_аты [,...n




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет