Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер sql тілінің стандарты және жүзеге асуы



бет5/10
Дата15.06.2023
өлшемі51,07 Kb.
#101489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
8.1. Қосу сұранысы
INSERT операторы кестеге жазбаларды қосу үшін қолданылады. Оператор пішіні: ::=INSERT INTO [(Баған_аты[,...n])] {VALUES (мәні[,...n])| } Мұнда кесте_аты параметры дерекқор кесте атын не болмаса жаңартылатын көрсетілімнің атын бейнелейді. INSERT операторының VALUES параметрінің бірінші формасы көрсетілген кестеге жалғыз жолды енгізу үшін арналған. Баған тізімі қосылатын жазбалардағы мәндер берілетін бағандарды көрсетеді. Тізім түсірілуі мүмкін, ол кезде кестенің барлық бағандары (есептеуш бағандардан басқа) кестені құрған кезде орнатылған рет бойынша саналады. Егер INSERT операторында бағандар аттарының нақты тізімі көрсетілсе, онда кез келген қалып қойған бағандар DEFAULT параметрін қолданып бағанды сипаттау жағдайын ескермегенде, NULL мәніне рұқсат беретін ретінде кестені құру кезінде жариялануы қажет. Мәндер тізімі келесі жолмен баған тізіміне сәйкес келуі қажет: элементтер саны екі тізімде де бірдей болуы қажет; екі тізімде де бір элементтің позицияларының арасында тік сәйкестік болуы керек, сондықтан мәндер тізімінің бірінші элементі бірінші бағанға, ал екіншісі екінші бағанға тиісті болуы қажет; мәндер тізіміндегі элементтер типы кестенің сәйкес бағандарындағы деректер типімен сәйкес болуы қажет
8.2. Өшіру сұранысы
DELETE операторы кестеден жазбалардың тобын өшіру үшін арналған. Оператор пішіні: ::=DELETE FROM [WHERE ] Мұнда кесте_аты параметры дерекқор кесте атын не болмаса жаңартылатын көрсетілімнің атын бейнелейді. Егер WHERE сөйлемі қатысса, онда кестеден іріктеу шартын қанағаттандыратын жазбалар ғана өшіріледі. Егер WHERE сөйлемін қолданбаса кестеден барлық жазбалар өшіріледі, бірақ кестенің өзі сақталады. 8.3-мысал. Алдынғы жылғы келісімдердің барлығын өшіру. DELETE FROM Сделка WHERE Year(Сделка.Дата)=Year(GETDATE())-1 Келтірілген мысалды іріктеу шарты ағымдағы мерзімнен (GETDATE() функциясы) жылды есептеумен есептеледі (Year функциясы).
8.3. Жаңарту сұранысы
UPDATE операторы топтағы немесе көрсетілген кестенің бір жазбасындағы мәнді өзгерту үшін қолданылады. 73 Оператор пішіні: ::= UPDATE кесте_аты SET баған_аты= [,...n] [WHERE ] Мұнда кесте_аты параметры дерекқор кесте атын не болмаса жаңартылатын көрсетілімнің атын бейнелейді. SET сөйлемінде деректер өзгертілетін бір және бірнеше баған аттары көрсетіледі. WHERE сөйлемі міндетті емес. Егер ол қолданылмаса, онда көрсетілген баған мәндері кестенің барлық жолдарында өзгертіледі. Егер WHERE сөйлемі бар болса, онда іріктеу шартын қанағаттандыратын жолдар ғана өзгертіледі. Өрнек өзімен сәйкес бағанның жаңа мәнін ұсынады және онымен деректер типы сәйкес болуы қажет.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет