SELECT операторы – SQL өте маңызды және ең көп тараған операторлары. Ол кестеден деректерді таңдауға мүмкіндік береді және нәтижелерін керекті түрге түрлендіреді. Өте күшті бола отырып, ол бір ғана команда ішінде реляциялық алгебра операторларына парапар іс-әрекеттерді орындауға қабілетті. Оның көмегімен әртүрлі кестелерден деректерді таңдаудың күрделі және ауқымды шарттарын жүзеге асыруға болады. SELECT операторы – деректер көрсетілімі сұрақтарынан абстракцияланған құрал. Бұл деректерге қол жеткізу проблемаларға аса назар аударуға көмектеседі. Оны пайдалану мысалдары ірі (өндірістік) ДҚБЖ негізқұрайтын қағидаттарының бірін көрсетеді: деректерді сақтау және оларға қол жеткізу құралдары деректер көрсетілімдері құралдарынан бөлінген. Деректерге орындалатын операциялар бөлек жазбаларға емес, деректер жиыны масштабында орындалады. SELECT операторы келесі пішінге ие: SELECT [ALL | DISTINCT ] {*|[баған_аты [AS жаңа_аты]]} [,...n] FROM кесте_аты [[AS] псевдоним] [,...n] [WHERE ] [GROUP BY баған_аты [,...n]] [HAVING ] [ORDER BY баған_аты [,...n]] SELECT операторы сұраныс нәтижесіне кіретін өрістерді (бағандар) анықтайды. Тізімінде олар үтірлермен бөлінеді және сұраныс нәтижесінде болатын ретпен жазылады. Егер бос орын немесе бөлгіштер бар өріс атауын пайдаланса, онда оны тік жақшалардың ішінде жазады. * символымен барлық өрістерді таңдауға болады, ал өріс аты орнына бірнеше аттардан тұратын өрнекті қолдануға болады. Егер бірнеше кесте өңделсе, онда (әртүрлі кестеде аттас өрістер кездессе) оріс тізбектерінде өрістің толық спецификациясы пайдаланады, басқаша айтқанда Кесте_аты.Жол_аты.
SQL тілі жазба топтарына операциялар орындауға негізделген, бірақ кейбір жағдайларда оларды жеке жазбалар үшін де орындауға болады. Әрекет сұраныстары тек қана жеке жолдармен ғана емес, сонымен қатар жолдар жиыныменде жұмыс істегендіктен өте қуатты құрал болып саналады. Әрекет сұраныстары көмегімен қолданушы деректер блогын қоса, жаңарта және өшіре алады. Әрекет сұранысының үш түрі бар: INSERT
INTO – қосу сұранысы; DELETE – өшіру
сұранысы; UPDATE – жаңарту сұранысы.