Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер sql тілінің стандарты және жүзеге асуы


Сақталатын процедураларға түсінік



бет8/10
Дата15.06.2023
өлшемі51,07 Kb.
#101489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
малиметтер коры (1)

Сақталатын процедураларға түсінік
Сақталатын процедуралар деген бағдарламалаушының жұмысын едәуір жеңіл және икемді ететін SQL операторларының бір бірімен байланысқан тобы. Сақталатын процедураларды орындау бөлек операторлар ретін орындаудан жеңіл. Сақталатын процедуралар дерекқорда компиляцияланған түрде сақталатын және бір немесе бірнеше SQL операторлардан немесе функциялардан тұратын командалар жинағы. Дерекқорда жеке SQL операторлары орнына сақталатын процедураларды орындау пайдаланушыға келесі артықшылықтарды береді: қажетті операторлар дерекқорда болады; олардың барлығы синтаксистік талдау кезеңінен өткен және орындалатын пішімде болады; SQL Server сақталатын процедураларды орындаудың алдында ол үшін орындалу жоспарын генерациялайды және оның оңтайландырылуы мен компиляциясын орындайды; сақталатын процедуралар үлкен тапсырмаларды өзіндік, едәуір майда және басқаруы ыңғайлы бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді, сондақтан модульдік бағдарламалауды қолдайды; сақталатын процедуралар басқа сақталатын процедуралар мен функцияларды шақыра алады; сақталатын процедуралар басқа типті қолданбалы бағдарламалардан шақырыла алады; ереже бойынша, сақталатын процедуралар жеке операторлар тізбегіне қарағанда жылдамырақ орындалады; сақталатын процедураларды пайдалану оңай: олар ондаған және жүздеген командалардан тұруы мүмкін, бірақ оларды іске қосу үшін сақталатын процедураның атын көрсету ғана жеткілікті. Бұл клиенттен серверге жіберілетін сұраныстың өлшемін кішірейтуге мүмкіндік береді, демек желіге жүктемені кішірейтеді. Процедураларды олар орындалатын жерде сақтау желі бойынша жіберілетін деректердің көлемін кішірейтуді қамтамасыз етеді және жүйенің жалпы өніміділігін арттырады. Сақталатын процедураларды қолдану бағдарламалық кешендерді сүйемелдеуді және оларға өзгерістер енгізуді жеңілдетеді. Әдетте, деректерді өңдеу ережелері мен алгоритмдері түріндегі тұтастықтың барлық шектеулері дерекқор серверінде жүзеге асырылады және деректерді өңдеу интерфейсін ұсынатын сақталатын процедуралар жинағы түріндегі соңғы қосымшаға қолжетімді. Деректердің тұтастығын қамтамасыз ету, сонымен қатар қауіпсіздік мақсаттарында қосымша әдетте деректерге тікелей рұқсат алмайды – олармен барлық жұмыстар сол немесе басқа сақталатын процедураларды шақыру жолымен жүргізіледі. Осындай әдіс желінің барлық пайдаланушылары үшін қолжетімді болатын деректерді өңдеу алгоритмдерінің түрлендірулерін өте қарапайым 110 етеді, және қосымшаның өзіне өзгерістер енгізусіз жүйені кеңейту мүмкіндігімен қамтамасыз етеді: дерекқорының серверіндегі сақталатын процедураларды өзгерту жеткілікті. Әзірлеушіге қосымшаны қайта құрастыру, оның көшірмесін құру, сонымен қатар жаңа нұсқамен жұмыс істеу қажеттіліктері туралы пайдаланушыларға нұсқау беру қажет емес. Пайдаланушылар жүйеге өзгерістер енгізілгендігі туралы мүлдем күдіктенбеулері мүмкін. Сақталатын процедуралар дерекқорының кестелеріне немесе қандай да бір басқа объектілеріне тәуелсіз болады. Олар клиенттік бағдарламамен, басқа сақталатын процедурамен немесе триггермен шақырылады. Әзірлеуші сақталатын процедураға қол жеткізу құқығын басқара алады, оның орындауына рұқсат беріп немесе тыйым салып. Сақталатын процедураның кодын өзгерту тек оның иемденушісіне немесе дерекқордың бекітілген рөлдегі мүшесіне рұқсат етіледі. Қажет жағдайда оны иемдену құқығын бір пайдаланушыдан басқасына беруге болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет