Ресейде А.Радищев орын апды. Мысапы, А.Радищевтің ойынша,
билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген
жэне омы халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сәйкес, мем
лекет шарт нәтижесі ретінде пайда болады, оның катысушылары
болым
адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз босган-
дықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.
4. ЬСүштеу теориясы - мемлексттің пайда болу мегізі ретінде
күштеу әрекетін, бір халықтың екінпіі халықты жаулауын тамиды.
Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу
жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы XIX ғасырда
пайда болды, оның өкілдері - Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюримг.
5. Психологиялық теория - мемлекеттің пайда болуын адам
психикасының коріиістерімен:
бағыну қажеттігімен, елікгеумен,
алғашқы кауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті
сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен және
т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қата-
рынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.
6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г.Спенсер,
Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бө-
ліктері арасындағы тұрақты байланыстар гірі ағзаның бөліктері
арасындағы
байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет - биология-
лык дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын әлеуметтік даму
өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекегтің өз миы
(басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық)
болады.
7. Ирригациялық теорияға сәйкес мемлекеггердің алғашқы қа-
наушы мысандарының пайда болуы шыгыстык аграрлық аймақ-
тардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу
қажеттігімен
байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.-А.Вит-
тфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.
8. Материалистік теория - мемлекеттің пайда болуын әлеумет-
тік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда
болуымен және қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады.
Бүл теорияның өкілдері - К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин -
мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау жэне
бекіту, қоғамның біртүтас агза ретінде өмір сүруі мен қызмет
етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.
3.
Достарыңызбен бөлісу: