Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі рөлі
Тәрбиешінің жеке басының жас жанға
ететін ықпал оқулықтармен де,
жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де,
жазалау және мадақтау жүйесімен де,
ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие.
К.Д. Ушинский
Балабақша тәрбиешісінің ата-аналармен ұйымдастырылатын жұмыстары
Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып тәрбие беру, оны өмірге еңбекке даярлауда педогогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты , әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |