1.5. Балалардың көркем- шығармашылық қабілетін дамыту
Мектепке дейінгі балалардың қолынан көркем өнердің барлық түрі: әңгіме құрастыру, өлең шығару, ән айту, сурет салу, жапсыру әбден келеді. Әлбетте, олардың орасан мол өзіндік ерекшелігі бар, ол ерекшелік балалардың шындықты соншалық пәк, тікелей бейнелейтіндігінде, ғаламат шынайылығында, бейнелейтін нәрсенің шындығына сенетіндігінде, көрушілер мен тыңдаушылар жөнінде қам жемейтіндігінде. Осы кезеңнің өзінде балалардың көркем-шығармашылық қабілеттері дами бастайды, бұл ойдың тууынан, оның іске айналуынан, өзінің білімі мен әсерін ұштастыра білуінен, сезімі мен ойын білдірген кездегі ғаламат шынайылығынан көрінеді.
Балалар творчествосының ерекшелігі, сондай-ақ оның мектеп жасына дейінгі балалардың еліктеуі секілді ең айқын ерекшелігіне негізделетінді-гінде. Ол балалардың ойын әрекетінде қоршаған ортадан алған әсерін бейнелі түрде жүзеге асыруда кеңінен көрініс табады.
Мектепке дейінгі балалардың творчествосы алдымен нақ осы ойын ар-қылы көрінеді. Балалардың инициативасы бойынша туатын ойындарға оның түпкі ниетінің болуы тән. Әуелі ол әлі тұрақсыз болады, бір сюжет екіншісімен ауысып жатады; балалар ересек тартқан сайын ойынның түпкі ниеті де толық және мақсатты бола түседі.
Сюжетті-рольді творчестволық ойындарға тақырыпты, сюжетті таңдап алуда және белгілеуде ниет қана емес, сонымен бірге оларды жүзеге асыру да шығармашылық қиялдау да тән. «Мейлі,— деп жазды Н. К. Крупская,— олардың мінген поезы орындықтардан, салған үйі жаңқалардан-ақ құрылсын делік. Ойын процесінде бала қиыншылықтарды жеңуге үйренеді, маңайындағыларды танып біледі, бұл жағдайдан шығудың жолын іздейді».
Балалардың творчестволық қиялдауы мынадан да көрінеді, олар өзде-рінің ойындары үшін көп жағдайда әр түрлі сюжеттерді әдейі біріктіреді: материалды ертегілерден, әңгімелерден, өмірден, телевизия және театр ойындарынан алады. Басқаша айтқанда, өздерінің білімдерін, көргенінен және естігеннен алған әсерлерін ұштастырады, бәрін біртұтас етіп бірік-тіреді. Мектеп жасына дейінгі балалар ойында болмыста болмаған нәрсені жиі бейнелейді. Мысалы, ең сүйікті ойындарының бірі — космонавтар бо-лып ойнап жүріп, олар Шолпанға, Марсқа және басқа планеталарға сапар шегеді. Балалардың шынайылығы ойында мейлінше айқын көрінеді. Орыстың ұлы режиссері К. С. Станиславскийдің актерлерге өнерде шына-йылықты, шындықты ойнап жүрген балалардан үйреніңдер дегені бекер емес.
Ойындағы сияқты балалардың творчествосы олардың көркем өнерпаз-дық қызметінің басқа түрлерінде де көрінеді. Сурет салғанда, жапсыруда, әңгіме айтқанда, ән салғанда бала өз әсерлерін пәрменді, бейнелі түрде жеткізу арқылы қанағат алады. Мұнда да алдымен ой туады, содан соң барып оны іске асыру құралы табылады; балалар өнердің әр алуан шы-ғармаларынан алған әсерлерін құрастырады. Бұл жағдайда да бала ойын кезіндегі сияқты шынайылықты сақтайды: ол көргенін жай ғана көшіре салмайды, оған өзінің қатынасын білдіреді.
Сонымен, мектепке дейін творчество нышандары байқала бастайды, ол ой құрау және оны жүзеге асыру қабілетінің дамуынан, өз білімін, ұғымын құрастыра білуінен, өзінің ойын, сезімін, тебіренісін шынайы жеткізуінен көрінеді. Алайда балалардың көркем творчестволық қабілетін дамыту үшін оларды лайықты түрде үйрету керек. Сол үйрету барысында олар өз ойларын сөз, ән, сурет, би, драматизация арқылы бейнелеп жеткізу тәсілдерін меңгереді. Үйрету баланы саналы көркеменерге баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабілеттерін дамытады.
Көркемөнер іс-әрекеті дағдыларына үйретудің мақсаты балаларға ән айту, сурет салу, өлең оқу т. т. жөнінде білім мен дағды беріп қана қою емес, сонымен бірге олардың өздігінше дербес творчестволық қызметке ынтасы мен ықыласын туғызу болып табылады. Мәселен, мынау үш жасар Наташаның өзінің дос қызына арнап шығарған өлеңі:
Киіне ғой, Настя!
Күн жарқырап шығып тұр.
Бақша бізді күтіп тұр.
Сөйтіп, керкемөнер іс-әрекетінің кейбір дағдыларын игере отырып, ба-ла оны пайдаланады, жанұяның, балалар бақшасының, өз қатарының өміріне сән беруде, мейлі азғантай болсын, өз үлесін қосады.
Балалардың керкем творчестволық қабілетін дамытуда педагогтың жеке басы, оның мәдениеті, білімі, өз ісіне берілгендігі айрықша роль атқарады.
Ленинградта Нева заставасының сыртында № 29 балалар бақшасы бар. Оның тәрбиеленушілерінің салған суреттері дүние жүзінің көптеген елдерінде: Үндістанда, Жапонияда, АҚШ-та, Польшада, ГДР-де, Швецияда және т. б. елдерде кеңінен мәлім. Олардың салған суреттері сол елдерде өткізілген балалардың халықаралық конкурстарына жіберілген болатын. Бұл жұмыстар 17 алтын, көптеген күміс медальдар, ондаған дипломдар мен бағалы сыйлықтар алды.
Мұндай табыстың сыры неде? Бұл кәдімгі жай ғана балалар бақшасы, ондағы балалар да кәдімгі балалар, тек педагогтар ғана мұнда ісіне беріліп істеп, сәбилердің көркем творчестволық қабілеттерін ойдағыдай дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |