1.3. Эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру
Эстетикалық талғам адамның өнерде, өмірде, тұрмыста шын сұлулықпен кездесуінен зор қанағат, рухани ләззат алуынан көрінеді. Эстетикалық талғам — кең ұғым; ол өнердің терең мағыналы, тамаша шығармаларын түсінуді, содан ләззат алуды ғана емес, табиғаттың, еңбектің, тұрмыстың, киімнің сұлулығын түсінуді де қамтиды.
Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқыту үлкен роль атқарады. Мектепке дейінгі балалар оқу үстінде балалар әдебиетінің, му-зыканың, сурет өнерінің классикалық шығармаларымен танысады. Балалар өздерінің жасына лайық шынайы өнер шығармаларын тани білуді, сүюді үйренеді.
Халық ертегілерімен, С. Я. Маршактың, С. В. Михалковтың, К. И. Чу-ковскийдің шығармаларымен таньіса отырып, П. И. Чайковскийдің, Д. Б. Кабалевскийдің және басқа композиторлардың шығармаларын тыңдай отырып, балалар көркем сөздің, музыканың сұлулығы мен байлығын сезіне бастайды. Осының бәрі оларды шынайы рақатқа бөлейдІ, естерінде қалады, керкемдік талғамның негіздерін қалыптастырады.
Балалардың бойында эстетикалық талғамның негіздерін тәрбиелей отырып, біз оларды қоршаған сұлулықты көруге және сезінуге, оны аялауға үйретеміз. Гүлдің гүлзарда сақталғаны жақсы, ал оның гүл ашып, жұртқа қуаныш дарытуы үшін оны мәпелеп күту керек. Топта жайлылық пен сұлулық туғызатын тазалықты сақтау керек, қоқытпау керек, өзінің ойыншықтарын, кітаптарын жинап қою керек. Сөйтіп, тәрбиелеу және оқыту процесінде мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің міндеттері шешіледі.
Балалардың көркемдік қабілеттерін, олардың эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог кейінірек адамның рухани байлығы қалыптасатын негіздерді қалай береді.
Достарыңызбен бөлісу: |