Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҒЫ–ЖАҢА ЗАМАН БАЛАСЫ!



бет55/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70
ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҒЫ–ЖАҢА ЗАМАН БАЛАСЫ!

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» дейді ел басымыз Н.Ә.Назарбаев. Қазіргі заман баласын тәрбиелеу үшін тәрбиеші өз ісінің маманы болып қана қоймай, заман ағымына ілесіп, қоғам құбылысын жанымен түсініп сезіне білуі қажет. Біз күнделікті өмірде «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» деп ұрандаймыз. Сол білімді ұрпақты қалыптастыру бүгінгі таңда балабақшадан бастау алатын құбылыс болып қалыптасуда. Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Кез келген өркендеудің басты ұстанымы ол білім болып табылатынына ешкімның де дауласпасы айдан анық дүние. Білім нәрін бүлдіршінге себетін тәрбиеші қай заманда болмасын бәсекеге қабілетті болуы және оған әр кез дайын болуы маңызды. Бұл теңгесіз қасиеттер тәрбиешіні жауапкершілікке, өз ісіне сеніммен қарауға жетелейді. Тәрбиеші білмді, білікті болса, бәсекеге қабілетті болса шығармашылықпен жұмыс жасап, шеберлігін шыңдай түседі. Осы талаптар орындалған кезде ұстаз атаулысының бойындағы қасиеттер бағаланып құндылығын арттыра алады. 18 Бүгінгі таңда егеменді елеміздің ертеңі - қауыздан жаңа шыққан жас ұрпақтың білімімен қабілетінің ұшқырлығымен өлшенеді. Ұшқыр ойлы, бәсекегі қабілетті, білімді, үш тілді еркін меңгерген құзыреттілігі шыңдалған ұрпақ – еліміздің баға жетпес құндылығы болмақ. Олай болатын болса білім беру саласының басты міндеттерінің бірі- өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс-тәсілдерін енгізу. Осы орайда білім саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылып айтарлықтай маңызға ие болып отыр. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәріс оқу барысында, Үкіметке, мектепкедейінгі тәрбие мен білімнің заманауи әдістерін енгізуді тапсырды. «Бұл инновациялық, білім беру технологиялары, креативті болуы шарт» - деді Н.Назарбаев. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының басты міндеттерінің бірі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын жаңғыртуға бар күш жігерін жұмсау. Қоғамда болып жатқан әлеуметтікэкономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде барынша қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияларды кеңінен қолдану білім саласын кең құлаш жаюына зор үлесін тигізеді. Мектепке дейінгі шақ адамзат өмірінің ең шешуші кезеңі болып келеді. Өйткені осы кезеңде баланың бойындағы табиғи дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сол себепті де осы шақ балалармен анағұрлым кең көлемді дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалық жұмыс нәтижелі болады. Осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына Г.С.Альтшуллердің «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын ұсынуда. Бұл технологияда өзіндік орнын мектепке дейінбі білім беру орындарында алып, қолданысқа ие болып жүр. Бұданда өзге технологияларды қолданып өз білім, білік дағдысын көтеруге педагогка көмекке келетін технологиялар аз емес. Әрине мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген ғалымдардың бірін және бірегейін атап өтсек те болады. Олар: В.П.Беспалько, В.М.Монахов, В.М.Кларин, П.И.Третьчков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. өз еңбектерінде қарастырып өткен. Солардан сараптай келе өткен дәуір баласы мен бүгінгі күндегі балаларды айтарлықтай өзгерістер байқалатынын ескергенде жөн. Бала – үнемі өз уақытының сәбиі, оның даму заңдылықтары өзін қоршаған ересектердің нұсқауларына және түсініктеріне байланысты тәрбиелеудің нақты жағдайларында жүзеге асады немесе жүзеге асырылмайды. 19 Заманауи балалардың алаңдаушылығы мен агрессиясы, сезімталдығы, ақпаратты қабылдауға деген сұранысы, гипербелсенділігі жоғары және сонымен бірге – шаршаңқылығы мен эмоцианалдығы жоғары. Балалар өз дегенінен қайтпайды және талапшыл, мағынасыз іс-қимылдарды орындағылары келмейді, олар өздерінің өткен ғасырдағы құрдастарынан барынша ерекшеленеді, сондықтан тәрбиелеу әдістері де өзгеше болуы тиіс. Заманауи балада қызметтік болмыс қалыптасқан және еркіндік рефлексі басым. Бұрындары баланың еліктеу рефлексі жақсы дамыған болатын болса, және ол ересектердің іс-қимылдарын қайталауға тырысқан болса бүгінгі күнде балалардың әрекеті айтарлықтай өзгеріп мынадай сипатқа ие болуда: еркіндік рефлексі басым – олар өз іс-қимылдарының стратегиясын өздері құрады. Балалар өз дегендерінен қайтпайды және өзіндік бағалары тым жоғары, зомбылыққашыдамайды, ересектердің нұсқаулары мен бұйрықтарын естімейді. Олардың өзін іс жүзінде танытуға және өзінің қызметтік болмысын көрсетуге деген тума ұмтылысы байқалады. Заманауи балалар оргагизімінің тонусы, сондай-ақ сезімталдығы мен гипербелсенділігі жоғары. Осы сынды бала бойындағы құлшыныс қасиеттерін уақытымен тиімді пайдаланып баланы нәтижелі іске бағыттау, бала бойындағы талантын, дарынын дер кезінде ашып жүзеге асыру педагогтың шеберлігін арттырып, еңбегінде айтарлықтай тәжірибе мен жемісін көруге жетелейді. Осы орайда бала бойындағы қасиеттерді шыңдауға педагогтарға көмекке келетін ол жаңа технологиялар. Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Еліміздің ертеңгі болашағы - Жаңа заман баласы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық. Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын 20 балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. Ойын - әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту. Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды-есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды. Қазіргі заман талабына сай енгізіліп жатқан жаңа бағдарламалар, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы балаға тәрбие мен алғашқы білім беру негізі – балабақшадан басталады. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар педагогтардың біліктілігін көтеруге, олардың оқу үрдісін жүйелі, қызықты етіп өткізуге, балалардың ойлау, есте сақтау, тыңдау қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізіп отыр. Ақпараттық технологиялар бойынша тәрбиешілердің жасалған электрондық оқу кешендері, құралдары жинақтары бар. «Қызықты грамматика», «Кел балалар ойнайық», «Ойнайықта, ойлайық» осы құралдарды пайдаланамыз. Мысалы, қызықты грамматикада ертегілер тыңдаймыз. Есіне сақтамаған балаға қайтадан көрсетуге болады. ТРИЗ технологиясы –ТРИЗ-дің мақсаты – тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін-өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады. Бүгінгі таңда осы ТРИЗ технологиясын негізге алып жұмыс бастап келемін. Осы технологияның бірнеше элементтерін ұйымдастырылған оқу қызметтерінде қолданып көріп, балаларға қызықты әрі тиімді деген шешімке келдім. Бір ойынды алып түрліше құбылту тек педагогтың қолынан келмейді оған бала да атсалыса алады деген шешімге келдім. Бала тілін дамытуға да айтарлықтай септігін тигізуде. Осы орайда Луллий шеңберін атап кетуге де болады. Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту әрқашанда өзекті мәселе болып табылады. Сөздік қорын байытады. Дыбыс, сөз, буын, сөйлем құрудың структасын үйретеді. Жаңа технологияларды қолдана келе ҰОҚ және педагогикалық процессте топтың жұмысын жоспарлап жүргіземіз, сондықтан өткізілген ҰОҚ және педагогикалық процесс мазмұнды, жүйелі, қызықты, балалардың жасына сай құрастырылады. Қорыта айтқанда, балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор. Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, 21 сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт-бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Бүгінгі күні мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізуміндеті туындап, оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылып жатқаны бұл – мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді бәсекеге қабілеттілікке қарулану деп түсінуге болады. Ел ертеңi — бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттайық. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол – деңгейдеболады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар атабабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты - жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», - дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұлағатты ұстаздар да, сәбилерді ұстаз қолына тапсыратын тәрбиеші де ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге ерінбей, күш қуатымызды аянып қалмайық. Еліміздің кемелденуі, жарқын өмір сүруі, бабаларымыздың бізге мұра еткен тілі, діні, салт-дәстүрі қартаймасын десек, жер бетінен еліміз жоғалмасын десек өркендеп өсуге бір кісідей жұмылайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет