Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ»



бет56/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70
«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ»

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасында» мектепке дейінгі білім беруде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып, ақыл-ойының, интеллектуальдық дамуын қамтамасыз ететін, болашақ ұрпақтыңдайындығы ретінде танымдық құзыретін қалыптастыру қажеттілігі туындайды [1]. Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі бүгінгі ұрпақтың қолында. Бүгінгі күн айдарындағы басты мәселе- бала тәрбиесі. Бала тәрбиесі тәрбие жұмыстарында ғана емес, тәлім, таным үрдістерінде де жүзеге асады. Тәрбие мен білім- өмір жолындағы үздіксіз процесс. Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, балабақшадан бастау алып, бала бойында танымдық қабілет дамыту- міндетіміз. «Таным» білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда: жиынтық туралы түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіруді, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар және конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен маусымдық құбылыстар, өсімдіктер туралы білімін кеңейтуді, қазақ және басқа халықтардың әлеуметтік-мәдени құндылықтары, дәстүрлері мен мерекелері туралы, адамдардың ортақ мекені ретінде Жер планетасы, оның табиғатының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтуді қамтиды. Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, ұйымдастырылған оқу ісәрекетінде тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде 61 танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған баланы ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, санасезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыра білу керек. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің аздап жанған отыр - деп В.А.Сухомлинский айтқандай ойын адамның өмірі танымның алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процессінде жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Адамның ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақ пен қозғалыс жасаудан, біртебірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видиокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Ойын дегеніміз — жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Мектепке дейінгі білім беру «Таным» саласының негізгі оқу қызметі - қарапайым математиканың балалардың танымдық сауаттылығын қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Сонымен, математикалық ойын дегеніміз - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі. Ойын - екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әр топтың өзіндік мақсаты, стратегиясы болады. Педагогика саласында пайдаланылатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді. Дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет. Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу. Дидактикалық ойындардың мазмұны – қандай да болмасын ақыл-ой міндеттерін жүзеге асыру. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Дидактикалық ойындар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді. Дидактикалық ойындар балалардың қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырып, ізденімпаздығын арттырып, сөздік қорларын молайтады, оқуға, бірдеңені танып – білуге деген қызығушылықтарын арттырады. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып тіл байлықтарын дамытады. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С. Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». 62 Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын - балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың танымдық құзіреттілігі мен дарынын ұштайды. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Дидактикалық ойын өзінің қызметі мен атына сай орындалуы үшін, оның арнайы құрылымы болуы шарт: Міндеті. Әрекет. Ережесі. Нәтижесі мен ойынның аяқталуы.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫННЫҢ ТҮРЛЕРІ

Заттық дидактикалық ойындар. Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2)Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.



3)Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар.

Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын-ала дайындалу, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады. Дидактикалық ойындар баланың ынтасын ұйымдасттырылған оқу қызметіне аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық иеруге көмектеседі, ұйымдастырылған оқу қызметіне эмоциялық бояу береді. Ойынның мақсаты: Баланы ұйымдастырылған оқу қызметіне қызықтыруға, логикалық ойлауын дамыту, Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Міндеті: Танымдылық: балада тану, іздену әрекетін дамыту. Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға қажетті дағдыны, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді: Балалардың іс-әрекетін ойын түрлерімен оқытуды байланыстыру біртіндеп қызықты жеңіл ойындарды ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқутәрбие мәселелеріне көшу. Шарты мен міндеттері біртіндеп күрделенуі. 63 Берілген тапсырманы шешуде баланың ақыл-ой белсенділігіннің күшеюі. Күнделікті өмірде және ұйымдастырылған оқу қызметін дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, балада математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту, барысында жан-жақты, бағыт-бағдар бере отырады. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады. Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы - көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі. Баланың танымы мен қоршаған ортаны білудегі қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыруға ізденісті логикалық ойындар мен басқатырғыштар көмектеседі. Әр түрлі елдің педагогтары ресей мен шетелдің дидактикалық құралдарын (Б.Никитиннің дамытушылық ойындары, Дьеништің блоктары, «Лего», Кюизенер санау таяқшаларын т.б.) технологияларын қолданып, әлемдік білім кеңістігін кеңейтуде. Қазіргі таңда белгілі бельгия математигі Кюизенер, арнайы таяқшалар арқылы балаларға математикалық негізін үйретудегі тәжірибесін мектепке дейінгі мекемелердің практиксында кездестіруге болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше. Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі, әрі түсінікті болу керек. Сұрақтар қоя білу қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және нәтижелі ойда негізгі рөл атқарады. Қазіргі заман талабына сай тәрбие мен таным саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді әрбір тәрбиеші меңгеріп қана қоймай оны тәржірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты «Жалпыға бірдей білім, өмір бойы білім алу». Өз тәжірибемде жоспарлы жұмыс жасау барысында төмендегідей нәтижеге жетуге болатынына көз жеткіздім. Жоспарлы жұмыс- нәтиже кепілі.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР Дидактикалық ойындар: Тәрбиеші көп сөйлейді, сабақ үрдісінде түсіндіруге көп уақыт жұмсалады. Бір сарынды сабақ бала қызығушылығын, белсенділігі төмендетеді. Көрнекіліктерді әр түрлі ақпарат көздерінен іздейді. Оларды безендіру ойдағыдай сәтті шыға бермейді. Табиғаттағы әртүрлі заттар мен құбылыстарын түсіндіру мүмкіндігі шектеулі болады. Сабақ үрдісынде Дамытушы дидактикалық ойындар: Баланың ақыл-ой қабілетін ашады. Бала сөйлейді, көзбен көріп, құлақпен есту арқылы ақпаратты жылдам қабылдайды. Қызығушылығы, белсенділігі артады. Керекті көрнеліктерді ғаламтордан тез әрі үйлесімді алады. Көрнекіліктерді қажетінше безендіру баланың эстетикалық талғамын арттырады. Аз уақыт ішінде көп 64 ақпарат беру мүмкіндігі аз болады. мәлімет алады. Белгілі бір математикалық ұғымды қалыптастырумен қоса, ойлау қабілеттерін дамытып, түрлі міндеттерді шеше білуге үйренеді. Мектепке дейінгі баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы. Ойын әрекеті, яғни ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілген білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. «Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында» деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай балабақшада баланың таным процесін ізгілендіру мақсатында көптеген оқу-тәрбие үрдістері жан-жақты ұйымдастырылып өткізіледі. Ақпараттық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуде, яғни жан-жақты көп мәдениетті, шығармашыл, әлеуметті бейімделген тұлға қалыптастыру үшін тәрбиешінің өзі де шығармашыл тұлға болуы тиіс. Қазіргі уақытта оқытудың жаңашыл технологиялары бар. Олардың бала танымын қалыптастырып тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Олай болса келешек ұрпағымыздың жанжақты, терең білімді, яғни интеллектуалды деңгейін жоғары болуына қойылатын талап зор. Заман талабына сай жаңашыл тұлға тәрбиелеуде әрбір педагог-тәрбиеші нәтижелі жұмыс жасайтынына сенімдіміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет