Мемлекеттік емтихан сұрақтары ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы


ж. Қазан революциясы кезіндегі Қазақстан. Кеңес үкіметінің орнатылуы және оның ерекшеліктері



бет11/87
Дата31.01.2023
өлшемі206,77 Kb.
#64073
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   87
1917 ж. Қазан революциясы кезіндегі Қазақстан. Кеңес үкіметінің орнатылуы және оның ерекшеліктері

Жауап: 1917 жылғы Ақпан бур­жу­азиялық-де­мок­ра­ти­ялық ре­волю­ци­ясы­нан кейін ор­наған Уақыт­ша бур­жу­азиялық үкімет ел­дегі әле­уметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәсе­лесін, им­пе­ри­алистік соғыс­тан шығу және т. б. мәсе­лелерді шеш­педі. Қазақстан­дағы жергілікті ха­лықтар­ды са­яси құқықта­рынан айырған бұрынғы пат­ша үкіметінің заңда­ры өз күшінде қал­ды. Өлке­дегі ка­зак-орыс әскер­лерінің ұлан-бай­тақ жер иеліктері мен бар­лық әле­уметтік ар­тықшы­лықта­ры то­лығымен сақтал­ды. Қазақстан­ның ең жақсы шұрай­лы жер­лерін отар­шыл ку­лак­тар тар­тып алып бер­ген Қоныс ауда­ру басқар­ма­сының жергілікті ап­па­раты өз жұмы­сын одан әрі жалғас­тырды. Өнеркәсіп орын­да­рын­да 8 сағат­тық жұмыс күні енгізілмеді. Мем­ле­кеттік ме­кеме­лер мен мек­тептер­де қазақ тіліне көшу­ге бұрынғысын­ша тыйым са­лын­ды. Ре­сей мем­ле­кетіндегі бұл жағдай­лар­ды В. И. Ле­нин бас­таған боль­ше­вик­тер пар­ти­ясы «Бүкіл өкімет кеңес­терге берілсін» — де­ген ұран­ды пай­да­лана оты­рып, Уақыт­ша үкіметті құла­ту үшін оны бас­ты құралға ай­нал­дырды. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазан­да (7 қара­шада) Пет­роград­та қару­лы көтеріліс бас­та­лып, Уақыт­ша бур­жу­азиялық үкімет құла­тыл­ды.
Ре­волю­ция бүкіл билікті жұмыс­шы, сол­дат, ша­руа де­путат­та­ры кеңесінің қолы­на бе­ру арқылы ха­лықтың әр түрлі топ­та­ры мен түрлі ұлттар­дың, ха­лықтар­дың ке­лешек­тегі тағды­рына бай­ла­ныс­ты түрліше үмітте бо­лу­ына жол аш­ты. Ре­сейдің қол ас­тында бо­лып кел­ген орыс емес ха­лықтар­дың еңбекші бұқара­сы Қазан ре­волю­ци­ясы­нан кейін эко­номи­калық-әле­уметтік күй­зелістен шығумен бірге отар­шылдықтың бұғауынан бо­санып, тәуелсіздік ала­тын шығар­мыз деп үміттенді. Ал Ле­нин бас­таған боль­ше­вик­тер за­уыт, фаб­ри­калар жұмыс­шыға, жер ша­руаға, бейбітшілік – бүкіл ха­лыққа де­ген ұран көте­ре оты­рып, Ре­сей­ге тәуелді бо­лып кел­ген ха­лықтар жөнінде өз бағыт­та­рын белгіледі. Олар бар­лық ұлттар мен ұлыс­тардың, ха­лықтар­дың теңдігі мен бос­тандығын, азат­тығын жа­ри­ялай оты­рып, олар­ды ре­волю­ция ту­ының ас­ты­нан кет­пе­уге шақыр­ды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет