Мемлекеттік емтихан сұрақтары ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы


Бірінші Жалпықазақтық съезд. "Алаш" партиясы,"Үш жүз" және "Шуро - Исламия"



бет10/87
Дата31.01.2023
өлшемі206,77 Kb.
#64073
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   87
Бірінші Жалпықазақтық съезд. "Алаш" партиясы,"Үш жүз" және "Шуро - Исламия" ұйымдарының құрылуы мен қызметі.

Жауап: 1917 жылғы ақпан айының соңында Ресей империясының астанасы Петроградта басталған революциялық толқулар 28 ақпанда монархияның құлауына әкелдi. Елде буржуазиялық-демократиялық революция жеңiске жеттi.
Ресейді ешбiр шектеусiз 300 жылдан астам билеп келген Романовтар әулетiнiң саяси билiктен айырылуы елдегi патшалық өкiметтiң құлауын және ел орталығында буржуазиялық-демократиялық саяси партияның жеңiске жеткендiгiн бейнеледi.
1917 жылғы наурыздың 2-сiнде патшалық тәртiп ресми түрде тарих сахынасынан кеттi де, елдегi билiк Ресей буржуазиясы мен буржуазияланған помещиктердiң мақсат-мүдделерiн бiлдiрушi Уақытша үкiметтiң қолына көштi.
Ел орталығында революция жеңiске жеткен алғашқы айларда Петроград жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесi – Петросовет iс жүзiнде мемлекет астанасындағы екiншi өкiмет рөлiн атқаруға ұмтылды. Өйткенi, оны революцияның басты қозғаушы күшi болған қаруланған халық бұқарасы: жұмысшылар, солдаттар және матростар қолдады.
Бiр жағынан Уақытша үкiмет, екiншi жағынан Петроград және солдат депутаттарының Кеңесi жер-жерлерге өз өкiлдерiн тез аттандырып жатты: Уақытша үкiмет бүкiл ел көлемiнде құлатылған патшалық билiк жүйесiн өз әкiмшiлiк жүйесiмен алмастыруды ойластырса, Петроград кеңесi жергiлiктi жерлерде жұмысшы, солдат депутаттары Кеңесiнiң жүйесiн құруға ұмтылды. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекет астанасында қосөкiметтілiк орнап, оның әрқайсысы түптеп келгенде елдегi өкiмет билiгiн өз қолына түгелдей алуды мақсат еттi.
Патша өкiметiнiң құлап, елде республикалық саяси жүйенiң қалыптаса бастауын күллi империя халқының басым көпшiлiгi сияқты, Түркiстан мен Қазақстанды мекендеген халықтар да, жалпы алғанда, қуанышпен қарсы алды. Патша үкiметi мен оның жергiлiктi органдарының құлатылуын, облыстар мен уезд орталықтарында патша әкiмшiлiгiнiң неғұрлым реакцияшыл өкiлдерiнiң тұтқындалуы мен қызметтерiнен қуылуын Түркiстан мен Қазақстан халықтары әрi келешекке деген жақсы үмiтпен қабылдады. Жер-жерден Петроградтағы Уақытша үкiмет пен Петросоветтiң атына халықтың әртүрлi әлеуметтiк топтарының атынан жолдаған құттықтау телеграммалар тасқын болып ағылды. Мұның өзi бiр жағынан, құлатылған патша үкiметiне және оның жергiлiктi өкiлдерiне деген халық өшпендiлiгiнiң көрiнiсi болса, екiншi жағынан Уақытша үкiмет пен Петросовет ел iшiнде әдiл саясат жүргiзедi деп, оларға аңқаулықпен сенгендiгiнiң белгiсi болды [1, 193-б.].
Халық бұқарасының талабымен жер-жерлерде жұмысшылар мен солдаттардың тiкелей араласуымен губернаторлар, уезд бастықтары, полиция мекемелерiнiң, округтiк соттар мен прокуратура бастықтары, т.с.с. ескi мемлекеттiк, басқарушы және жазалаушы органдардың жетекшiлерi орындарынан түсiрiлдi немесе бас бостандықтарынан айырылды. Мәселен, 1917 жылғы 30 наурызда Түркiстан өлкесiнiң атышулы генерал-губернаторы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiстi аяусыз басып-жаншуды ұйымдастырушылардың бiрi Куропаткин орнынан алынып, өз үйiнде қамауда ұсталды; Пiшкек гарнизонының бастығы Рукин Жетiсу облыстық губернаторына 26 наурыз күнi жолдаған телеграммасында былай дептi: «Өкiмет халық пен солдаттардың қолында. Бұрынғы қызмет адамдарына өшпендiлiктiң шегi жоқ…Сiздi де, Куропаткиндi де ешбiр елейтiн емес»





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет