Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары



бет4/63
Дата21.04.2023
өлшемі170,69 Kb.
#85184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан с РА тары

АРИСТОТЕЛЬ
Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы — ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді. Платонның педагогикалық көзқарастарын Аристотель жалғастырды, ол этикалық жақсы істерді тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлген. Аристотель жақсы істер адамдарға табиғаттан берілмейді, алайда табиғат оған себепкер болады деген. Бұл мүмкіндік адамның өзінің тырысулары, оның әрекеттері және қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. Әділ істер жасай отырып, адам әділетті болады, ерлік жасай отырып, адам батыр болады, сабырлы әрекет етіп, адам сабырлы болады. Жалпы алғанда, Аристотель тәрбиені адамның физикалық, әсемдік және ақыл-ойы бойынша жетілуінің бірлігі деп қарастырған. Аристотель 20 жасында Платон академиясында философиялық білім алғандықтан, көптеген еңбектерін философиялық концепция жасауға арнады. Әсіресе өзінің ұстазы Платонның дуализмін өзгертуге тырысты. Ол Платонның әлемдік құбылыстардың бірлігі, тұтастығы туралы іліміне өзгерістер енгізді. Ол "Еркін тәрбие" идеясын ұсынды. Ол психологияда дәлелдеген "жанның үш түрі» негізінде, тәрбиенің үш түрін - дене, мінез, ақыл-ой тәрбиесін дәлелдеді, оның ғылыми негізін салды. Ол туа пайда болатын бала ерекшеліктерін тәрбие одан әрі дамытады дей келіп, тәрбиенің теориялық негізі - адам жанының жоғары психологиялық тұрғыда қалыптасқан негіздері - деп көрсетті. Ол Афинадағы тәрбиені - тәрбиенің басқа түрін жасайтын "тәрбие негізі - көзі" деген тұжырым жасады. Аристотель педагогика тарихында бірінші рет, өзінің философиялық ілімі негізінде баланың жас кезеңінің ерекшеліктерін белгілеп берді. Ол бала дамуын мынадай кезеңге бөлді. Бірінші: I жас пен 7 жас, екінші: 7 мен 14 жас аралығы (мұны баланың жыныстық даму жасы деп атады), үшінші: 14 жас пен 21 жас аралығы. Сөйтіп, Аристотель мектепке дейінгі тәрбиенін. негізін қалаған - ойшыл философ, педагог. Бұл жаста баланың ойын арқылы өсетінін уағыздады. "Ойын" оның айтуынша, баланың тұңғыш "мектебі" деп атады. Отбасы тәрбиесін бірінші орынға қойды. Бала 7 жастан мектепке тартылсын - деп тұңғыш педагогикалық ой айтқан да Аристотель болды. Орыс педагогы Н. К. Крупская 1915 ж. жазған "Халық ағарту ісі және демократия" атты еңбегінде Аристотельдің баланың жас ерекшелігін жасауын және оның 7 жаста мектепке баратынын мақұлдап, "жас ерекшеліктің педагогикалық жүйесін" мектепке арнап жасағанын атап көрсеткен.Аристотельдік, мектепке дейінгі тәрбиеде, демек, бала гимнастикамен айналыссын - деген ойы, жазу мен сызу, оқу мен санау, ән мен күй туралы пікірлері, осыларды мектепке енгізу туралы тұжырымдары педагогика барысында тұңғыш пікір болып табылады. Бұл пікірді классик педагог Ушинский К.Д. ХІХ-ғасырда өзінің "Балалар әлемі" атты еңбегінде басшылыққа алғанын қанағаттанғандық сезіммен жазып кеткен. Сондай-ақ, Аристотель тәрбиені мемлекетті дамытудың және жетілдірудің құралы - деп түсініп, мектеп мемлекеттік болуы тиіс - деген қағида айтқан.
Аристотельдің педагогикалық ой-пікірінің ең басты ерекшелігі "Тәрбиенің тепе-тендігін" ұсынуы, бүкіл халық бәрі бірдей тәрбие алсын - деген прогрессивтік ой түйіндері. Ол өзінің білім беру теориясын афина тәрбиесінің практикасы негізінде қарастырады. Оған философия-педагогикалық, психологиялық тұрғыда карады. Сөйтіп ол педагогика тарихында тұңғыш рет тәрбиенің табиғаттан туындайтынын дәлелдеді. Дене тәрбиесінің мақсаты, әдемі тұлғалы, күші мығым адам тәрбиелеу. Тәрбие жуйесінде ол музыкаға үлкен мән береді. Нравтық тәрбиенің мақсаты бала белсенділігін қоса дамыту, еркінің ұстамдылығын жетілдіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет