Мемлекеттік емтихан сұрақтары


Өрнектi турлендірумен таныстыру



бет3/22
Дата01.11.2022
өлшемі169,73 Kb.
#46639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Өрнектi турлендірумен таныстыру.
Өрнекті түрлендіру - өрнектің мәнi берiлген өрнектің мәніне тең болатын берiлген өрнектi басқа өрнекпен алмастыру болып табылады. Оқушылар мұндай өрнектерді түрлендiрудi арифметикалық амалдардың қасиеттері мен одан шығатын сандарға сүйене отырып орындайды. 3-4 сынып оқушылары өрнектерді түрлендiрудi тек амалдар қасиеттерi негiзiнде ғана емес, сондай - ақ амалдарды анықтау негiзiнде де орындайды . Мысалы бірдей косылғыштардын қосынды - сын көбейтiндiмен алмастырады. М : 6 + 6 + 6 = 6 * 3. 4 - сыныпта егер жакшалар бар өрнектердеөрнектерде жакшалар амалды орындау тәртiбiне әсер етпейтін болса , онда оларды коймауга да болады деген қорытынды жасайды . 3 - сыныптан бастап айнымалысы бар өрнектермен жұмыс жүргізіле бастайды, соның салдарынан өрнек туралы түсінік жалпыланады және оларға турлi операциялар жасай білуі пысыктала түседі.


Әрiптi символика
Математика әріпті өрнек 2 - сыныпта енгiзiледi. Мұнда окушылар теңдеудің көмегімен есептерді шығарғандағы белгiсiз санды белгiлеуге арналган х әрпімен танысады. 3 - сыныпта әрiп айнымалыны белгілеуге арналған символ ретiнде енгiзiледi.
Кезендері : Дайындық жұмысы 3 - сыныпта оқу жылының басында косу мен азайтуды қайталауға байланысты өткiзiледi . Мұнда латын алфавитiнiң әрiптерiн енгізумен катар, балалар «математикалык өрнектер» және « математикалық өрнектiң мәні» жаңа терминдермен танысады. Осы кезеңде қосынды мен калдыкты табуға берілген арифметикалық есептерді шығару жұмысы енгiзiледi. 2. Сандық айнымалыны белгілеу үшін әрiптi символиканы енгiзгенде жаттығулар жүйесінде индуктивтік және дидуктивтiк методтары дұрыс аралас пайдаланудың маңызы болады. 3. Бұдан әрi өрнектермен жұмыс істеген кезде тұрақты шамалар туралы ұғым айкындала түседі . Осы мақсатпен, тұрақты шама цифрладың көмегімен жазылатын өрнектер карастырылады. Мұнда екiншi кезеңде сиякты , санды өрнектерден әрiптер мен цифрлардың көмегімен жазылган өрнектерге көшу және керiсiнше жаттығуларды карастырылады .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет