Мемлекеттік емтихан сұрақтары


Сандық тендiктер мен теңсiздiктер



бет4/22
Дата01.11.2022
өлшемі169,73 Kb.
#46639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Сандық тендiктер мен теңсiздiктер .
Сандық теңдiктер мен теңсiздiктердi окушылар берілген сандар арифметикалык өрнектерді салыстыру негiзiнде алады. Тенсiздiктер 3 - сыныпта енгiзiледi. Алайда 1 - сыныптың өзінде дайындық жұмысын жүргізеді айнымалы шама әріппен емес «терезе көзбен» (квадратпен) белгiленетiн жаттығулар косылады. 3 - сыныптан бастап айнымалы әріппен белгіленеді. 1 - сыныпта тендiк және тенсiздiк ұғымы енгiзiледi.


Тендеулер
1-4 - сыныптарда бір белгiсiзi бар бiрiншi дәрежелі теңдеулер карастырылады. Бастауыш сыныптарда теңдеулер тура теңсіздіктер сиякты карастырылады, теңдеулерді шешу әрiптiң, берiлген өрнектiн мәнi көрсетілген мәнге тең болатындай, мәнін табу болып табылады . 3 - сыныптын 2 - токсанында қарапайым теңдеулердікұруды және шешуді үйренуде 5 сағат берілген. Теңдеулер шығару аркылы есептер шығаруға үйрету методикасында екі кезең карастырылады: олардың бiреуiнде теңдеулер кұру арқылы есептер шығаруға дайындық жұмысы жүргізіледі , ал екіншісінде есептердің шарттары бойынша теңдеулер құрудың әр түрлі әдістері қарастырылады.Теңдеулер кұру арқылы есептер шығаруға дайындық кезеңiнде оқушыларда ен әуелі теңдеу белгісіз саны бар тендiк деген ұғым және арифметикалық амалдар компоненттерi мен нәтижелері арасындағы байланыстар негізінде теңдеулерді шығара білуге калыптасуы керек . 4 - сыныптан бастап теңдеулер құру арқылы есептер шығару енгiзiледi .


2 сұрақ. Есеп, оның түрлері және оқыту әдістемесі
«Есеп» - жауабы арифметикалық амалдардың көмегімен тұжырым - далған, сұрағы бар мәтінді айтамыз.
Есеп бір амалмен шығарылса, жай есеп деп, екі және одан да көп амалмен шығарылса, құрама есеп деп аталады.
Кез келген есеп екі бөлімнен тұрады: шарты және талабы ( сұрағы)
Есептің шартында обьектілер және осы обьектіні сипаттайтын шамалар, ол шамалардың белгілі және белгісіз мәндері, олардың өзара қатынастары туралы мәліметтер беріледі.
Есептің талабы – ол нені табу керектігіне нұсқау. Ол бұйрықты немесе сұраулы сөйлем түрінде жазылады.
Есеппен жұмыстың 4 кезеңі бар:
1. Есептің мазмұнымен таныстыру – есептің мазмұнын оқып шығып, онда келтірілген жайттардың өмірде болатын жағдаяттарын көз алдына келтіру.
2. Есептің шешуін іздеу. Есепті иллюстрациялау. Есептің қысқаша шартын жазу.
Есепті арифметиклық тәсілмен шығарғанда есеп берілгенін сұрағына қарай талданады.
3. Есепті шығару – шығару жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау.
4. Есептің шешуін тексеру – оның дұрыстығын не қателігін анықтау.
Санау, болжау, кері есеп арқылы.
1 сынып - Барлығы нешеу? Қалғаны нешеу? Қанша артық? Қанша кем? Қанша арзан? Қанша қымбат?
2 сынып - өзара кері амалдарды қолдануға берілген есептер.
3 сынып - санды бірнеше есе арттыру, кеміту, қалдықпен бөлу, тең бөліктерге бөлу, теңдеу арқылы шығару, т.б.
4 сынып - қайталау оқытылады.
Мәтінді есепке жасалатын семантикалық талдаудың екі әдісі бар. Бірінші әдісте есепте сөзбен берілген проблемалық жағдайдың іс жүзіндегі, нақтылы моделә ойша қайтадан жасалады.
Есеп шығару оқушылар - дың ақыл-ойының дамуына өте игі әсерін тигізеді, себебі ол анализ және синтез, нақтылау және абстракциялау, салыстыру, жалпылау сияқты ойлаумен жүргізілетін кезеңді талап етеді. Есеп шығара білу – оқу материалын игеру мен математикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің бірі.
Мәтіндік есептер дегеніміз-аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды. Бұл есептердің ішінде біраз басқатырғыштары да бар. Өзінің алға қойған дидактикалық мақсаттарына қарай есептерді үш түрге (классификация) бөлуге болады: 1) танымдық есептер: бұлар арқылы жаңа білім алынады 2)машықтану есептері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет