Мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет22/22
Дата01.11.2022
өлшемі169,73 Kb.
#46639
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Сандарды көбейту деп бiрдей косылғыштардың қосындысын табу амалын айтады . Қосылғыш ретiнде кайталанатын сан көбейгіш , онын неше рет қосылатынын көрсететін сан көбейткіш , ал амал нәтижесi көбейтiндi деп аталады. Көбейгіш пен көбейткішті жалпы алғанда көбейткіштер деп те атайды . Мысалы: 6 х 5=30, 6 - көбейгіш. 5 - көбейткіш , 30 - көбейтінді. Көбейту амалы да ауыстырымдылық , терімділік және үлестiрiмдiлiк ( дистрибутивтілік ) зандарына бағынады .
Екi көбейткіштің көбейтiндiсiнен сол көбейткіштердiң бiрi аркылы екiншiсiн табу амалы бөлу деп аталады. Бөлiнетiн сан бөлiнгiш , оны бөлетiн сан бөлгіш , бөлу нәтижесi бөлiндi деп аталады . Мысалы : 12 : 3=4 , 12 - бөлінгіш , 3 - бөлгіш , 4 - бөлінді. Бөлу амалы - көбейту амалына кері амал . Бөлу амалы бүтіндей бөлу және қалдықпен бөлу деп екі түрге бөлінеді . Қалдықпен бөлу дегеніміз - бөлгішпен көбейтінді берiлген бөлiнгiштен артпайтын ен үлкен бүтін санды табу деген сөз . Бұл iздеп отырған сан толымсыз бөлiндi деп аталады . Бiрдей екі көбейткіштің көбейтiндiсi сол санның көбейткіштің квадраты деп , ал бiрдей үш көбейткіштің кебейтiндiсi санның кубы болады .
Көбейту мен бөлудің қасиеттері : Көбейтудiн орын ауыстырымдылық қасиеті ; Көбейту мен бөлудің ерекше жағдайлары ; Қосындыны санға көбейту ; Санды қосындыға көбейту ; Қосындыны санға бөлу ; Санды косындыға бөлу ; Cанды көбейтіндіге көбейту ; Санды көбейтiндiге бөлу . Көбейткіштердiн бiрi 0 - ге тең болса , көбейтіндінін мәнiде 0 - ге тең болады . Егер 0 - ді санга бөлсе , онда 0 шығады .
Көбейту мен бөлу амалдарының байланысы. -Көбейткіштердiң орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейдi. -Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе , онда екінші көбейткіш шығады . -Егер бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтсе , онда бөлінгіш шығады . -Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе , онда бөлінгіш шығады .
Қосындыны санға көбейтудiң бiрнеше тәсiлi бар . 1 - тәсіл . Қосындыны тауып , оны санға көбейту . 2 - тәсіл . Әр қосылғышты сол санға көбейтіп , шыққан көбейтінді - лерді қосу . Бұл- көбейтудің үлестірімділік қасиеті деп аталады . ( a + b ) ·c = a·c + b·c

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет