Мемлекеттік емтихан сұрақтары


көлеміндегі қосу және азайту



бет7/22
Дата01.11.2022
өлшемі169,73 Kb.
#46639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
100 көлеміндегі қосу және азайту
«Қосу және азайту» тақырыбын оқып үйрену нәтижесінде оқушылар 100 көлеміндегі кез келген сандарды қосу мен азайтуды саналы түрде үйреніп, ондықтан аттап қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын, сондай-ақ бірқатар теориялық мәселелерді берік игеріп алулары тиіс. 100 көлеміндегі сандарды қосу және азайту әдістерін талдау, оларды саналы түрде орындау үшін оқушылар 100 көлеміндегі сандардың нумерациясын жақсы біліп, 10 көлемінде қосу таблицасы мен азайтудың соған сәйкес жағдайларын берік білулері тиіс және сонымен бірге қосу және азайту амалдарының мынадай қасиеттерін игеріп алуы тиіс: санды қосындыдан азайту, қосындыны санға қосу, қосындыны саннан азайту, қосындыны қосындыға қосу және қосындыны қосындыдан азайту.
Сонымен санды қосындыға қосудың 3 тәсілі бар.
1) 5 пен 3 сандарының қосындысын есептеп, нәтижеге 8-ге, 2-ні қосамыз. 2) 2 санын бірінші қосылғышқа 5-ке қосып, шыққан нәтижеге 7-ге екіншіқосылғыш 3-ті қосуға болады. 3) 2 санын екінші қосылғышқа 3-ке қосып, шыққан нәтижені 5-ті бірінші қосылғышпен, 5-пен қосуға болады.

5 сұрақ. 1000 көлеміндегі сандар 1000 көлеміндегі сандардың нумерациясы және оларға қолданылатын арифметикалық амалдар мынадай себептермен ерекше концентрге бөлінеді. Мұнда бірінші класс-бірліктер класы сандарының нумерациясы оқып үйренуге аяқталады, бұл көп таңбалы сандар нумерациясын игеріп алуға негіз болып табылады, өйткені келесі кластар: екінші класс-мыңдар классы, үшінші класстар – миллиондар класы т.с.с. бірінші класқа ұқсас құрылады. Сондықтан үш таңбалы сандардың ауызша және жазбаша нумерациясын балалар берік және саналы түрде ұғынып алулары тиіс. «Мың» концентрінде есептеулердің ауызша әдістері жөніндегі білімдері бекітіледі. Есептеулер әдістері де, бұрынғыша арифметикалық амалдар теориясына сүйеніп (қасиеттер, тура және кері амалдардың өзара байланысы) ашылып айқындалады. Бұл оқушылардың есептеуден бұрын өтілген, енді үш таңбалы сандарға қолданылып отырған, әдістерін өз бетімен түсіндіріп қана қоймай жаңа есептеу әдістерін «табуға» мүмкіндік береді. Бұл концентрде қосу мен азайтудың жазбаша әдістермен жұмыс басталады, өйткені мұнда ең маңызды жағдайларды қарастырып, сол амалдардың жазбаша әдістерін ашып айқындауға болады, сондай-ақ көп таңбалы сандармен есептеулер орындағында жазбаша әдістердің ауызша әдістерден артықшылығын көрсетуге болады.
«Мың» тақырыбы 2 класстың екінші жарты жылдығында өткізіледі. Материал мынадай тәртіпп қарастырылады: нумерация, қосу және азайту (есептеулердің ауызша, сонан соң жазбаша әдістері), көбейту және бөлу (септеулердің ауызша тәсілдері). Осы кездегі құрама есептермен де жұмыс жасалады, сан және әріпті өрнектермен, теңдіктермен және теңсіздіктермен, теңдеулермен, сондай-ақ геометриялық материалдармен жұмыс әрі қарай жалғастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет