7 сұрақ. Жай есептерді шығаруға үйрету Математиканы оқыту жүйесінде жай есептер аса маңызды рөл атқарады. Жай есептерді шығару арқылы математиканың бастауыш курсының негізгі ұғымдарының бірі - арифметикалық амалдар туралы ұғым қалыптастырады. Жай есептерді шығара білу оқушылардың құрама есептерді шығара білуді меңгеруіне дайндық кезеңі болып табылады, өйткені құрама есепті шығару бірқатар жай есептерді шығаруға келіп тіреледі. Жай есептерді шығарғанда есеппен оның құрамды бөліктерімен алғаш танысады. Балалар жай есептерді шығарумен байланысты жалпы есепті шешуге жүргізілетін негізгі әдістерді игеретін болады.
Ең алдымен жай есептерді топтастыруды (классификациялауды) қарастырамыз.
Жай есептерді, оларды шешетін арифметикалық амалдарға сәйкес бірнеше топқа бөлуге болады.
Алайда әдістемелік жағынан алғанда төмендегідей топтау ыңғайлы - рақ: есепті шығарғанда қалыптасатын ұғымдарға байланысты үш топты бөліп алуға болады. Олардың әрқайсысын сипаттайық:
Бірінші топқа мынадай түрдегі жай есептер жатады, ол есептерді
шығарғанда балалар арифметикалық амалдардың әрқайсысының нақты мәнін ұғынады.
1.Екі санның қосындысын табу. Қыз бала 3 шұңғыл тәрелкені және 2 майда тәрелкені жуды. Қыз бала
барлығы қанша тәрелке жуды?
2.Қалдықты табу Оқушылар 6 қара торғай ұясын жасады.Екі ұяны ағаш басына іліп қойды.
Енді ілуге тиісті қанша ұя қалды?
3.Бірдей қосылғыштардың қосындысын (көбейтіндісін табу). Тірі табиғат мүйісінде, үш тордың әрқайсысында 2-2-ден үй қояны бар еді.Тірі табиғат мүйісінде барлығы қанша үй қояны бар?
4.Тең бөліктерге бөлу. Оқушының екі тобы әрқайсысы бірдей 8 жүйектің арам шөбін орады.Әр топ оқушылары қанша жүйектен отаған?
5.Тиісінше бөлу. Мектеп оқушыларының әр тобы 8 алма ағашының түбін қопсытты, мектеп оқушыларының қанша бригадасы бұл жұмысты орындаған?
Екінші топқа мына түрдегі жай есептер жатады, ол есептерді шығарғанда оқушылар арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты ұғынады. Оларға белгісіз компоненттерді табуға берілген есептер кіреді.
1. Берілген қосынды мен екінші қосылғыш бойынша бірінші қосылғышты табу. Қыз бала бірнеше шұңғыл тәрелке және 2 майда тәрелкені жуды, ал ол барлығы 5 тәрелке жуды. Қыз бала барлығы қанша шұңғыл тәрелке жуған?
2. Белгілі қосынды мен бірінші қосылғыш бойынша екінші қосылғышты табу. Қыз бала 3 шұңғыл тәрелке және бірнеше майда тәрелкені жуды. Ол
барлығы бүлкен тәрелке жуды. Қыз бала барлығы қанша тәрелке жуған?
3. Белгілі азайтқыш және айырма бойынша азайғышты табу. Балалар бірнеше қараторғай ұясын жасады. Олар 2 ұяны ағаш басына іліп қойғанда, оларға тағы да 4 ұя қалды.Балалар қанша кара торғай ұясын жасаған?
4. Белгілі азайғыш пен айырма бойынша азайтқышты табу. Балалар 6 қара торғай ұясын жасады. Олар бірнеше ұяны ағашқа іліп
қойғанда оларда тағы 4 ұя қалды.Балалар қанша ұяны ағаш басына іліп қойған?
5.Белгілі көбейтінді мен екінші көбейткіш бойынша бірінші көбейткішті табу. Тік төртбұрыштың ауданы 24см“, ені 3см. Тік төртбұрыштың ұзындығы қандай?
Белгісіз санды 8-ге көбейттік те 32 санын алдық.Белгісіз санды табу.
6.Белiлi көбейтінді мен бірінші көбейткіш бойынша екінші көбейт - кішті табу. Тік төртбұрыштың ауданы 12см", ұзындығы 2см. Тік төртбұрыштың ені қандай?
7. Белгілі бөлгіш пен бөлнді бойынша бөлінгішті табу. Көкөніс жинауға 5 автобус адам көмекке келді. Әр автобуста 15 әйел және 20 ер адам болса, барлығы неше адам көмекке келген?
8. Белгілі бөлінгіш пен бөлінді бойынша бөлгішті табу. Саяхатқа келген 100 адам 20-20-дан бірнеше топқа бөлінді. Олар неше топқа бөлінді?
Үшінші топқа мына түрдегі есептер жатады, ол есептерді шығарғанда арифметикалық амалдардың жаңа мағыналары ашыла түседі. Оларға айырма ұғымымен байланысты жай есептер (6 түр) жеке қатынас ұғымымен байланысты жай есептер (6 түр) жатады.
1.Сандарды айырмалық салыстыру немесе екі санның айырмасын табу. (1-ші түрі) Дәптер 7 теңге, ал өшіргіш 3 теңге тұрады. Дәптер өшіргіштен неше теңге Қымбат?
2.Сандық айырмалық салыстыру немесе екі санның айырмасын табу. (2-ші mypi) Қанат 7 жемсауыт, ал Болат 4 жемсауыт жасады.Болат неше жемсауыт кем жасады?
3.Санды бірнеше бірлікке арттыру(тура формасы). Лақтың салмағы 7кг, ал қозының салмағы одан 3 есе артық. Қозының
салмағы неше килограмм ?
4.Санды бірнеше бірлікке арттыру (жанама формасы). Лақтың салмағы 7кг,бұл қозының салмағынан 3 кг кем. Қозының салмағы неше килограмм?
5.Санды бірнеше бірлікке кеміту (тура формасы). Аққу 88 км, ал көгершін одан 26 км кем ұшты.Көгершін неше километр ұшты?
6.Санды бірнеше бірлікке кеміту (жанама формасы). Аққу 88 км ұшты, Бұл көгершіннің ұшқаннан 26 артық. Көгершін неше километр ұшты?