5. Мың және көп таңбалы сандарды оқыту әдістемесі. Мың көлеміндегі тақырыбының мақсат-міндеттері, қолданылатын көрнекіліктер. Көп таңбалы сандар тақырыбының мақсат-міндеттері, қолданылатын көрнекіліктер.
Разряд, класс ұғымы.
Сандарды жазу, оқу, салыстыру.
1000 көлеміндегі сандар.
Міндеттері:
1.Оқушыларды жаңа есептеу бірлігі-жүздікпен таныстыру,
2. разрядтың бірлігі ұғымын енгізу. 10-дық санау жүйесінің құрылу принципін меңгерту.(1
жүзд. = 10 онд. = 100 бірл.).
3. Үш таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету.
4. Үш таңбалы сандар көлемінде цифрлардың орындық мәнін бекіту.
5. Үш таңбалы сандарды нөмірлеу негізінде қосу және азайту біліктерін қалыптастыру,
810-1, 609+1, 500-1, 4 онд. +6 онд., 5 жүзд. + 5 жүзд., 499+1, т.с.с.
6. Үш таңбалы сандарды нөмірлеуден алған білімдерін шамаларды өрнектеуге қолдануға үйрету.
1 м=10 дм=100см, 1000м=1 км.
Қолданылатын негізгі көрнекілік: кластар кестесі, кеспе цифрлар, көп таңбалы сандар жазылған карточкалар, есепшот, санды талдау сызбасы жазылған плакат және т.б. жатады.
Көп таңбалы сандар, міндеттері:
Оку,жазу және салыстыру тақырыбында разрядтар мен кластар жайында түсінік беру және көп таңбалы сандарды заттардың әр түрлі санау бірлігін пайдаланып санау; көп таңбалы сандарды оқу,жазу және сандармен шамаларды салыстыру; көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу және оған кері түрлендіру, шамаларды өлшеу және кейбір шамалардың жаңа бірлігін енгізу, тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер сияқты мәселелер қарастырылады.
Қолданылатын көрнекіліктер: кластар кестесі, көп таңбалы сандар жазылған карточкалар, санды талдау сызбасы жазылған плакат және т.б. жатады
Разряд-бұл сандарды жазудағы цифрдың орны.
Үш таңбалы сандарды салыстыру ең үлкен разрядтан басталады.
Көп таңбалы сандарды жоғары разрядтан бастап салыстырады.
Есіңде сақта! 1. Әрбір класта 3 разрядтан бар. 2. Әр класс бойынша разрядтардың атауы ұқсас: бірліктер, ондыктар, жүздіктер.
3. Бірліктер класында санау бірліктерімен, мындар класында мындармен, миллиондар класында – миллиондармен жүргізіледі.
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу. Мысалы: 11 362 =70 000+ 1000+ 60+ 2.