Мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет2/22
Дата01.11.2022
өлшемі169,73 Kb.
#46639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан с ра тары

Математикалык өрнектер
1-4 сыныптарда балаларды математикалык өрнектерді окуға және жазуға үйрету, амалдарды орындау тәртiбiмен таныстыру және есептеулерде оларды пайдалануға уйрету, оқушыларды өрнектердi теңбе - тең түрлендірумен таныстыру жағы карастырылады. Өрнек ұғымы керсету жолымен таныстырылады.
Балаларда математикалык өрнек жайлы түсінігін калыптастырғанда сандар арасына койылған амал таңбасынын екі түрлі мағынасы бар екендігін ескеру кажет : ол бір жағынан сандар колданылатын амалдарды бiлдiредi , мысалы 6 + 4 - алтыға төртті косу, екiншi жағынан амал таңбасы өрнектi белгiлеу кызметiн аткарады, 6 + 4 - бұл 6 мен 4 сандарының қосындысы.


Математикалық өрнектермен таныстыру
Өрнектермен жұмыс істеу методикасында екі кезең карасты - рылған. 1.Қарапайым өрнектер (екі санның қосындысы, айырмасы) туралы ұғым. 2. Күрделі өрнектер (көбейтінді сен сан - ның қосындысы, екi бөлiндiнiң айырмасы).
Бірінші өрнекпен - екі саннын косындысымен таныстыру 1 сыныпта 10 көлемiнде косу және азайтуды окығанда болады. Балалар «қосынды» деген терминнiң жана мәнін өрнектiң мәнi ретiнде меңгерулері үшін мынадай жаттығулар беріледі : «Сандардың қосындысын жазындар, сандардың қосындысы неге тең екенін есептеңдер, сандардың қосындысын салыстырыңдар.
2 - сыныпта «математикалык өрнек» және «математикалық өрнектiн мәнi» терминдерi енгiзiледi. Бiрнеше мысалды бір амалға жазғаннан кейін мұғалім бұл мысалдар баскаша түрде математикалык өрнектер деп аталатындығын хабарлайды . Мұғалiмнiн тапсырмасы бойынша балалардын өздері түрлі өрнектер кұрастырады. Содан кейiн күрделірек өрнектер карастырылады. Күрделі өрнектердiн карапайым өрнектерді қосатын амалдар танбаларының да екi жакты мағынасы бар, оны оқушылар біртіндеп айкындай түседі. Өрнектердің такырыбына 1 - сыныпта тоқсанда - 4 сабақ, III токсанда - 9 сағат беріледі.


Амал тәртiбiнiн ережелерін окып үйрену.
Күрделі өрнектерде амалдарды орындау тәртібінің ережесі 3 - сыныпта оқылады, бірак iс жүзінде олардың кейбіреулерін балалар 1 - сыныпта пайдаланады. Ең алдымен сандарға не тек косу мен азайту немесе тек көбейту мен бөлу амалдары орындалатын жағдайда жакшасыз берілген өрнектерге амалдар колдану тәртiбiнiң ережесі қарастырылады. Егер жакшасыз өрнекте тек қана косу немесе азайту амалдары көрсетілген болса, онда олар кандай тәртіпте жазылған болса, сондай тәртіпте орындалады (солдан онга карай).
Бұдан кейiн бiрiншi және екiншi сатыдағы амалдардан тұратын, жакшасыз берілген өрнектердегі амалдарды орындау тәртiбiнiң ережесi енгiзiледi. Оқушылар материалды меңгеру үшін үйрену жаттығуларымен катар олардың амалдарын орындау тәртібін түсіндіре отырып мысалдарды шығаруды енгізеді. Сондай - ақ жiберiлген қателердi түсiндiруге жаттықтырған тиiмдi. Амалдар тәртібін меңгеру үшiн 3-4 сыныптарда бiртiндеп киындай түсетін өрнектердi енгiзу кажет .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет