9 сұрақ.Пропорционал шамалармен байланысты есептермен жұмыс жүргізу методикасы. Бастауыш сыныптарда пропорционал шамалармен байланысты есептерді шығару қарастырылады : төртінші пропорционал шаманы табуға берілген, пропорционал бөлуге және екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есептер, сондай-ақ қозғалысқа байланысты есептер арнайы қарастырылады . Бұл есептерді шығару шамалар арасындағы сәйкес байланыстар туралы білімге негізделеді.
Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептерде тура және кері пропорционал тәуелділіктегі үш шама берiлген. Олардың екеуі айнымалы , біреуі тұрақты шама. Мұнда бір айнымалы шаманың екi мәнi және екінші айнымалы шаманың сәйкес мәндерiнiң бiрi берілген, ал бұл шаманың екінші мәні белгісіз болып табылады . Пропорционал тауелділік арқылы байланысқа кез келген үш шаманы пайдалана отырып , төртiншi пропорционалдық шаманы табуға берілген есептердің төрт түрін құруға болады .
Төртiншi пропорционал шаманы табуға берілген есепті шығаруға дайындық жұмысында олардың арасындағы байланыстармен таныстыру жағын ескеру керек. Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептердi енгiзу үшiн балаларды баға, күн , жылдамдық , т.б. шамалармен таныстыру керек . Шамалар арасындағы байланыс туралы бiлiмдi бекiту ушін ауызша шығаруға арналған есептердi енгiзу керек. Мұнда кері есептерді кұруға және шығаруға арналған жаттығуларды орындау тиiмдi. Сондай - ақ , IV сыныпта шамалардың тағы мынадай екі тобымен мұқият жұмыс жүргiзiледi : жылдамдық , уақыт , қашықтық және тік төртбұрыштың ұзындығы, оның енi мен ауданы.
Пропорционал бөлуге берілген есептер Мұндай есептер 4 - сыныпта енгізіледі. Бұл есептер пропорционал тәуелдiлiк арқылы байланысқан екi айнымалы шамадан және бір немесе одан артық тұрақты шамадан тұрады. Мұнда бір айнымалының екi немесе одан артық мәні және екiншi айнымалының сәйкес мәндерiнiң қосындысы берiлген. Бұл қосындының қосылғыштары iзделiндi болып табылады. Пропорционал тәуелділікпен байланысты шамалардың әрбiр тобына қатысты пропорционал бөлуге берілген есептердiң алты түрін бөліп көрсетуге болады. Екеуi кері пропорционал тәуелділікте. Бастауыш сыныптарда тек тура пропорционал тәуелділіктегі шамаларды пропорционал бөлуге берілген есептер ғана шығарылады .