Ауызша көбейту және бөлу Мiндеттерi :
1.Арифметикалық амалдардың қасиеттерімен окушыларды таныстыру және ауызша есептеу барысында қолдана білу.
2.100 көлемiндегi екi таңбалы санды бір танбалы санға және бір таңбалы санды екі таңбалы санға ауызша көбейту және екi танбалы санды бір және екі таңбалы санға бөлу дағдыларын бекіту .
3.Кестелік көбейту мен бөлу дағдыларын бекіту .
4.Оқушыларды қалдықпен бөлу жағдайларымен таныстыру және ережелерін меңгерту.
5. Қалдыкпен бөлу және амалдардың орындалу ретін тексеру дағдыларын қалыптастыру .
6. « Қалдықпен бөлу » тақырыбын оқытудың машықтық маңызын түсіну: арифметикалық амал ретінде оқушылардың бөлу туралы білімдерін терендету және кеңейту; жана жағдайлар үшін көбейту мен бөлудің кестелік жағдайларын қолдану .
7.Оқушыларды жазбаша бөлуге үйретуге алдын ала дайындау .
Кестелік жағдайларға келтіру мүмкiн болса, косындыны санға бөлудi екi тәсiлмен:1) косындының мәнін санға бөлу аркылы; 2) қосылғыш - тарды жеке - жеке санға бөліп , бөлінділер мәндерiнiң қосындысын табу аркылы жүргізуге болады .
11 сұрақ. Математика пәні бойынша сыныптан тыс сабақ түрі және өткізу әдістемесі. Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесiнiн кұрамды бөлігі, сабактағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады . Сыныптан тыс жұмыстардың негiзгi мақсаты - окушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін тереңдете түсу ; логикалық ойлауды , тапқырлыкты , математикалык кырағылыкты дамыту ; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды таныта білу, олардың ой - өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға кызығушылы - ғын арттыру; тәртіпке , ұйымшылдыққа , табандылыққа , енбекке , ұжымдыққа баулу . Сыныптан тыс жұмыстың күнделікті сабақтан айырмашылығы:еріктілік принципінде кұрылады ; баға қойылмайды , ойын жарыс түрінде етеді.Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны математиканың негiзгi курсын окытуда толықтырушы болып табылатындай және сынып жұмысымен үйлесімді болатындай таңдап алынуы керек . Сыныптан тыс жұмыстың түрлері :Математикадан үйiрме жұмыстары , математикалык бұрыш , математика кештері мен ертеңгіліктері , конкурс , олимпиада , эстафета , газет . Математика бойынша сыныптан тыс жұмыстың мазмұны : Әзіл - оспақ есептер , математикалык жұмбактар, математикалық макал мәтелдер, ребус , сөз - жұмбақ , софизм , фокус , геометриялык баскатырғылар т.б. Сыныптан тыс сабактар . Бұларды кейде кызыкты математика деп те атайды , букіл сыныпқа арналады. Өткізу ұзактығы окушылардың жас ерекшелігіне байланысты түрліше болады : 30 - дан 45 мин - қа дейін . Айына 1-2 рет болуы мүмкiн.Мазмұны жөнінен сабактағы жұмыспен байланысты болуы тиіс: қиынырак есептер , тапқырлык есептер , ойын - есептер , геометриялык мазмұнды кызыкты есептер , логикалык есептер , есепті әр түрлі тәсілмен шығару, есепті тендеу , теңдеулер жүйесi аркылы шығару.т.б . карастырылады. Жұмыс ұжыммен және жеке - дара ұйымдастырылады . Ұпай санау аркылы жеңімпаздарды аныктап , бәйге беруге болады . Мысалы : 2 - сынып бойынша . 1 ) Сыныптан тыс сабак такырыбын жұмбактап немесе өрнектерді шешу аркылы аныктау 2 ) Командаға бөлу. Капитан сайлау . 3 ) Капитандар сайысы 4 ) Эстафета - командаға арналады . 5 ) Тапқырлыққа берілген есептер ауызша . 6 ) Ойын . 7 ) Жұмбақтар . 8 ) Қорытындылау .