Мемлекеттік мекемесінің


Сабақтан қалған жағдайда міндетті түрде сынып жетекшісіне __________________ телефонына хабарлау. 5



бет3/4
Дата23.09.2024
өлшемі23,03 Kb.
#145296
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
келисим шарт1[1] (1)

4. Сабақтан қалған жағдайда міндетті түрде сынып жетекшісіне __________________ телефонына хабарлау.
5. Келісімшарттағы барлық талаптарды орындаулары керек.
5. Ата-ана құқығы
1. Оқушы туралы кез келген мәлiметтi алуға, пән мұғалiмдерi мен психологтан жеке кеңес алуға;
2. Мұғалiм келiсiмiмен сабаққа қатысуға, сабақтың қорытындысын талдауға;
3. Мектептегi кез келген шараларға қатысуға;
4. Мектептегi өз баласының мүддесiн қорғауға;
5. Оқу - тәрбие жұмыстарының сапасын талап етуге;
6. Бала денсаулығына келтiрiлген зияндықтардың орнын толтыруды талап етуге; жұмсалған шығындардың есебiн талап етуге.
7. Мектеп пен ата-ана арасында жасалған келiсiм - шартты орындауға;
8. Мектептiң Жарғы талаптарын орындауға;
9 . Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.
10. Мектеп басшыларының өтiнiшi бойынша мектептегi үлкен шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысуға;
11. Ата-аналар түрлі қоғамдық және бірлестік жұмыстарға қатысуға құқықты.
6. Оқушының құқығы
1. Жарғыда кепілдік берілген, мемлекеттік стандартқа сай деңгейде білім алу;
2. Оқу үрдісі барысында лаборатория, оқу, акт, спорт залдарын, кітапхананы тегін және медициналық кабинет қызметтерін пайдалану;
3. Өздерінің сынып бөлмелерін сақтау және оқу-тәрбие үрдісінің сапасына қатысты өз пікірін білдіру;
7. Оқушының міндеті
1. Білім бағдарламалары мен жоспарларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындау;
2. Өзінің мәдени деңгейін жүйелі көтеруге, мектеп формасын сақтауға;
3. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп директорының, мұғалімдердің, педагогикалық ұжымның нұсқаулары мен бұйрықтарына, сондай-ақ сынып жетекшісінің нұсқаулары мен мектептің кадрларына бағыну.
4. Мінез-құлық ережелерін сақтау, үлкендерді құрметтеу;
*басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;
*өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі ескеру:.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет