Мемлекеттік мекемесінің


Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға; 10



бет2/4
Дата23.09.2024
өлшемі23,03 Kb.
#145296
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
келисим шарт1[1] (1)

9. Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
10. Баланың қалтасында өткір, үшкір, түйрейтін, кесетін, улы заттармен (пышақ, қайшы,ине,дәрі) жүрмеуін бақылауға;
11. Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
12. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
13. Балаға сағат 21.00 -ден бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
14. Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
15. Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
16. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті.
17. Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлу;
18. Баланы көлік (жеңіл машина, мотоцикл, квадратцикл т.б ) техникаларды жүргізуге тыйым салу;
3.Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі
1. Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
2. Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
3. Ата-ана баласын мектеп формасымен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
4. Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
5. Оқушылардың ұялы телефондармен келуге тыйым салынады . Басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
4. Ата-ана міндеті
1. Мекеме қызметкерлеріне, сыпайылық танытуға
- Қызметкерлер жағынан дөрекілік, қателік болған жағдайда директорға ескертулері қажет.
2. Санитарлық гигиенаны сақтау, мектеп ережесін орындау: баланы оқу орнына мектеп формасымен және оқу құралдарымен жіберу шарт.
3. Мұғаліммен тығыз байланыста болуға, тәрбиелеуде, білім алуына белсенділік таныту, «Ашық есік» күндеріне қатысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет