Ғ. Мелдешов
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті
төрағасының орынбасары
І БӨЛІМ
6
Е.Е.Тілешов
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың
республикалық үйлестіру-әдістемелік
орталығының директоры
Қазақ тілін үйренудің ең бастапқы сөздік қоры:
сөз таңдаудың қағидаттары, халықаралық тәжірибелер және
негізгі лексикалық минимумды игерту
Тіл дегеніміз – белгілі бір сөздердің өзара тіркесу комбинация-
сы. Тілдегі сөздік қордың бірліктері кейде атау тұлғада тұрып,
кейде түрленіп өзара байланысқа түсетіні де, әр тілдің табиғаты-
на сай байланысу тәсілдері болатыны да белгілі. Соған орай әр
тілдің грамматикалық заңдылықтары да әр алуан. Әлбетте, жал-
пы сөздік қордағы тілдік бірліктердің қолданылу жиілігі, соған
орай олардың белсенділігі бірдей емес. Мұның тіл үйретуге тіке-
лей қатысы бар. Қазіргі таңда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретін-
де үйретуде әлгіндей белсенді лексика толығымен айқындалмай
жүр деуге болады. Дәл осындай жағдай тіл үйрету әдістемесін
жетілдіре алмасы түсінікті. Сондықтан ширек ғасырдай уақыт қа-
зақ тілін үйрету нәтиже бермей келсе, оған тіл саласында жүрген-
дердің де «үлесі» бар деп ойлаймыз. Тіл үйренушінің күнделікті
қарапайым қолданысына ең қажетті белсенді лексиканы таңдау
сияқты маңызды бастаманы бірлесе атқарудың қамына кіріскен
жөн дер едік.
Бұл аса маңызды жұмыстың негізі тікелей болмаса да 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада көрініс тап-
қан. Оның «Қазақ тілін оқытудың үздіксіз моделі» атты бағы-
тында балабақша-мектеп-орта арнаулы оқу орны-жоғары оқу
орны-жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық деп ұласатын тіз-
бесінде тіл үйретудің жалпымемлекеттік жүйесі қарастырылған.
Өкінішке қарай осы мақсат та мемлекеттік тілге қатысты өзге де
маңызды шаруалар сияқты орындалмай жатыр. Егер мемлекеттік
бағдарламадағы осы бағыт орындалмайтын болса, онда елімізде
7
тіл үйретуді жүйелеу әлі де қисапсыз сан жылдарға созыла бер-
мек. Ол қоғамда қазақ тіліне қатысты жағымсыз үш мәселені
қалыптастырады. Біріншіден, мемлекеттік тілді үйрету әдісте-
месінде жүйелілік сақталынбайды; екіншіден, тіл үйрету нәтиже
бермейді; үшіншіден, қоғамдық ортадағы «қазақ тілі - қиын тіл,
оқулықтары нашар, әдістемесі әлсіз» деген жаңсақ пікір көбей-
месе, азаймайды.
Мемлекеттік бағдарламада қарастырылған тіл үйретудің жоға-
рыда айтылған тізбесінің әр бөлігі бойынша лексикалық мини-
мумдар қабылдануы тиіс деп ойлаймыз. Қазіргі кезде біз алдымен
ең болмаса, қазақ тілін білмейтін азаматтар үшін бастапқы деңгей-
дің осындай қажетті минимумын дайындауымыз керек. Бұл қазіргі
қалыптасқан жағдайда мектептің бастауыш сыныптарында, орта
арнаулы және жоғары оқу орындарының бірінші курсында және
ересек адамдарға арналған тілдік курстардың бастапқы деңгейін-
де үйретілуі керек. Мұндай тәжірибе әлемде баршылық. Айталық,
Жапондарда «Дзёё кандзи», «Кейку кандзи» деген сияқты міндет-
ті тілдік, иероглифтік міндетті минимумдары бар. Білуге тиісті
тілдік минимумдарды бекіту Ресейде де қолға алынды. РФ Білім
және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі «Шетел тілі
ретінде орыс тілін меңгерудің деңгейлері және оның талаптары»
атты № 255 бұйрығы бұл елге сырттан келіп жұмыс істейтіндердің
орыс тілін білуін міндеттейді. Осы бойынша олар 780 сөз білуі
тиіс. Қазіргі халықаралық тәжірибеде, оның ішінде, Қазақстанда
да танымал болған ағылшын тілін меңгерудің американдық TOEFL
және британдық IELTS жүйелері де белгілі бір тілдік минимумды
білуді талап етеді. Атап айтқанда, осы екі танымал жүйе ауқымын-
да 650-900 сөзден тұратын мәтінді білу қажет.
Тіл үйретуде аса қажетті лексиканы таңдаудың ғылыми-әдісте-
мелік дәстүрлері ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан басталады
екен. Мәселен, 1921 жылы «Teachers Word Book» атты сөздігін-
де Ф.Л.Торндайк ағылшын тілінің жиі кездесетін 10 мың сөзін
4 миллион сөздік қолданыстан тұратын әр алуан мәтіндерден
жи нақ таған екен. 1930 жылы ағылшын жазушысы әрі лингвисі
8
Ч.К.Огден Лондон қаласында ағылшын тілінің негізгі лексика-
сын қамтыған «Dictionary of Basic English» атты сөздігін шыға-
рады. Бұл сөздік 850 сөзді құраған. Автордың ойынша, осы сөз-
дер қарапайым деңгейде тілдесуге жеткілікті екен. Бір қызығы
- Ч.Огден сөздігін зерделеу мақсатында 1943 жылы сол кездегі
Ұлыбритания Премьер-Министрі Уинстон Черчилль мен АҚШ
Президенті Франклин Рузвельт арнайы комитет те құрыпты.
Егер соғыс жағдайында қос империя басшылары осындай ша-
раға барса, онда лексикалық минимумның тіл үйретудегі маңы-
зының айрықша болғандығы. Ағылшын тілінің мамандары бұл
сөздіктің бүгінде маңызын жоймағандығын жазып жүр. Бастапқы
сөздік қорды қалыптастыруға бағытталған дәл осындай сөздіктер
1930 жылдардан бері әртүрлі авторлар тарапынан дайындалып
келеді. Солардың ішіндегі аса танымал болған тәжірибелердің
бірі – ағылшын тілін үйренуге арналған Эрих Вайс сөздігі. Ол
ағылшын тілін үйрену үшін бастапқыда ең басты 107 сөз қа-
жет деп есептейді. Автордың ойынша, осынша мөлшердегі сөз
күнделікті ауызекі тілдің 50 пайызын қамтиды екен. Ресейлік
А.В. Петроченков ауызекі тілде қолданатын сөздердің 50 пайы-
зын қамту үшін 135 сөз керек деп санайды.
Ғалымдардың айтуынша, белгілі бір тілде ең қарапайым дең-
гейде сөйлеу үшін адамға 400-500 сөз білу қажет екен. Мәселен,
500 сөз дейік. Енді сөздік қоры аса мол қазақ тілінен осы көлем-
дегі сөзді қалай іріктеп аламыз соған келейік. Осы арада сөз ірік-
теудің қағидаттары жөнінде келісіп алғанымыз жөн. Енді осы
қағидаттарға келейік. Біріншіден, әрбір тіл өзінің семантикалық
жағынан белсенді лексиканы қалыптастырады. Адам бір тілде
сөйлеп ойын білдіру үшін соған орай сөздерді таңдайды. Яғни,
сөздердің семантикалық мәні алдыңғы қатарға шығады. Мұны
сөз таңдаудың семантикалық құндылық қағидаты делік; екінші-
ден, әрбір тілдің өз табиғатына сай тіркесу заңдылықтары бола-
ды, демек, бұл арада біз сөздердің өзара байланысу ретіне мән
беруіміз керек. Оны сөздердің тіркесу қағидаты дейміз; үшінші-
ден, бастапқы деңгейде тіл үйретуде ауыспалы мағынадағы сөз-
9
дердің, архаизмдердің, неологизмдердің, терминдердің, диалек-
тілердің алынбағаны жөн. Яғни, баршаға, әсіресе, өзге тілді тіл
үйренушіге біз номиналды мағынадағы сөздерді ұсынамыз. Осы-
ны тура мағыналы сөздерді ғана таңдау қағидаты деп атаймыз;
Достарыңызбен бөлісу: |