22
Осы уақытқа дейін бір шешімін таба алмай келе жатқан түйт-
кіл мәселелердің бірі кәсіби-салалық бойынша оқыту. 2000 жыл-
дың басынан бері айтылып келе жатқан мәселе, ол бір шешімі
қиын, түпсіз терең ғылым деп санаймын. Сала бойынша оқыту
үшін бағдарлама бойынша сабақ үлгісіндегі тапсырмалар мен
жаттығуларды әр оқытушы салаға бейімдеуі керек, сонда әр са-
бағымыз тиімді болады. Себебі тыңдаушылармен етене жақын
жұмыс жасайтындар оқытушылар, сондықтан олар өзі сабақ бе-
ретін мекеменің құжат айналымын, жұмыста қолданатын термин-
дерін жақсы біледі. Осылайша, бір жыл сабақ берген оқытушы
келесі жылдары әдістемелік қорын толтырып, толықтырып оты-
рады. Соның нәтижесінде сала бойынша сабақ жоспарларының
жүйесін қалыптастыруымызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: