23
қазыналық кәсіпорынын құру туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің № 1545 қаулысы шығып орталық өз жұмысын баста-
ды. «Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республика-
лық үйлестіру – әдістемелік орталығы» осылайша ашылды. Ал
облыстардағы оқыту орталықтарын ашу жөнінде не бір қаулы, не-
месе жарғы таппадық. Біздің сүйенетіндеріміз Қазақстан Респуб-
ликасының Мемлекеттік хатшысы О.Әбдікәрімовтің тапсырмасы,
ҚР Премьер-Министрі Д.Ахметовтің 2006 жылғы 30 маусымдағы
кеңесте берілген №24-5/007-425
хаттамасына сәйкес және Пре-
мьер-Министр кеңсе басшысы А. Тлеубердиннің 2006 жыл ғы 7
қыр күйектегі №24-5/007-425 (3-тармақ) хаттамасына сәйкес, Қа-
зақстан Республикасы Конституциясының 7-ші және 93-бапта-
рын орындау мақсатында және облыс әкімінің қаулысы негізінде
ашылдық. Соңғы кездері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
ұлттық бюросы, Тексеру комиссиялары, Прокуратуралардың тек-
серіс барысында қашан, қалай, қайтып деген сұрақтардың астына
алғанда мына заң бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз деп көр-
сететін құжатымыз жоқ. Мәселен, орталықтардың нормативтік-
құқықтық құжаттары болмағандықтан,
қызметтік мәні дұрыс
анық талмады. Орталықтар Мәдениет және спорт министрлігінің
ұсы нысымен құрылса да, ҚР «Мәдениет туралы» заңында тілдің
мәдени құндылық екені көрсетілмеген. Мәдениет және спорт ми-
нистрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс коми-
тетіне Мемлекеттік бағдарламаның бірінші және үшінші бағыт-
тарының нысаналы индикаторларының орындалуы туралы есеп
беріп отырсақ та, Комитетпен тікелей құқықтық байланысымыз
жоқ. Бұл мәселелер министрліктің және Тіл комитеті басшыла-
рының алдында бірнеше рет көтерілген болатын, алайда шешімін
таппады. Республикадағы оқыту орталықтарының меншіктік
ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі: мәселен, мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорын;
жауапкершілігі шектеулі
серіктестік; коммуналдық мемлекеттік мекеме. Орталықтардың
меншіктік ұйымдық-құқықтық нысандарының әртүрлі болуынан,
оларға қойылатын талаптар да бірдей емес.
Орталықтардың ұйымдық-құқықтық нысанын, құрылымын, жұ-
мыс тәртібін реттейтін құжаттар (регламент), біліктілік талаптары
24
туралы бекітілген нормативтік-құқықтық құжат жоқ. Оқыту орта-
лықтарының құрылуына тек хаттамалық шешімдер ғана негіз бо-
лып отыр, ары қарай жұмысын реттейтін ресми құжат жоқ (қаулы).
Достарыңызбен бөлісу: