Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация


«Ми шабуылы» нені қарастырады



Pdf көрінісі
бет15/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
«Ми шабуылы» нені қарастырады:
- даулы мәселелерді талқылау
- талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ын-
таландыру; 
- қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау
- дәрісханалардың дайындығы мен хабарландырылуын анық тау. 
«Ми шабуылы» аяқталғаннан кейін (орташа 4-5минут), жауап-
тың барлық нұсқаларын талқылау керек, бастыларын және келе-
сілерін таңдау қажет. 
Шағын дәрістер
Шағын дәрістер теориялық материалды ұсынудың тиімді ма-
териалдарының бірі болып табылады. Оны бастар алдында ал-
дыңғы тақырыппен байланысты, ми штурмын немесе рөлдік 
ойынды өткізу қажет, ол қатысушылар үшін оның маңызын арт-
тырады, оларды ақпараттандыру дәрежесі мен тақырыпқа қаты-
насын анықтайды.
Материал қатысушылар үшін түсінікті тілде мазмұндалады. 
Әрбір терминге анықтама беру қажет. Теорияны «жалпыдан же-


47
кеге» қағидаты бойынша түсіндірген дұрыс. Келесі сұраққа кө-
шер алдында айтылғандардың бәрін жинақтау және сіздің дұрыс 
түсінгеніңізге көз жеткізу керек.
Дәріс аяқталғаннан кейін қатысушыларда пайда болған барлық 
сұрақты талқылау керек, содан кейін аталған ақпаратты тәжірибе-
де қалай қолдануға болады және мұны қандай нәтижемен жүр-
гізуге болады, сол туралы сұрау керек.
Шағын дәрістерді интерактивті режімде өткізу үшін қандай да 
бір ақпаратты хабарлар алдында оқытушы қатысушылардан бұл 
туралы не білетінін сұрайды. Қандай да бір бекітуді ұсынғаннан 
кейін оқытушы бұл мәселе бойынша қатысушылардың ой-пікірін 
талқылауға ұсыныс жасайды. Мысалы:
- Ал сіз қалай ойлайсыз?
- Сіз мұны қалай істеуді ұсынасыз?
- Бұл неге алып келуі мүмкін, сіз қалай ойлайсыз? және т.б.
Шағын топтардағы жұмыс 
Мұнда жоба құру қажет. Аталған жағдайда ең тиімдісі – топ-
тарда жұмыс істеу. Бұл әдіс оқу-жаттығу ортасын ұйымдастыра-
ды. Алғашқыда басқа ресурстар болмаса, қолдау (кеңес, нұсқау-
лар береді) көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет