21
Қ.Б.Төлекеев
Ақмола облыстық
оқыту-әдістемелік
орталығының директоры
ОҚЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ КЕШЕГІСІ,
БҮГІНІ, ЕРТЕҢГІСІ
Республика бойынша оқыту орталықтары Тілдерді дамыту
және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен шыға-
рылған Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республика-
лық үйлестіру-әдістемелік орталығының әдістемелік кұралдарын
пайдаланып, жұмыс жүргіздік. Атап айтқанда,
«Жаңа тол қын»,
«Астана», Мәртебелі сөз», «Қазақстан Республикасы ның
мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» оқу-әдістемелік
кешендері.
Республикалық орталықтың жасаған әдістемелік кешендері
ұшан-теңіз. Осының арқасында жұмысымызды жалғастыра, жан-
дандыра білдік. Алайда әр өңірдің тыңдаушыларының тіл білу
деңгейі, тілге деген көзқарасы бірдей болмайды, сондықтан об-
лыс орталығындағы
орталықтар шамасы келгенше, тыңдаушы-
лардың сұранысын ескере отырып,
кейбір облыстардағы Орта-
лықтар өздерінің бағдарламаларын пайдаланды. Республикалық
орталықтан келген әдістемелік құралдарды үлгі тұтып, өз бағдар-
ламаларымызды толықтырып, тереңдетіп отырдық. Сол кездері
Қарағандының «Сарыарқасы»» Жамбылдың «Таразы», Қоста-
найдың «Тобылы», Ақмоланың «Көкшетауы» сияқты өз облыста-
рында тиімді қолданыста болды.
Қазіргі таңда қазақ тілін меңгерудің
коммуникативтік тілдік
құзіреттіліктерін анықтайтын мемлекеттік стандартқа негізделген
«Қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде» оқытудың кешен-
ді әдістемесін қолданамыз. Оқыту нәтижесі тіл үйренушілердің
қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ компью-
терлік бағдарлама арқылы анықталады. Бұл – ең қолайлы және
нәтижелі әдіс. Облысымыздағы 20 Орталықтың барлығы да осы
әдістемені басшылыққа алып, жұмыс атқарып жатыр.
22
Осы уақытқа дейін бір шешімін таба алмай келе жатқан түйт-
кіл мәселелердің бірі кәсіби-салалық бойынша оқыту. 2000 жыл-
дың басынан бері айтылып келе жатқан мәселе, ол
бір шешімі
қиын, түпсіз терең ғылым деп санаймын. Сала бойынша оқыту
үшін бағдарлама бойынша сабақ үлгісіндегі тапсырмалар мен
жаттығуларды әр оқытушы салаға бейімдеуі керек, сонда әр са-
бағымыз тиімді болады. Себебі тыңдаушылармен етене жақын
жұмыс жасайтындар оқытушылар, сондықтан олар өзі сабақ бе-
ретін мекеменің құжат айналымын, жұмыста қолданатын термин-
дерін жақсы біледі. Осылайша, бір жыл сабақ берген оқытушы
келесі жылдары әдістемелік қорын толтырып, толықтырып оты-
рады. Соның нәтижесінде сала бойынша сабақ жоспарларының
жүйесін қалыптастыруымызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: