Болашақта: - Мәдениет және спорт министрлігі немесе Тіл комитетінің заң-
герлерінен құрылған комиссия оқыту орталықтарының құрылы-
мы туралы нормативтік құжаттарды анықтап, дұрыс шешімін та-
уып берсе;
- Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым ми-
нистрлігі бірлесе отырып, оқыту орталықтары педагогтарының
біліктілігін арттыру және аттестаттау мәселелерін шешу жолда-
рын қарастырса;
- Ересектерге тілдерді оқыту орталықтарының ұйымдық-құ-
қық тық нысаны, құрылымы, қызметтік мәні, функционалдық
міндеттері, біліктілік талаптары бойынша республика деңгейінде
Типтік ереже (типовые правила) бекітілсе.
- «Ш. Шаяхметов атындағы орталық заңды тұлға ретінде құ-
рылғандықтан, қалған орталықтар неге осы орталықтың фили-
алы болмасқа. Аталған мәселелерді үйлестіріп, бір жолға қою
– Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің
«Ш. Шаях метов атындағы Тілдерді дамытудың үйлестіру – әдіс-
темелік орталығына» жүктелсе деген ұсынысымыз бар.
Сөз соңында оқыту орталықтарының директорларына тағы бір
айтар ұсынысым бұл ұсынысты 11 жыл бойы айтып келемін Ор-
талықтардың меншіктік ұйымдық-құқықтық нысанын мүмкіндік
болса, Коммуналдық-мемлекеттік мекеме қылып қайта құрсаңыз-
дар, себебі жекешелендірудің екінші кезеңінде Орталықтарымыз-
дың жағдайы алдыңғы, былтырғы жылдардағыдай қайталануы
мүмкін.
Мемлекеттік бағдарламада көзделген нысаналы индикатор-
ларды орындау бағытында үлкен жұмыс атқарып жатқан оқыту
орталықтарының қызметін заңдық тұрғыда реттейтін норма-
тивтік-құқықтық құжаттардың қабылдануына ықпал етерсіздер
деген үмітпен сөзімді аяқтаймын.