Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп


– Ал Көкбай Жанатайұлының Абай



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата12.03.2017
өлшемі3,28 Mb.
#9213
1   2   3   4   5   6

– Ал Көкбай Жанатайұлының Абай 

жөніндегі естеліктері абайтану саласын 

жолға қою, жүйелеу ісіне үлкен үлес 

болып қосылды деп айта аламыз ба? 

– Әрине. 1924 жылы Абайдың дүние-

ден өткеніне 20 жыл толуына орай Семей 

қаласында әдеби кеш өтеді. Көкбай осы 

кеште Абайдың мінез ерекшеліктерін, өзі 

білген ұстазы жайлы әңгімелерді, Абайдың 

ақындық тұлғасын сипаттап шығады. 

Көкбайдың осы пікірлері Абай мұрасы мен 

ақындық ерекшеліктерін танып бағалауға 

үлкен көмегін тигізген. Көкбай әңгімесінің 

аса құндылығына Мұхтар Әуезов жоғары 

баға берген. Әрине, данышпан ақынмен 

25 жыл жолдас болып, үнемі қасында 

болған Көкбайдың Абай туралы берер 

мағлұматы шексіз болатын. Мәскеу, Томск, 

Ленинград сияқты қалаларға шейін барып, 

ауруынан жазылсам деп жанталасып 

жүрген Көкбай науқасы ауыр болса да, 

Абай кешіне келіп, өзі білетін дүниелерін 

айтып шығады. Көкбай өз естелігінде 

Абайдың мінез көріністерінің ерекшеліктері-

не тоқталу барысында, ақындық тұлғасы, 

келбеті, адамгершілік қасиеттері сияқты 

көптеген жайды қамтуға тырысқан. Абай-

дың кепілдікке алып, жолдастықтары 

басталғаннан бастап өзі көрген, байқа ған, 

есіне сақтағандарын ешбір қоспасыз, 

шынайы баяндайды. 

Көкбай әңгімесінде ұстазының шын-

дық ты, әділетшілдікті басты орынға қоя 

білген қасиетіне де мән береді. Абайдың 

ерекше мырзалығы, жомарттығы, дүние-

қор еместігі, малшысына адалдығы, ақша-

ға да сараң болмағандығы, қонақшылдығы 

мен тоғызқұмалақты қызығып ойнай тын-

дығы, жас кезіндегі аңшылығы – барлығы 

Көкбай естелігінде көрініс тапқан. Сол 

себеп ті де Көкбай Жанатайұлының Абай-

дың мінез көріністері туралы айтқан 

естелік-әңгімесі абайтануға қосылған 

құнды деректің бірі деп білеміз. Мұхтар 

жазған Абай өмір баянына бұл еңбектің 

тигізген үлесі ерекше мол. «Онан соң 

Абайдың өмірбаянын толық етіп жазуда да 

Көкбай айтып берген материалдар аса көп 

еді. Олар құнды деректер болатын. Тек 

Көкбайдың Абай тұсында айтқан естелігі 

толық жазылмады. Бірақ 1933 жылы біз 

құ растырып жазатын алғашқы толық өмір-

баянның көп фактілері Көкбайдың аузынан 

алынған», – дейді Мұхтар Әуезов. 

Абай шығармалары жинағының толық 

болып шығуына да Көкбайдың еңбегі зор 

болғанын атап айтуымыз керек. Яғни 

Көкбайдың қазақ әдебиетіне қосқан үлкен 

үлесі – Абайдың асыл мұрасын аман сақ-

тап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізгендігі. Дана 

ақынның дара шәкіртінің кемеңгерлігі де 

осында. 

– Абайдың дарынды шәкірті және 

сүйікті ұлы Ақылбай да әке тағы-

лымынан ой түйіп, өнеге алған жан-

жақты, өнерлі жан болса керек. Бірақ 

көпшілік қауымның Ақылбай туралы 

білетін мағлұматы өте аз... 

– Ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы 

ата жолымен атастырып алған бәйбішесі 

Ділдәдан он алты жасында бала сүйеді. 

Осы 1861 жылы туған тұңғыш баласын 

Ақылбай деп атайды. Ол туғанда Абайдың 

өзі де жас, енді ғана жаңа отау құрып 

отырған кезі болатын. Құнанбайдың кіші 

әйелі Нұрғаным бала көтермегендіктен, 

Ақылбайды кішкентайынан бауырына 

салып, асырап алады. Ақылбайдың Нұрға-

ным ның қолында тәрбиеленіп, әкесі Абай-

дан аулақ өскенін, ең бастысы, оның 

аңқаулығын пайдаланған Абайға қарсы 

адамдар әке мен баланың арасына от 

жағып, зұлымдық айла жасап, бір-біріне 

қарама-қарсы қойып, екеуін тіпті ажырат-

пақ та болған.

Елдің жымысқы әрекетін, баласының 

сенгіш, аңқылдаған мінезін байқаған Абай 

осы кезде «Ата-анаға көз қуаныш» деген 

өлеңін жазған. Онда Абай әр ата-ананың 

баласын мәпелеп, еркелетіп өсіретінін, 

олардың тәлім-тәрбиесіне айрықша мән 

беретінін баяндай келіп, егер бала жасынан 

отбасы, ошақ қасынан аса алмай, үйкүшік, 

жасық болып өссе, онда әке-шеше еңбегінің 

зая кететінін, үміт-арманының орындалмай-

тынын, баланың жағымсыз тәрбиелерден 

пайда болған жағымсыз әдеттерін айтады. 

Сондықтан ақын жас ұрпақты жаңалық 

атаулыға үйір, талапты, жігерлі болуға, 

қатарынан қалмауға, масыл болмауға 

шақырады. Елін, жерін сүйер, ата-анасын, 

туған-туысқанын сыйлар жақсы азамат 

тәрбиелеуді басты шарт етіп қояды. 

Абайдың бұл өлеңі бейқам жүрген 

талантты Ақылбайға үлкен ой салып, қатты 

толғантады. Бұл кезде Абай ауылы ақын-

жыршыларға толы, Абайдың ақындық 

мектебінің мағыналы сәттері өтіп жатқан, 

шәкірттерінің ұстазы төңірегіне жиналып, 

нағыз үлкен үлгілі мектепке айналған 

болатын. Бұл әрі Ақылбайдың жігіт ағасы 

болып қалған кезі еді. Содан бастап Ақыл-

бай Абай алдында ақын шәкірт болып, 

өзінің талантты інілеріне ақын аға, Ақыл 

аға атанып өтеді. Абайдың ақындығын 

танып, оның ақын шәкірттерімен болған 

мәжілістері мен өсиеттері қатты әсер еткен 

соң, Ақылбай өз бойындағы дарынын, 

ақындық қасиетін жарыққа шығара 

бастайды.

Ел аузынан жеткен әңгімелер Ақыл-

байды бай-кедей мен үлкен-кішінің бәрін 

бірдей көретін, атының айылы ағытылып 

жүрсе де жығыламын, құлаймын деп 

ойламайтын, соншама ақкөңіл, аңқылдаған 

бейқам адам болды дейді. Дойбы сияқты 

ойыннан ешкімнен ұтылмаған. Қылқобыз-

ды да, домбыраны да Шыңғыстауының 

қайыңы мен тал-терегінен өзі жасап алып, 

ойнай беретін музыкант, ақын әрі ісмер 

болған. Ең негізгісі, Ақылбайдың ақындық 

қарымы да осал болмаған. 

– Абай шәкірттерінің өз заманын-

дағы қоғамдық, саяси, әлеуметтік жағ-

дайларға ықпал-әсері, соған байла-

ныс ты көзқарасы және қарым-қаты-

насы қандай сипатта көрінді? 

– Абай шәкірттері өз заманындағы 

қоғамдық-саяси өмірден тыс қалмаған. 

Мысалы, Шәкәрім жас шағында болыстық 

қызметтерді атқарса, кейіннен депутаттық 

қызмет, яғни Семей уездік земство жиы-

нына депутат болып, земство жұмысына 

араласады. Шәкәрім және басқа да Абай 

шәкірттері әрдайым ХХ ғасырдың алғашқы 

жартысындағы қазақ еліндегі ұлт-азаттық 

қозғалысты, «Алаш» партиясының негізін 

қалаушы Әлихан Бөкейхановты қолдап 

отырған. Алаш қайраткерлерімен ертеден 

таныс болып, жақсы байланыста болған. 

Мысалы, Шәкәрім 1918 жылы Алашорда 

басшыларының шақыруымен Семей 

қаласына келіп, Алаш соты ретінде билік 

айтса, Алашорда үкіметінен кейін 1919-

1920 жылдары Семей уезінің Шыңғыс бо-

лы сы бойынша халық сот болып қызмет 

ат қар ғандығы туралы ресми құжаттар сақ-

тал ған. Ал қазақ халқының нағыз қам қоры, 

туған халқы үшін бастарын құрбан дық қа 

байлаған адал азаматтарының тағды ры 

Көкбай ақынды терең тебі рентеді. 

 Қарағым, жалғызымсың қазақтағы,

 Ұл тумақ сендей болып өз-ақ тағы.

 Өгіз өліп, болмаса арба сынып

 Өмірің өткен жансың азаптағы, – дей 

келе, «Анау бір Орынборда екі жігіт, сенен 

соң жұрт солардан қылады үміт» деп, 

Орынборда «Қазақ» газетін шығарып 

жүрген А.Байтұрсынов пен М.Дулатовты 

өлеңге қосады. Осы үшеуі ел тарыққанда 

жол сілтейтін, елі үшін тәуекелге бел 

байлайтын қазақтың адал перзенттері 

екендігін халықтың түсінгендігін айтады. 

Көкбай 1901 жылы Мұқыр болысына 

молда болып сайланады. Ұстазы Абайдың 

ақыл-кеңесімен, рұқсатымен 40 жасынан 

бастап Тақыр өзенінің бойындағы 

қорасының қасынан медресе салып, бала 

оқытуға кіріседі. Медресе алғаш ашылған 

жылдары оқушылардың саны өте көп 

болады. Көкбай медресесінде оқыған 

шәкірттердің естелігіне қарағанда, осы 

жылдары 200-300-дей оқушылар білім 

алған. Онда бір Көкше не Тобықтының 

балалары ғана емес, бірнеше болыстардан 

да келіп оқыған. 

Медреседе сабақ мұсылманша, яғни 

арабша және орыс тілінде жүргізілген. 

Көкбай шәкірттеріне араб тілін үйрету үшін 

«Араб тілінің қағидаларын» өлеңмен жазып 

шығады. Орыс тілін үйрету үшін Семейден 

үш орыс мұғалімін жалдап әкелген. Кейіннен 

медреседе мұсылманша оқуды халифелері 

жүргізсе, орыс тілін Көкбайдың өзі 

оқытыпты. К.Жанатайұлы Тақырдағы 

медресесінде ұстаз бола жүріп, сол кезде 

құрылып жатқан уездік земство ның мүшесі 

болады. Абай шәкірттерінің Алаш 

қайраткерлерімен жақын ара ласқандығын 

дәлелдейтін бір жайт – олармен бірге түскен 

суреттерінің сақталуы. 

 – Сіздің ойыңызша, Абайдың ақын-

дық мектебі мен шәкірт-достарының 

шығармашылығы өз дәрежесінде 

зерттелді ме? Осы орайда әдебиетші 

ғалымдар назарынан тыс қалып келе 

жатқан қандай жайттар бар?

– Абайдың ақындық мектебінің да-

рынды өкілдері мүлдем зерттелмей жатыр 

десек, артық айтқандығымыз болар. Бір 

ғана Қайым Мұхамедхановтың 50-жыл-

дардағы қудалауға түскен диссерта циясы, 

осы негізде кейіннен жарық көрген «Абай-

дың ақын шәкірттері» атты кітабында әр 

ақын жеке-жеке зерттеу нысанына алынған. 

Шәкәрімнің сан-салалы шығарма шылық 

мұрасын каншама ғалымдарымыз зерттеп 

жатыр! Сол сияқты Көкбай, Тайыр, Әсет, 

Әріп, Төлеу, Сапарғали, Шәкір, Қалихан 

сынды ақындар туралы диссерта 

циялар 

қорғалып, монографиялар жарық көрді. 



«Абайдың әдеби ортасы» жеке докторлық 

диссертация дәрежесінде де қорғалды. 

Әйтсе де Абай мектебі өкілдері әлі толық 

зерттеліп болды деуге еш келмейді. 

Мысалға, бір ғана Көкбайды алайықшы. 

Ақынның кейбір поэмалары әлі де табылмай 

жатыр, сол сияқты араб тілінің қағидаларын 

өлеңмен жазған көлемді шығармасы 

зерттеу нысанына алынбаған, тіпті толық 

мәтіні де араб қарпінен аударылып жария-

ланбады. Осының өзі алдағы уақытта бұл 

бағытта атқарылар қыруар шаруаның бар 

екендігін көрсетеді. 

Сұхбаттасқан 

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

БІР ПІКІР

... Мұхтар Әуезов негізін қалаған Абайды тану ілімі тек қана Абай 

шығармашылығының, Абай даналығының жан-жақты зерттелуімен, 

ғұмырбаяндық нақты деректердің мол болуымен толықпайды. Ол 

сонымен қатар Абай дәстүрін жалғастырған заңды мұрагер ақындар, 

өмірде, өнерде, өлеңде өнеге алған шәкірттері шығармашылықтарымен 

бірге толысып, қазақ әдебиетінің үлкен іліміне айналады. Шындығында 

да, Шәкәрім мен Көкбайсыз, Әріп, Уәйіс, Тайырсыз, өз балалары Ақылбай 

мен Мағауиясыз Абай әлемін толық таныта білу мүмкін емес. 


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№161 (613) 



14.09.2011 жыл 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

7

ПАРАСАТ



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Шәкірдің ән арнаған 

Дауасы кім?

Шәкір ақсақалдың он 

екі ұл-қызы болған. Олар-

дың көбі жастай өмірден 

өткен. Қыз дың үлкені Дауа 

Шәкір қызы  (1945-1966) 

Ал ма тыда 

Қыздар 


пе-

дагогикалық институтында 

оқып жүрген шағында, біті-

рер уақытында кенеттен көз 

жұмған. Дауа жайлы естелік 

жазғандар көп. «Семей 

таңы» газетіне Ақан Кен-

жеханова «Азулы ақын ның 

сүйікті қызы» деген атпен 

мақала жазған. «Қыз Жібек» 

фильміне Жібектің рөліне 

кастингіден ең ал ғаш өткен 

де осы Дауа бол ған екен. 

Бірақ Дауаның өзі тү 

суге 

ықыласты болмаған.



Шәкір Әбенұлының өмірінен ойып орын алған 

қызы Дауа қандай адам болған?

Шәмшіқамар ЕРҒАЛИ, Петропавл

АҚИҚА


Т

Шыңғыстаудың шежіре қарттары Қа-

быш Кәрімқұлов, Жұмакүлбай Базарбаев, 

Шә кір Әбенов айтатын Абайдың өлеңдері 

мен кітаптағы өлеңдердің арасында сөздік, 

образдық, ырғақтық айырмашылықтар 

бар. Енді оны қағазға түсіру мүмкін емес. 

Жұ макүлбайдың аузынан «Абай айтты» 

деген үш-төрт ауыз сөз жазып алғам, ке-

зінде «Білім және еңбекке» шыққан да бо-

латын. Артынан қарасам, Абайдікі емес. 

Абай ға лайықталып жазылған Шәкір қу-

дың өлеңі екен. Шәкір: «Мен кезінде Абай 

сияқты өлең жаздым. Жұмакүлбай сияқты 

қуларға таратып жібердім. Артынан қа ра-

сам, Абайға түк қабыспайды екен. Оларды 

қойымды сойып шақырып, «енді сендер 

бұл өлеңді ұмытыңдар, бұл өлеңді жазған 

мына – мен» деп көздерінше отқа жақтым» 

дегені бар. Шалдар ақымақ қылғысы кел-

се, осындай өлеңдерді айтып беретін. Ес-

ті гендер «Абайдың өлеңін таптым» деп 

жа зып жүреміз. Абай жайлы мәліметтер 

жи науға бірінші рет Абайға барғанымда, 

мені де солай мазақ қылып жіберген. Ар-

тынан тіл табысқаннан кейін, Қабыш, 

Шәкір, Жұмакүлбай сынды шалдар «ойбай, 

Тұр сын келді, бұған шындығымызды ай та-

мыз» дейтін болды. Абайдың жаңа өлеңін 

таптым дегендер болса, астарына үңілу 

керек. Егер Шәкір Әбеновтің бір сөзі бай-

қа лып қалар болса, ол Абайдікі емес. Бірақ 

Шәкір ол өлеңдерін «бір-екі-ақ адам айтып 

жүр, басқа тірі жан білмейді, оны өзім де 

ұмыттым. Абайша өлең жазбақ болдым. 

Бірақ Абай бола алмадым» деген еді. Қал-

жың ның үстіндегі жайлар кейде шындыққа 

айналып кетеді. 1975-77 жылдарға дейін 

Абай ауданына барып, аты аталған қарт-

тар дан Абай туралы естелік алғанда, жа-

ңа ғ ыдай қалжыңдарға ұшырастым. Бұлай 

әзілдесуінің себебін сұрағанымда, «Абай 

тура лы болмайтын сұрақтарды қойып, ма-

за ны алатын ақымақ зерттеуші, жур на лис-

тер ге ызамыз келеді» дейтін.

Жазып алған Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

Шәкір Абайша өлең жазған

Сарыарқа – туған жерім, елім – қазақ 

Қазақ елі ежелден көкседі азат. 

Көп естіп, көпті көріп, аз білсем де,

Мен бір ғасыр куәсі – экспонат. 

Біз көрген зобалаңда, қуғын-сүргін, 

Енді ешкім көрмес үшін

 

  қанды 

қырғын, 

Бар ұлттың тілін тауып, табыстырған, 

Нұрсұлтаным, жұлдызың жанды бүгін. 

Зерек ақыл, зерделі ой, батыл жүрек, 

Жаманат жапсыра алмас жатың тілеп. 

Қарадан хан туған деп қадірлеген, 

Қазағың ғұмырыңды отыр тілеп. 

Абылайым бүгінгі Сен емес пе? 

Қазағым өзге жұртпен тең емес пе?! 

Халқыңа Тәуелсіздік нұрын шаштың, 

Тар асу, тайғанақ жол, кер белесте. 

Ақ киізге көтеріп, хан сайласқан, 

Қарт атаң тоқсан бірде мен емес пе?!

Халқың сүйген перзенті екенсің, енді 

сол халқың айтар бата берейін. Қазақта 

бата деген екі түрлі болады: бірі — негізгі 

бата, екіншісі – лебізді бата. Негізгі бата – 

халықтікі. Халық қастерлеген басшысына 

адал қызметі үшін батасын өзі береді. 

Лебізді бата дегеніміз – халықтың тап сыр-

ған аманат-тілегі, келешекке үміт-сенімі. 

Ол, негізінен, үш міндетке саяды:



1. Дүниенің бар игілігін өндіретін жұ-

мыс  шы, диқан, мал өсіруші қауымның 

та бан ақысын, маңдай терін зая кетірмей, 

ысы рапқа ұшыратпай ұқсатып, халықтың 

қа жетіне, игілігіне жарату;

2. Осыған кедергі жасап, кесел келті-

ре тін суыққол сұғанақтарға, қиянатшыл-

зор лық шыл зұлымдарға тыйым салу;

3. Қошеметшіл жағымпазға бой ал-

дыр  май, өз ісіңе де, өзгеге де сын көз бен 

қа рап, қате кетсе, өзің түзей білу. Осы үш 

та лап үдесінен көрінген басшы ел сенімін 

ақ  тары шүбәсіз, анық. Ендігі менің ле-

бізді батам, тұжырым-түйінім мынау:

Иллаһи аумин!

Халыққа береке, мынау қиын заманда 

бірлік беріп, ел тізгінін ұстап, еркіндікке 

жет кізген Нұрсұлтанның атақ-даңқы, абы-

ройы зорайып, тарихтың бетіне басылатын 

бол сын!.. Аллаһу акбар! 



(«Абай» журналы, 1992, №1, 77-бет)

БАТАГӨЙ


Тұңғыш Президентке

бата берген – Шәкір Әбенов

1991 жылы қараша айында Қазақстан Республикасының 

Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абай, Шәкәрім, 

Мұхтарларды тудырған киелі топыраққа тағзым етіп, Шыңғыстау 

өңіріне арнайы келгенде берген Шәкір ақсақалдың батасы: 

Шәкір Әбеновтің мұражайы бар ма?

Ақынның 100 жылдық мерейтойы 

қар саңында жерлестері, соғыс және 

еңбек ардагерлері Елбасы Нұрсұлтан 

Назар баевқа «Құндызды ауылындағы 

ақынның өзі салған үйін бүтіндей 

жөн  деп,  мұражайға  айналдырып 

мем  ле кеттік  бюджеттің  балансына 

берілсе, (қалдырып кеткен мүліктері 

бар)», – деп хат жолдады. Халықтың 

ұсы  ны сы ның  арқасында  өкіметтің 

қол дауымен ту ған ауылы Құндыздыда 

ақын ның мұ ражай-үйі ашылды, бір 

көшесіне ақын есімі берілді. Жи де-

байдағы Абай, Шәкәрім ескерткіш 

ке шендерін салған белгілі архитектор 

Б.Ибраев пен С.Назарбековтер бас-

таған топ Құн дызды бөктеріндегі Шә-

кір ақын қабірінің басына өз күш те-

рімен еңселі де кербез ескерткіш тұр-

ғызды. Мұ ра жай Шәкір ақын тұрған 

үйде  ұйым дас ты рылды.  1961  жылы 

ақын бұл үйді өзі салып, 1962 жылдан 

осы үйде тұр ған. 2002 жылы ақын үйі 

Абай дың  қо рық-мұражайының  құ-



Тәуелсіздік алған жылы Тұңғыш Президентке бата берген халық 

ақыны Шәкір Әбеновтің мұражайы бар ма? Болса, қайда орналас қан?

Өрік МЕҢДЕШҚЫЗЫ, Атырау

рамына кір гізіліп, құрылыс, қайта 

жөн деу және экспозициялық жұ мыс-

тар басталды. Мұражай экспозициясы 

ақын ның  өмірі  мен  шығар ма шы лы-

ғын бей не лей тін бес бөлімнен және 

аула, ша руа шылық қора бөлмелері 

көр 


ме кө 

ріністерінен тұрады. Бұл 

мұражай экспозициясының бір ерек-

шелігі – ақынның атақ-даңқын ал-

ғаш қы рет әйгілеген «Қозы Көрпеш 

– Баян сұлу» поэ масымен басталуы. 

Экс  по зи ция лық  шешім  бойынша  мұ-

ра жайға кел ген көрермендерді поэ-

ма ның бас кейіп керлері қарсы ала-

ды.


Төлеген ЖАНҒАЛИЕВ, Халықаралық Жамбыл қорының лауреаты, ақын, Шәкірдің хатшысы:

Тұрсын ЖҰРТБАЙ, Халықаралық «Алаш»,

І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтардың 

лауреаты, жазушы, алаштанушы: 

ЖЫР-ҒҰМЫР



– Төлеген аға, Шәкір ақсақалдың 

хат 

шысы болып, ақынның қасында 

жү руіңізге не себеп болды? 

– Сол кездегі Абай аудандық рай ко мы-

ның бірінші хатшысы Хафиз Матаев: «Шә-

кір шалға ие бол, қолжазбасын жинақта», 

– деп маған тапсырған соң, қасынан сегіз 

жыл бойы бір елі қалмай, осы күні ел ай-

тып жүрген бар шығармасын жинадым. Екі 

кітабын шығаруға атсалыстым. Шалдың 

қасында жүрген өмірім еш зая кеткен жоқ. 

Бірінші, ел таныды. Ә.Нұршайықов, З.Қаб-

до ловтар «шалды ертіп жүрген –Төлеген» 

деп, мен туралы да жазды. Шәкір арқылы 

еліміздің маңдайалды жазушылары Әзіл-

хан Нұршайықов, Әбу Сәрсенбаев, Қа ли-

жан Бекхожин, Сырбай Мәуленов, Қуан-

дық Шаңғытбаев, Зейнолла Қабдолов, 

Са фуан Шаймерденовтермен Алматыда 

дәмдес, дастарқандас болдым. Екіншіден, 

шалдың қадір-қасиетін түгелдей білемін 

десем артық айтқандық емес. Шәкір менің 

әкем Жанғалиды Әріп Тәңірбергенов 

құралпы ақын деп бағалайтын. 



– Шәкір атаның ерекше қасиеттерін 

айтып берсеңіз.

– Шәкірдің қабілеті көп. Эпикалық жа-

ғы нан поэзиясы кең тынысты, ауқымдылық 

жағынан қазір Шәкірге жететін ақын жоқ. 

Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллиндердің 

поэмасы ұзаса 400-500 жол болады. «Құ-

ла гердің» өзі екі баспа табақтай, ал Шә кір-

дің әрбір поэмасы – бір кітап. Оқымай-то-

қы май, «Таңшебер–Жапал», «Кейпін ба-

тыр» сынды дастандар тудырған ақынға 

Құ дай қасиетті үйіп-төгіп берген. Поэма 

жа затын ақындар қазір некен-саяқ. Оның 

поэ 

маларынан бүтіндей бір дәуірдегі 



адам дардың мінездерін, қарым-қаты нас-

тарын көресің. Адам бір роман оқығандай 

болады. Адам портретін берудегі шеберлігі 

керемет. Ал қазір батыр туралы жазса, 

соны ғана дәріптейді. Шәкір Қодарды су-

рет тегенде «кеудесіне біткен түгі бұршақ 

соққан шалғындай ығы-жығы» дейді. 

Қан дай тамаша сурет! 

Екінші ерекшелігі – ән-күйлерінде өзіне 

дейінгі ақын-сазгерлердің сарынын пай-

да лануы. Бірде Шәкір Әріп Тәңірбергеновке 

бар са, сықылықтап күліп: «Тобықтылардың 

шы ғармайтыны жоқ. Ендігі шығарып отыр-

ған дарын қарашы – үш шекті домбыра. 

Домбыраларының өзі шата болып келеді» 

депті. Үш шекті Абай домбыраның үшінші 

шегінен мандалинаның үні шыққанын 

Әріп «шата» деп отыр. Шәкірдің әндері 

мен күйлері үш шекті домбыраға арналып 

жа 


зылған. Кезінде «Өнер» 

бас  пасына  үш  баспа  табақтай 

ән 

дері мен күйлерін но 



та-

сымен кітап етіп өткізгенбіз. 

Шалдың шал дыбар мінезінің 

ке сірінен шықпай қалды. Бас-

паның сол кездегі ди рек торы 

Сұлтан Оразалин болатын. 

Сол кітап әлі күнге дейін бас-

пада жатуы мүмкін. 20 шақты 

әні, 10-ға тарта күйі бар. Шә-

кір «Әнші моласы» деген әннің 

сөзі менікі болғанымен, әні 

менікі емес, Көкбайдың әні» 

деген бо ла тын. Ол кісі алты 

ақын 


ның сарынын білген. 

Сабырбай , Түбек жөнінде жи-

на ған  дү ние ле рі  –  бөлек  әң-

гіме. 


– Ақын-композитордың 

ашылмай жатқан қыры бар 

ма?

– Ашылмай жатқан қыры 

– прозалық шы 

ғармалары. 

«Маскүнем шебер» деген екі 

томдық үлкен хикаятын бая-

ғыда «Сов 

хоз туы» газетіне 

жа рияладым. Шығармасы қа-

зіргі прозаға мүлде ұқсамайды. 

«Мың бір түн» оқиғасы сияқты 

философиялық ас 

тарлы. 

Әрине оқымаған адам болған соң, сюжет, 



әдеби норма жағынан ақсап жа тады. Ал 

мазмұндық, ой тереңдігі жа ғынан дау жоқ, 

керемет. 

– Қуақы мінез, қалжыңбастығы 

туралы айтсаңыз.

– Досы Жұмакүлбай екеуі қалжың дас-

қанда, шыны қайсы, өтірігі қайсы айыра 

алмай қалатынмын. Қасқабұлақта Үбіғали 

деген бойы екі метрге жуық достары бол-

ды. Семеймен екі ортада бір күн жатып, бір 

марқасын жеп қайтатын үйлері – Үбі ға ли-

дың шаңырағы. Менің студенттік шағым. 



Шәкірдей эпик ақын жоқ қазір

70-жылы екі шалды мен Абайдан алып ба-

рып, Семейден қайтарда, Үбіғалидың үйі-

не соқтық. Бір шай ішіп болған соң, қып-

қызыл төбелес басталып кетті. Бір-бірін 

тарпа бас салып, айғайласа жөнелді. Жас 

кезім, зәрем ұшып кетті. Үбіғалидың бәй-

бі шесі үндемейді, теріс қарап отыр. Бір 

уақытта сап тыйылып қалды. Сөйтсем, бұл 

кісілердің қалжыңының өзі осындай ойын 

екен. Кемпірі менің білмейтінімді біліп, 

теріс қарап отыр екен. Әңгіме барысында 

бай қағаным, Жүкең есе бермей отырады 

екен. Шәкір шал сыйлай ма, әлде Жүкеңнің 

үл кендігінен бе, Жүкеңнің алдын кесе-көл-

де нең өтпейді. Жұмакүлбай қолма-қол ба-

сы мырақ сөз тауып, ұйқастырып отырады. 

Ана кісі үндемей отырады екен. Қайта Үбі-

ға ли ақсақал мына екеуінен де басымдау, 

«қазір сендерді сабаймын» деп мық ты лы-

ғын көрсетіп қояды. Бірақ ол кісі – әңгімеге 

жоқ, қара күштің иесі. 



– Шәкір көпті көрген шежіре ғой, 

әңгіме айтқанда майын тамызатын 

болар?

– Кеңес дәуірінде аузы күйіп қалған, 

әңгімені абайлап айтатын. Шәкәрім екінші 

рет тірілгенде, ол кісі бар. Өмірінде екі рет 

көрген екен. Бірақ көргендігін ғана айтады, 

басқа нәрсені ашпайды. Тыңдаушыны ал-

дын ала зерттеп, байқап алатын. Арзан 

күл кі іздегендер, кеудесінде тереңдігі жоқ 

ортаға боқауыз өлеңдерін айтып күлдіре 

беретін, шын ниетімен тыңдағысы келген 

есті құлаққа таң атқанша отырып, ел-жер 

туралы тарих айтудан жалыққан емес. 

Ұғар құлаққа айтар әңгімесі де ойлы, тың-

дау шының ұйқысы да келмейтін. Ақ са қал-

дық, бабалық қасиетпен айтатын әңгімесі 

өте терең. Шалға деген қарызымды қо-

лым нан келгені сол – өлең түрінде қағазға 

түсіріп, «Баба жайлы балладалар» деген 

бал ладаларым арқылы беруге тырыстым. 

Әңгімелескен Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

БЕДЕР


Сегіз сері, Біржан сал, Ақан мұрасынан 

бас тау алған қазақ ұлттық классикалық ән 

мұ 

расына тән барлық ерекшеліктерді 



бойына жиып, қазақтың ән қорын өзіндік 

бояумен әрлеп, байытып, дамытқан бірден 

бір композитор – Шәкір Әбенұлы. Хал қы-

мыз дың ұлттық классикалық әндеріне тән 

иірім-қайырымдар мен құрылым ерек ше-

лік тері – Шәкір Әбенов әндерінің алтын 

дің гегі. Шәкір әндері тыңдаушының кө-

кейіне тез қонады. Оның себебі әуенінің 

сұ лулығы мен қарапайымдылығы, ырғақ-

тың сан алуандылығы мен иірімдерінде. 

Шәкір әндерінің басты ерекшелігі – қайыр-

ма ның қарапайым ойнақы ырғаққа негіз-

де луі. Әуенінің бір регистрден екіншіге, 

екін шіден үшіншіге ауысып, сатылап түсіп, 

негізгі дыбысқа келуі. Қалыпты ырғақтың 

күт 


пеген жерден бұзылуы, бір әннің 

бойында бірнеше ырғақтың болуы. Қайыр-

ма дан соң қысқа қайырманың келуі – мұ-

ның бәрі сөзсіз Шәкірдің қолтаңбасы, әнге 

әкелген жаңалығы. Ақын, композитордың 

«Геккідік-ай», «Толғаныс», «Айна», «Әнші 

моласы», «Дәмежан», «Дауаға хат» сынды 

10-нан астам әні елге мәлім. Шәкір әндері 

былтыр жарық көрген «Қазақтың дәстүрлі 

1000 әні» антологиясынан айрықша орын 

алды. Қаншама ақынның сарынын білген, 

әншілік пен күйшілікті бір адамдай игерген 

қария – Абай тартқан үш шекті домбырамен 

ән жазу дәстүрін жалғастырушы ізбасары. 



Сана ӘБЕНОВА, Шәкір ақынның қызы:

Шәкір аталарың – жан-жақты талант 

иесі. Бір бойына сазгер, зергер, шебер, 

әнші, күйші, құрылыс өнерлерін то ғыс-

тыр ған еңбекқор адам болатын. Бір не-

ше рет айдауға кеткен. 1928 жылғы 

кәм пескелеу тұсында Кеңес өкіметіне 

қар сы шыққан. 1929 жылы Сәкен Сей-

фул линмен бірге «Алтын алқа» ұйымын 

құр 

ған. Сәкеннің хатшысы болған. 

1930 жылы Сәкенмен бірге қуғын-сүр-

гін зобалаңына ұшыраған. 1932 жылы 

ашаршылық кезінде Қырғызстанға қа-

шып құтылған. 1936 жылы ол жақтан 

орал ған соң, Сәкендермен бірге қай-

тадан Алматыда абақтыға қамалды. 

Жол дастары құтқармақ ниетте жерасты 

жолын қазыпты. Содан Қ.Мұхамедханов 

пен атам қашып шыққан, Бейімбет, Сә-

кен дер ату жазасына кесілген екен. Қа-

шып шығып, қайта Қырғызстан асады. 

Кел ген соң Жамбыл Жабаевтың хат шы-

сы болып жүріп, қайта түрмеге түскен. 

ҰОС-ына өз еркімен сұранып, Мәскеу, 

Ста линград түбіндегі шайқаста ауыр 

жа раланып, елге оралған. 

Шәкірдің елге мәшһүр әндерінің бірі 

– Дауа есімді ерте кеткен қызына арналған. 

Бұл әнінің атауы туралы ел арасында түрлі 

пікір бар. Біреулер «Дауа» деп атаса, енді 

бірі «Дауаға хат», «Сағыныш» деп атайды. 

Енді мұның қайсысы дұрыс? 

Серікболсын БЕКБОСЫНОВ,  Шәкірдің 

шәкірті, әнші:

– Алыста абақтыда жүргенде Дауаға 

арнап жазған хаты ғой. «Тапсырсам 

жел ге аманат сәлем арнап, Жүре жауап 

бе реді алдап-арбап» дегеніндей, лаж-

сыз 

дықтан, бостандықты аңсаудан 

шық қан ой-түйіні. Шәкірдің өзінің ай-

туынша, бұл әннің аты – «Дауаға хат». 

«Дауа» деген басқа ән бар. Ол – Абай 

ауданындағы «Совхоз туы» газетінің 

бас редакторы болған Манар Құр ман-

бе ковтың  әні. 

Амангелді ЖІКЕНОВ, әнші, Шәкір әндерін 

жеткізуші шәкірті:

– Қызынан айырылғанда қабырғасы 

сөгіліп, көңілі күйзеліп, Дауаға арнап 

ән шығарған. «Осы қызым артымнан 

жо лымды қуар» деген ниеті болған ғой. 

Сол қыз өмірден өткенде Шәкір қатты 

түңілген. Шәкірдің мұражайында кіш-

кен тай аккардеон бар. «Амангелді, осы 

әнді түрмеде аккардеонмен ай та тын-

мын», – дейтін. Ән құрылысы гар мон-

мен шыққандығынан хабар береді. 

Вальс екпініндегі әнді менің толқытып 

ай татын себебім сондықтан. 

Шәкір әндерін бізге жеткізген екі ән-

шінің бірі Серікболсын ақынмен 1881 

жыл дан бері таныс. Әндерін қарияның өз 

ау зынан үйренбек ниетпен Құндызды ауы-

лына арнайы іздеп барған оны Шәкір 

әуел де «ертең кел, бүрсікүні кел» деумен 

қа был дамай қояды. Екі-үш күннен соң, 

«Өзің ән үйренуге шын ықыласты, тұрақты 

Ұлттық музыка өнеріне Шәкір әкелген жаңалық

Шәкір ақсақалдың қатарынан озық әрі қарғадай бойы қазына 

өнерге бай болуы кездейсоқ емес. Оған, біріншіден, киелі ұлылар 

мекені, Абайдың ақындық ортасы әсер етсе, екіншіден, көрген 

тауқыметі, Алаш зиялыларымен араласуы сабақ болғандай. 

Ақындығы, жазушылығынан бөлек, қазақтың ұлттық музыка өнеріне 

өзіндік қолтаңбасымен келген Шәкір әндері – өз алдына бір мектеп.

жігіт екенсің», – деп, жаңа оқу 

бітіріп кел ген Серікболсынды 

өле-өлгенше қасынан тас та-

майды. «Жанында жүріп ән-

дерін үй рен дім. Ол кісіні «тірі 

анықтама» дейтінбіз, тарихтан 

да, әдебиеттен де, фи ло со-

фиядан да хабардар, кез кел-

ген сұраққа жауабы дайын 

болатын» дейді ол.

Ал Шәкірдің екінші шәкірті 

Амангелді Жі кенов Абай елінің 

дамуына үлес қосқан Хафиз 

Матаевтың басшылығы тұ сын-

да та ныс қан-ды. Бірінші хатшы 

Хафиз аға бір не ше адамның 

басын қосып, «Шәкірдей адам 

ғасырына бір рет қана келеді. 

Ертең өмір 

ден өтіп кетеді. 

Ақындығы мен жазу шы лығы 

қалар. Бірақ әнінің орны бө-

лек, соны алып қалуымыз ке-

рек» деп Шәкірге жіберген 

екен. Солардың ішінде Аман-

гел ді Жә кенов те бар еді. «Шә-

кір – мінезі қиын адам» деп 

елдің бәрі шошытып қойған. 

Бірақ екеуміз бір шай үстінде 

әңгімелесіп, түсінісіп кеттік. 

1983-84 жылдан бері Шә кір 

өмірден өткенше қасында 

жүрдім», – дей 

ді Шәкірдің 

шәкірті Амангелді. 

Мұхтар Әуезов бастатқан 

Қасым Аман жолов, Иса Байзақов, Шәкір 

Әбеновтер агит бриадамен атпен жүреді 

екен. Жазушы Мұхтар олардан кез келген 

уақытта ән сұ райтын болса керек. «Мұхаң 

ән сұраса, іркі ліп қалуға бола ма, бір ән 

дайындап қоя йын» деп ат үстінде Шәкір 

«Геккідік-ай» әнін шығарыпты. 

Сегіз сері, Біржандардан бастау алған 

ұлттық дәстүр, қала мен дала мәдениетін 

то ғыстырып, сара жол салған Абай ай на-

ласы, Кеңес дәуіріндегі музыка, азат тық 

ал ғандағы жаңа көріністер Шәкір шы ғар-

ма шылығынан орын алғаны айдан анық. 



Ерлан РЫСҚАЛИ

Айырылды есер түгіл, есті есінен,

Шебер тілі жаңылды кестесінен.

Пысықтар сұғынғаны – ел дәулеті,

Боқ дәметкен төбеттей өртесінен.

***

Оқымаған кертартпа кесулері,

Ел билеп, екі естілер есіргені.

«Момынға күнде зауал» дегені рас,

Адалдың ой-тілегін өсірмеді.

***

Халық аңсап іздеген әділетті,

Онан бері сан ғасыр өтті, кетті.

Құдай ма, әмірші ме, халық па, әлде,

Әділет орнатуға кім міндетті?

Шәкір Әбенұлы, Қайым Мұхамедханов. 1988 жыл

Жұмакүлбай мен Шәкір ақын 

түйдей құрдас-тын. Екеуі кезіксе, 

қалжыңдаспай отыра алмайтын. 

Оларда аясу бола ма?! Бірінің қазіргі 

сөзін қоштасаң, екіншісі одан асыра-

ды. Сен қайсысын қостай бересің. 

Ерік 

сіз қоштаудан тыйыласың. Ал 



еке уі құрыштан сауыт киіп алғандай 

бі рінің қалжыңын екіншісі бойына 

дарытпай сөз жебесін және тарта 

бастағанының куәгері болып отыр-

ғаның. Бірақ Жүкең Шәкір ақын көзін-

ше өлең айтпай, қайта Шәкірді өлеңге 

қарай бейімдей беретін. Жүкең 

сөзінен Шәкірді ардақтайтыны үнемі 

сезіліп тұратын. Бұл 1945-1947 жыл-

дар дың бірінде болса керек. Ол шақ 

Шә кірдің бағы аспандап, беті түзел-

ген, дәуірлеген кезі еді. Облыстық 

ақындар айтысынан әлденеше жүлде 

алып, облыстық кеңестің шешімі бо-

йынша шаруашылықтарда ақылы 

кон церт қоюға рұқсат берілген-тін. 

Оқтын-оқтын облыс аудандарын ара-

лап, өнер көрсетіп, сый-құрмет шаш 

етек 

тен болатын. Абыралы ауданы 



арғымақ сүйекті қара ат, Шар ауданы 

аккардеон сыйлап, ақынның отба сын-

да қуаныштан қуаныш еді. Бәй бі шесі 

Рысбүбі екі қыз, бір ұл баланы бі рінен 

соң бірін сыйлаған-тын ақын ға.

Ақын болса «Таңшебер – Жапал» 

поэ масын жазып, халық алдында ар-

найы әнімен сөткелеп жырлайтын. 

Колхоздың жемқор басшыларын 

әшке релейтін «Бұл колхозды кім жей-

ді?», адамның жас баянын бейне-

лейтін «Жиырма бес» сияқты өлең-

дерін әнімен төгілтіп, тасып жүретін.

Міне, сондай шақта, аудан бас-

шылары қатысқан бір жиында екі құр-

дастың төмендегіше қалжың-қар жасуы 

болады. Кеу-кеу қыздырманың үстін де 

Шәкір Жұмакүлбайға тиісті дейді.



Шәкір: – Сен, Жұмакүлбай, бір 

қой 


майсың. Мына жұрт алдында 

менен төмендігіңді дәлелдесем, тала-

суыңды қоясың ба, осы?..

Жұмакүлбай: – Дәлелде, қоя-

йын.


Шәкір: – Тыңда, ендеше. Бірінші, 

ең алдымен атыңнан атым артық. 

Қара атымды арғымақ десең болар. 

Абыралы халқының сыйы екенін 

білесің. Сенің астыңдағы атың ырби-

ған жаман қоңыр байтал. «Байтал 

шауып, бәйгі алмасты» білесің. 

Екінші, қатыныңнан қатыным ар-

тық. Менің қатыным жас. Құшақ тасам 

тәнім риза, көріп отырсам көңілім 

тоқ, жаным риза. Сенікі қатын да 

емес, лақса кемпір, өзіңнен жеті жас-

қа үлкен. Қалай қасына жатады екен-

сің? Тегіңде жоқ неме теткейсің бе?!

Үшінші, әкеңнен әкем артық. 

Әкем Әбен ат айналғысыз аймағы 

бар. Жамантобықты, Жөкеңді отыз 

жыл билеген. Ол кісінің несін 

сөйлейін. Өзің де білесің.

Сенің әкең – Көкшенің жүгін 

сиырға артқан Жаңабай, Екібақсының 

Тоқтышағының баласы. Киімге, асқа 

жарып еді десең, айтарсың.

Төртінші, өзіңнен өзімнің артық-

тығым: Мұнымды айтпасам да болар 

еді де. Атымды Қазақстан біледі. 

Халық ақынымын. Қайда барсам хал-

қым қасымда. Халқымның аузындағы 

сөзі, кеудесіндегі сазымын. Сен бол-

саң қутың-қутың, ыржаң-ыржаң күл-

кіңе ризасың. Оның сол жерде жел 

боп ұшып жатқанын көрмейсің, біл-

мей сің. 

Жұрт шуласып, ақынды мадақтап-

мадақтап, Жүкеңді тыңдамақ бо-

лады. 

Жұмакүлбай: Мақтаншақ Шәкір, 

санамағыңа мен де санамалай жауап 

берейін, тыңда!

Бірінші артықтығыңа жауабым: 

«Сенің атыңнан менің байталым 

артық» деп айтамын. Сенікі – биыл 

қара ат, келесі жылы қара ат, одан соң 

да қара ат, қара ат... қара ат... Менікі 

биыл қоңыр байтал, келесі жылы 

құлынды бие, одан соң мама бие, 

құлыны тай, құнан, ат, қулық, бие, 

құлын, тай, байтал және бие.

Екінші артықтығыңа жауабым: 

Қатынының жас екені рас. Бірақ 

қатыныма көңілім тоқ, ризамын 

дегенің шылғи өтірік... көңілің тоқ, 

риза болсаң, үйіңнен шыққаныңа үш 

күн өтер-өтпестен артында құлыны 

қалған биедей оқыранатының қалай? 

Жастың аты – жас. Сен елуде болғанда 

онда отыз жас та жоқ. «Көзің тайса ол 

пақыр, демес пе әлгіні шақыр» дейді 

деп жүресің ғой байқұс... Менің 

қатыным сонада кемпір, кеше де 

кемпір, бүгін де кемпір, ертең де 

кемпір. Менің ештеңеге алаңым жоқ. 

Нағыз көңілі тоқ, жаны риза менмін. 

Сондықтан да сенің қатыныңнан 

менің қатыным артық.

Үшінші, болыс әкең Әбеннен 

менің әкем артық. Тірісінде жұртты 

жеді, зорлық етті, еңбекшіні қанады. 

Ел қарғысын алды. Сол қарғыс 

адамзаттың Абайына ұрындырды 

оны. Ол көрде де тыныш жатқан жоқ, 

күн сайын Мүңкір бір, Нәңкір бір 

ұрып, ұнтақ қып үгіп, жантақ қып 

жаныштайды. Ол көрінде өкіріп 

жатыр. Әкең Әбеннің орны – мәңгі 

тозақ. Менің әкем болса, ағайынның 

ала жібін аттаған жоқ. Жаны тыныш. 

Дұғадан жұрты тастамайды. Әкемнің 

әкеңнен хақ мұсылмандығы артық.



Төртіншіден, сен сатыласың, ақы 

төлемесе, айтпайсың. Мен қайда 

бар сам, халқымның ортасында күл-

кіге де, әнге де қарық қыламын. Мен 

өнеріме ақы алмаймын. Сон дықтан 

халықтың баласымын.

Ұтықты сөзге кім тоқтамасын. 

Шәкір ақын «жеңілдім» дейді, әрине. 

Жүкеңнің жас шағындағы істерінің 

көбі ұмытылған. Тек 1935 жылғы 

Кереку – Шыңғыстау сапарындағы 

тапқырлықтары ел ортасында әлі 

әңгімеленеді.

Бекен ИСАБАЕВ, 

«Ұлылар мекені кітабынан» 

алынды

МҰРА


№161 (613) 14.09.2011 жыл, сәрсенбі            

www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

К

е



зекшi  ред

ак

тор – Әзиз ОР



А

ЗБ

АЕВ



Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


А

ЕВ  – 


ж

а

уапты х



а

тшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т 

 



минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап


 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар

 



қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi



 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты



 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1020

А

ст



ана  қаласы «А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №1900

Шымк


ент қаласы «Оңтүс

тiк по


лигр

афия» б


аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 

8

 (7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №9137

Бағасы  к

е

лiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

й

на



сы» г

аз

ет



е ж


аз

ы

лу



 и

нд

екс



i: 6

42

59



Ре

д

ак



цияның

 м

ек



ен

ж

айы



А

лм



ат

ы

 қ



ал

ас

ы



,05

0

05



1,

 Б

ег



ал

и

н кө



ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

е

л.: 



388-80-62

БҮГІН:

Шығуы 

 

        Ұзақтығы 

 

          Батуы

 06:30 

 

            12.36 

 

           19:05   

Та

ра



ту

 қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


н

а б


ю

р

осының ж



ет

екшiсi 


Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

А

рман А


СҚАРОВ – тілші

Қыркүйектің 14-і

Алаштың атаулы күні

1894 жылы Алаш қайраткері, фольклоршы, аудармашы Ахмет 

Баржақсин дүниеге келді.

91 жыл бұрын (1920) Қазақстан тарихында бірінші рет әділет халық 

комиссары болып Ғұбайдолла Әлібеков тағайындалды. Ол басшылық 

жасаған тұста қалың малды тоқтату, барымта туралы және т.б. 

декреттердің ең алғашқы жобалары жасалды.

8 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаев Атырау облысының Махамбет ауданына сапары барысында 

жаңа мешіттің және Махамбет Өтемісұлы атындағы аймақтық-тарихи 

мұражайдың ашылу салтанатына қатысты.

Туған күн иелері

Ораз Баймұратов (1935) – Қаржы-банкі менеджменті ғылыми-

зерттеу институтының директоры, экономика ғылымының докторы, 

профессор, академик;

Ғабдығаппар Сейітқасымов (1940) – экономика ғылымының 

докторы, профессор, академик;



Байтұрсын Өмірбеков (1946) – Қазақстан Суретшілер одағының 

басқарма төрағасы, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер 

қайраткері, профессор;

Александр Кравченко (1948) – ҚР Жоғарғы сотының судьясы;

Серікбек Жанболат (1964) – «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы, 

белгілі журналист, ҚР Мәдениет қайраткері;



Дмитрий Медведев (1965) – Ресей Федерациясының президенті;

Уәлихан Ахметов (1972) – Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін 

жетілдіру институтының ректоры, медицина ғылымының докторы.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

ҒАБДЫҒАППАР – арабтың «Әбді» (бұл сөз екі түрлі мағынаға ие: 1. Мәңгі, 

шексіз; 2. Қызметші, Жаратқанның құлы) және «Ғаппар» (кешірімді, мейірімді) 

сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Жаңа туған сәбиге «қайырымды, жүрегі 

жұмсақ, жаратқанның адал құлы болсын» деген ниетпен ырымдап қоятын 

болған. Бұл есім қазақ арасында көбіне «Әбдіғаппар» деп айтылады. Ел ішінде 

сирек кездесетін есім. 



ЖҰЛДЫЗ

-

ЖОРАМАЛ

 

ТОҚТЫ 

Бұл күні сіздің қызмет ба бы-

мен  жүгiрiстеріңіз  кө бей едi. 

Еңбегiңiз ақталып, әрiп тес терi-

ңiздiң арасында біраз абы-

ройы 


ңыз өседi. Жұмысыңыз 

да 


кездесiп жа 

татын түсiнбеушi 

лiк-

терге бола қатты уайымдама ға-



ныңыз дұрыс. Өз адал еңбе гiңiз дiң 

арқасында бәрін жеңесіз, ауырт-

палықтарды артта қалды расыз.

ТОРПАҚ 

Көптен берi сенiп жүрген 

адамдарыңыз сiзге күмән 

келтiруi мүмкiн. Бұл күні жаңа 

iстi қолға алмағаныңыз дұрыс. 

Одан да бұрынырақ бастаған тiр-

лiгiңiздi аяғына дейiн жет кi зуге 

тырысыңыз.  Жалпы,  өмiрi ң iз де 

ешқандай өзгерiс бола қоймайды. 

Айналада болып жатқан оқи-

ғаларға көңiл бөлудi ұмытпаған 

жөн.


ЕГІЗДЕР 

Бұл күні кезiктiрген кедер-

гiлерден оп-оңай құтыласыз. 

Сондай-ақ қызметте де, жеке 

басыңыздың шаруаларын ше-

шуде де бұл күн қолайлы болмақ. 

Әрі қосымша қаржы табуға мүм-

кiндiк туады. Тек сенiмдi адамға 

жан дүниеңiздi ақтарып, ашыл-

ғаныңыз жөн. Себебі басқалар 

сырыңызды түсінбеуі мүмкін.

ШАЯН 

Осы күні баспана мәселесi 

немесе жаңа жоспарлар мен 

жобалар басыңызды біраз қа-

ты рады. Қызметiңiз бұрынғы қал-

пында, еш өзгерiссiз. Қаржы жағы, 

сонымен қатар жеке басы ңыздың 

мәселелерi бiраз маза лауы мүмкiн. 

Алайда оған бола уа йым дамаңыз. 

Барлығы да жа 

қын арада өз 

шешiмiн табары анық. 



АРЫСТАН 

Бүгін сіздің жұмысқа деген 

құштарлығыңыз артып, біраз 

істі бітіре аласыз. Алға қойған 

мақсатқа жету үшiн бастаған iсi-

ңiз дi аяғына дейiн жеткiзуге ты-

ры сыңыз. Егер әрiптестерiңiз жа-

ғы нан көмек, қолдау болмаса, 

оған бола ренжiмеңiз. Отбасыңыз 

бен туыстарыңыз сiзге ешқандай 

ре нiш  бiлдiрмейдi.

БИКЕШ

Бұл күн сiз үшiн сәтті бол-

мақ. Көтерiңкi көңiл күймен 

жұмысыңызды жеңiл атқарып 

тастайсыз. Сонымен қатар қаржы-

лай шығындар болуы мүмкін. Ол, 

әрине, өзiңiзге байланысты. Ақ-

ша ңызды босқа шаша бермей, 

көп тен көңiлде жүрген затыңызды 

алы ңыз. Ескілерін тастап, киіміңіз-

ді жаңалағаныңыз жөн. 

ТАРАЗЫ 

Жұмыстан бос уақытта 

же ке басыңыздағы шешілмей 

жүр ген мәселелермен айна-

лыс  қаныңыз  дұрыс.  Қызметi-

ңiз 


дегi көңiлiңiзге жақпайтын 

адам дармен  қарым-қатынасы-

ңыз ды түзеймiн деп әуреленбей-

ақ қойыңыз. Көптен мазалап 

жүр ген қаржы жағын шешіңіз. 

Ойы ңыз iске асу үшiн біраз ең-

бек  тену  қажет. 

САРЫШАЯН 

Жұмыстарыңыздың ке-

дер  гiсiз алға басқанына се-

нiм артып, арқаңызды кеңге 

сал  маңыз.  Арасында  бақылап 

отыр ғаныңыз дұрыс. Ертең ерте 

оңынан тұрған жұмысыңыз кеш-

кiсiн терiс айналып кетуі мүмкiн. 

Әр бiр  қа да мыңызға  мұқият  бо-

лы ңыз. Мүм кіндік болса, отба сы-

ңызбен бірге та биғатта демал-

ғаныңыз жөн.  



МЕРГЕН 

Қызметiңiз бен жеке өмi-

рi 

ңiзде ойлағаныңыз iске 



аса ды. Қанат бiткендей шар-

уа ларыңызды жеңiл атқарып тас-

тай сыз. Қызметiңiзде де жақсы-

лық тар күтiп тұр. Жақындарыңыз 

бен туыстарыңыздың жағдайына 

кө ңiл бөлiп, мәселелерiн шешуге 

кө мектескен жөн. Сiзден кө мек 

күтетiн жандар – солар. 



ТАУЕШКІ 

Бұл күн сiз үшiн барлық 

жа ғынан тиiмдi болмақ. Өт-

кен күндері орындалмай қал-

ған iстерiңiздiң шешiмi табылады. 

Ойыңыздағы нәрселер iске асып 

қана қоймай, болашаққа жол 

аша ды. Жаңа жобамен жұмыс iс-

теймiн десеңiз, батыл қадам жа-

сай берiңiз. Ойламаған жерден 

қар жылай кiрiс кiруi мүмкiн. 

СУҚҰЙҒЫШ 

Өмiрiңiздi өзгертетiн жаңа 

жоспарды iске асыруыңызға 

болады. Жұмысқа деген құл-

шынысыңыз артып, еш қинал-

мас тан көп мәселенiң шешiмiн 

та 

басыз. Шығармашылық жұ-



мыс тарыңыз болса, жақсы нәти-

же сiн бередi. Өзiңiзге ең жақын 

де ген адамға әрдайым көңiл бө-

лiп қоюды ұмытпаңыз. 



БАЛЫҚТАР 

Бұл күні сіздің iстейтiн iс-

те рiңiз көп болады. Алайда 

оны еш қиналмастан орын-

дап, жемiсiн жейсiз. Қызме тi ңiзде 

бә рі бiрқалыпты. Күн нің соңында 

жақ сы жаңалықтар бо лады. От-

ба сыңызға үлкен кiрiс кiруi мүм-

кiн. Көптен ойлаған мақ   сатыңызға 

жетiп, ауыр жүкті иы  ғыңыздан тү-

сір гендей  боласыз.

Ауа райы

 +23+25

о

 

 +13+15

о

+19+21

о

 

+10+12

о

+20+22

о

 

+9+11

о

 +21+23

о

 

+14+16

о

 +23+25

о

 

+14+16

о

 

+18+20



о

 

+11+13

о

 

+22+24



о

 

+11+13

о

+27+29

о

 

  +11+13

о

+26+28

о

 

+15+17

о

+30+32

о

 

 +18+20

о

+20+24

о

 

+5+7

о

 +23+25

о

 

   +10+12

о

  

+18+20

о

 

 0-2

о

 

+30+32

О

 

+13+15

О

  

+29+31

о

 

+11+13

о

        


+20+22

о

 

+9+11

о

  

+18+20

о

 

 0-2

о

 

+26+28

О

 

+7+9

О

Алматтың әзілдері



Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Екі құрбы әңгімелесіп тұр.

– Сенің күйеуіңнің үйге қонбай қалған кезі болды ма?

– Ия, бір рет қана. Біз үйленген соң, тура бір айдан 

кейін үйге қонбай қалды. Содан бері әлі жоқ, ол – 

оңбаған. 



***

«Воентелекомның тегін анықтама қызметі. Сіз воен-

комат 

қа қоңырау шалып тұрсыз. Егер де әскери 



борышы 

ңыз 


ды өтегіңіз келсе * басыңыз, егер 

борышыңызды өтегіңіз кел месе # басыңыз!»



***

Екі келіншек сөйлесіп отыр:

– Менің кішкентайым бөтелке бермесең, ұйықтай 

алмайды, аяғынан тәлтіректеп әрең жүреді, сөзі 

түсініксіз былдыр...

– Менің күйеуімде де сондай проблема...



***

– Көзің неше?

– Минус бес.

– Мұп-мұздай шығар, иә?



***

– Әже, ноутбугымның тас-талқанын шығарған кім?

– Құдай сақтасын, ноутбук па еді, мен салмақ 

өлшейтін шығар деп...

 

 

  



СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Жыртқыш балықтардың 

арғы тегі табылды

Америкалық палеонтологтар ба лық -

тың ежелгі бір түрін анықтады. Laccog-

nat hus embryi аталып отырған су жәндігі 

375 млн жыл бұрын тіршілік еткен.

Америка жаратылыстану ғылымдары 

академиясының мәліметінше, ежелгі балық 

қаңқасының ұзындығы –2 метр. Оның басы 

үлкен, әрі жалпақ, тістері өткір, көздері кішкентай болған. Ғалымдардың 

айтуынша, бұл – нағыз жыртқыш балық. Ол өз жемтігін теңіз түбіндегі құмға 

тығылып аңдыған. Балықтың бұл түрі 416 млн жыл бұрын пайда болып, 360 

млн жылдай бұрын тіршілігін тоқтатқан көрінеді. Бір қызығы, бұл балықтар 

уылдырық арқылы емес, табиғи шағылысу арқылы көбейген. 2009 жылы 

ғалымдар Incisoscutum ritchiei аталған балық түрінің де омыртқалылар сияқты 

шағылысқанын анықтаған еді. Лондон жаратылыс тарихы мұражайында 

сақтаулы тұрған бұл қаңқаның ішінен балық ұрығы табылған.

Дүйсенбі, шынымен де, 

ауыр күн екен



Ұлыбританиялық әлеуметтанушылар дүйсенбінің ең ауыр 

күн екені туралы пікірді қуаттады. Адамдар аптаның алғашқы 

күнінің ертеңгілік мезгіліндегі жарты сағат уақытты 

психологиялық ауырлықты сезінумен өткізеді екен.

Әлеуметтік зерттеудің нәтиже-

сін де орташа статистикалық ағыл-

шын ның дүйсенбі күні таңертең 

кемін де 34 минут бойы өмірге 

құл 


шынысы болмай тұратыны 

анық талды. Басқа күндері құлық-

сыз дық 22 минутқа ғана созы ла-

ды. Сауалнамаға қатысқан әрбір 

үшін ші тұрғын дүйсенбіні жек кө-

ретінін айтқан. Мұның басты се-

бе бі – демалыс күндерінен соң 

жұ мыс режиміне түсудің қиын ды-

ғы. Респонденттердің дені дүй-

сен бі күні таңертең хат-хабарға 

то лып қалатын электронды пош-

та ны қарағысы келмейтін болып 

шық 

ты. Зерттеушілердің ай-



туынша, дүйсенбідегі көңіл-

сіздіктің сыры адамның денсау-

лығында болуы мүмкін.

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Газетіміздің  №160 (612) санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: 

Жако. Өжет. Нәби. Кино. Еден. Пешене. Өтіл. Анклав. Ашина. Ара. Рад. Абат.Балу. Ұры. Ау. Арыз. Заум.  



ТІГІНЕН: 

Макинтош. Бур. Иба. Моноплан. Тұз. Нар. Бөбешік. Абыз. Жиде. «Лада». Енжар. Лау. Етене. Ваккум.

10

-4

 



теслаға 

тең бірлік

Қымбат 

жұқа 


мата

Пенжабтағы 

дінбасылық 

атақ


Таулы 

жердегі 


тақия 

пішінді 


төбелер

Жиек


Мосқал

Сирақ


Музыкамен 

қошеметтеу

Тауқымет

«...-Банк» 

(кино)

Дін туралы 



ілім

Су көлігі

Пиғыл, 

түпкі 


мақсат

Қыл 


қобыздың 

ысқышы


Жындардың 

мекені


Индонезия 

аумағын-


дағы арал

Шағын 


лирикалық 

муз. 


шығарма

Бор 


қышқылды 

натрий


Жағылан

Мең


Грузин 

ұрмалы 


муз. 

аспабы


Сойдақ тіс

Йоко ...


Испан 

көне биі


Қаржы

Хал-


жағдай

Зерлі 


көмкерме

Алпамыстың 

жауы

Әйгілі 


швед 

квартеті


Ру, тайпа

Допты 


спорт түрі

ШӘКІРДІҢ  ДОСТЫҒЫ



Шәкір мен Жұмакүлбайдың айтысы

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

ҚЫРКҮЙЕК

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

28

29



30

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет