тұлғаларымыздың еңбегін кез келген қазақ баласының танымауы ұлтымызға сын болары сөзсіз.
Осы орайда Абай дәстүрін жалғастырушылар мен ақын шәкірттерінің, оның жанындағы өнерлі
топтың қалыптасуы Абайдың әдебиетте үлкен мектеп қалыптастырғанының айғағы бола алады.
Сондықтан Абайдың ақындық мектебіне іргелі зерттеулер жасалып қана қоймай, осынау ғылыми
зерттеулердің насихаты арта түссе, нұр үстіне нұр болар еді-ау.
ТҮЙІН
май ды. Бұл – Абай шәкірттерінің жете
зерт телмегенінің айғағы. Ертең де олардың
мерейтойлары кезінде баяндама оқылып,
аз күнге насихатталады да, артынан ұмы-
тылып қала береді. Ал әлі күнге жүйелі түр-
де бүкіл қазақ баласына, шеттегі қазаққа
кеңінен таныстыру жұмыстары жүргізілер
емес.
Сондықтан алдағы уақытта Абайдың
ақын дық мектебінің зерттелуіне назар ау да-
ру керек секілді. Бірлі-жарым зерт
теу-
шілердің өз бетінше шығарып жатқан зерт-
теу еңбектерінің таралымын белгілі бір
ұйым дар қолға ала отырып, кеңінен тара-
луына ықпал жасаса дұрыс болар еді. Себебі
бас ақынымыздың ақындық мекте
бі
нің
жете зерттелмей жатқаны – ұят жағ дай.
Дайындаған
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
Абайдың ақындық жолға түсуге ықпал
еткен, әсерін тигізген шәкірттері туралы
зерттеулер әсіресе соңғы кездері жақсы
жолға қойылуда. Абайдың ақындық
мектебінің зерттелуінің бастауы – Қайым
Мұхамедханов. Ол өлерінің алдында өзінің
еңбегін жарыққа шығарып кетті. Оның бұл
шығармасы үлкен істің басы ғана емес,
ұлы ақынның ақындық мектебінің зерт-
телуіне салынған сара жол болды. Осы
еңбектен кейін көптеген зерттеулер өз
жалғасын тапты. Абайтанушы жас ғалым-
дар пайда болып, абайтану орталықтары
ашыла бастады. Мәселен, Абай атындағы
Қазақтың ұлттық педагогикалық
университетінде тұңғыш рет ашылған
«Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы
ашылды. Бұл орталықта ақынның бұрын-
соңды зерттелмеген қырлары ашылады
деп ойлаймыз. Оның ішінде ақын
шәкірттерінің әрқайсысын жете зерттеу де
ойда бар. Мұндай орталықтың жұмыстары
арқылы көптеген нәрсеге қол жеткізуге
болады. Абайдың ақындық мектебі туралы
ғылыми еңбектер де қорғалып жатыр.
Соның дәлелі – Бауыржан Ерденбеков
деген ғалымның жақында Абайдың
ақындық мектебі туралы қорғаған еңбегі.
Мұның бәрі – Абай атамыздың ақындық
мектебінің зерттеліп жатқанының айғағы.
Бір кездері коммунистік идеологияның
ықпалымен зерттелмей қалған ақынның
бұл қырларының бүгінгі күні қолға алынып,
беті ашылып зерттеле бастағаны – үлкен
жетістік. Тек алдағы уақытта бұл зерттеулер
аяқсыз қалмаса игі.
Абай – ұлы мұхит немесе биік шың! Ал
осынау түпсіз терең мұхит пен құзар
шыңды зерттеп біткенше ақынның қан-
шама қыры ашылары сөзсіз. Осы орайда
ғалымдар ақынның барлық қырын зерттеп,
халыққа таныта білсе, басты мұрат – осы!
Абай заманын бейнелейтін фильм-эпопея неге түсірмеске?
Бақытжан
ӘЛПЕЙІСОВ,
театр және кино әртісі,
дубляж маманы:
Алтай ТАЙЖАНОВ,
абайтанушы,
философия
ғылымының
докторы,
профессор:
Қалила ОМАРОВ,
кинорежиссер-
документалист, ҚР
еңбек сіңірген
қайраткері:
?
А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
– Абай заманы – екі өркениеттің қиылысқан тұсы. Абай әуелі шығыс
мәдениетінен, кейін қазақ жеріне енген орыс мәдениетінен сусындады.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, қазақ елінде үлкен-үлкен тарихи және
мәдени-моральдық тұрғыдағы құбылыстар болды. Қазақ хандық билігі
түгел кетіп, орыс билігінің келуінен қоғамда түрлі қайшылықтар туындады.
Бірақ Абай орыс саясатының арты жақсы болады деп, ниет артты, жергілікті
талас-тартыстарға аса көңіл аудармады. Кезінде біздің Қытайға қосылмай,
Ресейге қосылуымыздың әлдеқайда дұрыс бағыт болғанын бүгінгі өмір
шындығы дәлелдеп берді ғой. Міне, соны Абай сезіне білді. Ал қазір сол
Абайдың заманына, Абайдың өз заманына көзқарасына толық баға
берілген жоқ. Кеңес дәуірінде бұған пролетариаттық тұрғыдан ғана
қарадық. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де Ресей саяси сілкіністерден
қорқып, орыстардың өзге кіші халықтарға жасаған қиянатынан сыр шерте-
тін мұрағат құжаттарын жасырып тастады. Сондықтан енді бұрынғы тарих-
қа егемен елдің жаңа көзқарасы керек, ол кейбір жаһандық алпауыттардың
ық палына да ұшырамауы тиіс. Әзірше бізде тарихи фильмдер жеке адам-
дардың мерейтойы деңгейінде түсіріліп жүр. Мұндай дүниеге ғаламтордан
бас қаны білмейтін жастар емес, тарихшы ғалымдар араласуы керек.
– Меніңше, біріншіден, Абай заманын бей-
не лейтін үлкен кино түсірудің уақыты келе қой-
маған сияқ ты. Бұған не сценаристер, не ре-
жиссерлер да йын емес. Бірақ оның да өз уа қы-
ты келеді. Екін ші ден, мына Ресейде, айтатыны
жоқ, классиканың бә рін, классиктердің бәрін
тү сіріп бітті. Соған қара ған да, бізде бұл мәселеге
мем лекеттік билік өкілдері де әлі көңіл аудара
қой ған жоқ. Тұлғалар жайлы фильм дер түсіруге
мем лекеттік тапсырыстар беруге бо лады. Мем-
лекеттен арнайы тапсырыс болып, қар жы бөлін-
се, режиссерлер де шығармашылық мүм кіндік-
те рін сарп етіп, күш-жігерін жұмсауға әзір бо лар
еді. «Абай жолы» – дайын тұрған сериал ғой!
Қа лай жазылды – солай түсірсе, әдемі туынды
шы ғады. Осы тақырып қозғалмай жатыр.
–
Біріншіден, бізде бұрынғы уақытта кино өнері онша дамыған жоқ.
Екіншіден, бұл – кеңес дәуіріндегі идеологияның салдары. Бұрын тұлға
мен қалың көпшіліктің бірлігі идеологиясында қарапайым халыққа
басымдық берілді. Тұлғалардың өзі таптық көзқарас тұрғысынан
бағаланып, көптің көлеңкесінде қалып қойды. Заманында Абайдың өзі
оны түсініп, «Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел» деген. Бірақ
тарихтың қалыптасуы бойынша бізде маркстік-лениндік идеология
үстемдік етті және бұл саясат бір ұлттың мәртебесін өзгелерден биіктетіп
отырды. Сол себепті орыс тілі бәрінен жоғары тұрды, орыс мұраты алда
болды, басқа ұлттардың мүмкіндігі төмендетіліп, олардың ұлылары бай,
манап, қаныпезер болып есептелді. Ал орыстар «ұлы халық» атағын алып
алды. Патшалары, батырлары туралы фильмдер түсірді. Қазақта ешқандай
хан, батыр болмағандай, мектептерде есуас Хмельницкий, соқыр Кутузов,
шалажансар Суворов, қаусаған Толстойлардың суреті ілініп тұрды. Ал
бүгінгі егемендік дәуірінде біз экономикаға көбірек көңіл бөліп жатырмыз
және бағытымыздың бәрі батысқа, америкалық прагматизмге, яғни
руханилықтан гөрі пайда әкелетін нәрселерге бейімделіп кетті. Бірақ
келешекте біз ұлт тұлғаларын дәріптейтін боламыз деп ойлаймын.
Әзірлеген Болатбек МҰХТАРОВ
қа лы бына сыя бермеді. Осынау қыңыр
түсі нік тің салдарынан Абайдың өз айнала-
сы на тигізген әсері, тағылымдық қарекет-
тері тұмшалана берді. Мұның аяғы Абай-
дың Көкбай, Ақылбай, Шәкәрім, Мағауия,
Тұра ғұл тәрізді аса дарынды шәкірттері мұ-
ра ларының елеусіз, ескерусіз күйде, зерт-
теушілердің де, қалың көпшіліктің де
назарынан тыс қалуына әкеліп соқтырды.
Ал шын негізінде, Абайдан асып кетпеге-
ні мен, олардың әрқайсысы өз биігінде
көрін ген, өзінше таным-талғам, қабілет-
қарым иесі болатын. Мәселен, «Мұхтар
Әуезовтің өзі Көкбайдың ақындығы туралы
сөз қозғағанда: «Ол кезде Абай айнала-
сын дағы бар ақынның ішінде суырып сал-
ма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көк-
бай болғаны даусыз. Сол талантын бағалап,
Абай мұны өзі жазып жүрген алғашқы
өлең деріне ие ғып шығарады", – деп Көк-
байдың жай ақындардың бірі емес, талант-
ты ақын екендігіне назар аудартады», –
дейді Жандос Әубәкір. Әдебиетші ғалым
айтпақшы, «Коммунистік идеология кезін-
де Абылай хан, Кенесары мен Наурызбай
ерліктеріне ыстық ықыласын білдіре
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№161 (613)
14.09.2011 жыл
сәрсенбі
www.alashainasy.kz
e-mail: info@alashainasy.kz
3
ТАҒЗЫМ
«Ақын болмақ болып талапта-
нып, өлең шығарып көруге Абай-
дың іні, балаларының барлығы да
ұм тылған. Бұл жағынан келгенде,
Абай дың алды бір жағынан «әде-
биет мектебі» сияқты да болады.
Сол ретпен өлең шығаратын Көк-
бай, Шәкәрім, Абайдың өз бала ла-
ры нан Ақылбай, Мағауия болады.
Бұ лардың бәрі де қысқа өлең, өсиет
өлең айту Абайдың жол, дағдысы
бол ғандықтан өздеріне бөлек бет
із де ген сияқты. Сондықтан төртеуі
де ұзақ әңгімелі өлең жазады».
Мұхтар ӘУЕЗОВ
Роза РЫМБАЕВА,
әнші, Қазақстанның халық әртісі:
– Абай десе, Шәкәрім Құдайберді ұлының шығармашылығы
ғана алдымен еске түседі. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек»
трагедиясын жақсы білесіздер. Сол үлкен трагедиялық, өлең
сөзбен жазыл
ған поэмасының Кебек туралы жырын
орындаймын. Бұл әнді 1979 жылдан бастап қазірге дейін
орындап келемін. Өз репертуарымдағы ең жақсы әндердің
қатарында екенін айта аламын.
Жәди ШӘКЕН, жазушы:
– Бүкіл қалам ұс таған қауым – Абай дың шәкірті ғой! Абай
мектебін өне ге тұтпаған ақын жоқ. Ол – ақыл дың, лирика ның
кәусар бұлағы. Сол бұлақтан су сын даған жазиралы құрақ бар
десе, мұның барлығы да – сол Абайдың қа ла ған еңбегі. Абай
өлеңдерімен, өне г е сі мен, лирикалық сезімталдығымен, ерек ше
әуезділігімен, қазақ поэзиясына әкел ген жаңа формасымен бізге
мол бай лық сыйлағаны анық. Өз басым Абайдың бір ден-бір
шәкірті ретінде Шың жаң қазақ та ры қоныстанған Бая н өлгей,
Қобда өңі рі не кеңінен танымал, қазірде Алтайдың ар ғы жағында
жатқан мәшһүр ақын – Ақыт Үлім жіұлын айта аламын.
«Бізден бұрын ақындар өтті талай,
Соның бірі – Құнанбай, баласы – Абай», –
деп келетін өлеңі де бар. Мен бір жаңа лық айтайын, Абайдан бұрын, 1890 жылдары
кітап бастырып үлгерген ақын дар Абай өлеңдерінің тереңдігін түсініп, ол туралы пікірлер
көп айтқан. Оны ұстаз тұтқан. Ақыт ақын Абайға арнап бір дәптер өлең жаз ған. Абай
бағытымен 90 өлең жазған ақын да осы – Ақыт Үлімжіұлы болатын. Абай 1845 жылы
туса, Ақыт 1868 жылы ту ған. Осыншалықты тұстас адамдар болса да, Ақыттың Абайды
ұстаз тұтқаны белгілі. Абай өлеңдері 1909 жылдары жарыққа шықса, ал Ақыттың жинағы
1890 жылдары жарық көрді. Ал 1898 жылы орыстың Николай Котанов деген үлкен
ғалымы Ақыт шығармашылығына тоқталған. Міне, сонда Абайдан бұрын шығарма
жариялаған Ақыт Абайдың соншалықты биік екенін мойын дап, өзіне ұстаз еткені белгілі
болды. Және өзін Абайдың шәкіртімін деп есепте ген.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№161 (613)
14.09.2011 жыл
сәрсенбі
www.alashainasy.kz
e-mail: info@alashainasy.kz
4
ТАҒЫЛЫМ
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Көкбайдың мешіт-медресе ашқаны рас па?
Басы 1-бетте
Көкбай жайлы құнды
құжат табылды
Абай секілді ақын шәкірттері де ән шығарған. Соның ішінде Көкбайдың
әні бар. Бұл жай сөз емес, нақты деректер де бар. Мәселен, «Әудемжер»әні.
Алайда ол өз иесіне емес, осы күнге дейін өзгелерге телініп жүр. Біреулер
бұл әнді «Үкілі Ыбырайдікі» десе, біреулер «Ақан серінікі» дейді. Осыған
алғаш тойтарыс беру үшін кәдімгідей ден қоя зерттеген абайтанушы
ғалым Қайым Мұхамедханов болды.
«Әудемжердің» әуресі
Ғалым 1983 жылы «Қазақ әдебиетіне»
жаз ған «Әудемжер әні кімдікі?» атты ма қа-
ла сында бұл әнді Көкбайдікі деп айтуға
тұ
рарлық бірнеше нақтылы деректерді
келтіреді. «Біріншіден, «Әудемжер» әні
Көк байдікі деп айтқан өзінің шәкірті Есен-
тай Бердин», – дейді ғалым.
Екіншіден, 1964 жылы академик, ком-
по зитор Ахмет Жұбанов тұңғыш рет «Әу-
дем жер» әнін зерттеп, әннің авторы Көкбай
екенін атап айтып, «Қазақ әдебиетінің
тарихы» кітабының 1-томына жазған. Ахаң
былай депті: «Музыка дүниесінде елеусіз
боп өтіп бара жатқан адамның бірі – Көк-
бай. Ол Абайдың айтуынша, «Өлең жиған
тырбанып, ән үйренген ырғалып». Оның
үстіне, Көкбай «Әудемжердің» авторы де-
ген сөз расқа шығып келеді. Көкбай–Ле-
нин ге арнап ән шығарған адам. Ол осы
«Әу дем жермен» тынып, басқа ән шығар-
ма ғанның өзінде де әңгіме етуге тұрарлық
ән. Өйткені «Әудемжер» – әннің еркесі.
Көк байдың ақындығы көпке мәлім де, ал
оның әншілігі, ән творчествосы қағаберісте
келе жатыр» деген. (Қазақ әдебиетінің
тарихы. 1-том, 2-кітап. Алматы, 1964,
188-бет).
Міне, осы келтірілген бірнеше де рек-
тер ден-ақ «Әудемжер» әнін Көкбайдікі
деу ге қақымыз бар.
ЗЕРДЕ
«Cорлы Көкбай жылайды,
жылайды да жырлайды...»
Алғаш Абайдың ақын шәкірттерін зерт-
теп, әрқайсысының аттарын жеке-жеке
атап, өмір-деректерін хатқа түсірген Мұх-
тар Әуезов болса, кейін оның ісін жал ғас-
тыр ған ғалым Қайым Мұхамедханов еді.
Алашына адал қызмет еткен осынау асыл
азаматтардың артында қалған ұрпақтары,
мына біздерге қалдырған құнды дерек те-
ріне сүйене отырып, біз Көкбай тұлғасын
ашуға тырысамыз.
ТУ БИЕ МІНІП, СЕМЕЙГЕ ТАРТҚАН
«КӨК ТЕНТЕК»
Абаймен 25 жылдай жолдас, дос бол-
ған Көкбай Жанатайұлы 1861 жылы қазіргі
Семей облысы Абай ауданында туған.
Тобықты ішінде Көкше руынан. Көкбайдың
үшінші атасы – Есбай, Көкше ішіндегі жуан
ата саналады. Есбайдың бес баласы: Са-
рым сақ, Сапақ, Жамантай, Көбентай, Бәй-
тен. Бұлардың бесеуі де шетінен ділмар,
шешен әрі пысық болып, «Есбайдың бес
жүйрігі» атанған. Сапақтың баласы – Қа-
ратай шешен, Құнанбаймен тізелес, көк-
шенің рубасы адамы. Жамантайдың бала-
сы – Жанатай. Жанатайдан – Көкбай. Сол
заманның үрдісі бойынша, алғаш сауатын
10 жасында ауылдың Төлетай деген мол-
да сынан ашқан Көкбай 15 жасқа келгенде
бозбалалық құрып, оқуын тастап, ойын-
сауық қуып кеткен еді. Алайда Жанатайдың
жаман ұлы есті тентектердің қатарынан
табылып, кешірек те болса, есін жиып, 17
жас қа келгенде Семей қаласына оқу ға ат-
танады. Оған үлкен себепкер бол ған кейін-
нен Алашорданы құрушы арыс тар дың ең
алғашқыларының бірі болған Әріп Тә ңір-
бер генов еді. Көкбайдан екі-үш жыл бұрын
Семей қаласындағы үш кластық орыс
училищесіне түскен Әріп жазда ауы лына
демалысқа келген сайын қаланың тұр мыс-
салтын, орысша оқудың қажеттігін, онда
тағы Әнияр Молдабаев, Айтқазы Жек се-
наев, Ысқақ Солтабаев сияқты то бықты
елі нің жастары оқитынын естігенде, Көк-
бай
дың оқуға деген құштарлығы онан
сайын арта түседі. Алайда ол ойын әкесіне
айтса, ол мақұлдамайды. Алған бетінен
қайт пайтын, өршіл мінезді, жігерлі жас
Көкбай «жіберсең – қолыңнан, жібермесең
– жолыңнан» деп, әкесінің бір ту биесін мі-
неді де, «Семей қайдасың?» деп бір-ақ
тар та ды.
«СЕМЕЙГЕ АБАЙ КЕЛСЕ, БІЗДЕ –
ДУМАН» НЕ КӨКБАЙ АБАЙМЕН
ҚАЛАЙ ДОСТАСТЫ?
Ауылдан қашып келіп, орыс мектебінің
есігін алғаш ашқан Көкбай зерек, ал ғы р-
лы ғының арқасында барлық пәнді жақсы
мең геріп кеткенімен қоймай, енді қолына
қа лам алып, өлең жаза бастайды. Сыбан-
ның бір сараң байының Сымайыл дейтін
ба
ласының мінез-қүлқына ыза болған
Көк бай оған өлең жазады. Әріпті де іліп,
әдейі сөзге шақырады. Сөйтіп, екі ақын
әзіл-шыны аралас айтысып кетеді. Көкбай
айтыстың соңында, Әріпті Абайдан үлгі-
өне ге алуға шақырып:
Семейге Абай келсе, бізде – думан,
Барша қазақтың бас
ақыны Абай атын ауызға
алғанда Көкбай есімі еріксіз
тіл ұшына оралады. Тіпті
Құнанбай қажының ұлы
болғандықтан әрі өз өлеңіне
көңілі толма ған дықтан, жас
шағында Ибраһимге
бүркеншік есім болған
Көкбайдың кім екенін әлі
күнге Алаш жұрты
айтарлықтай жақсы біле
бермейді. Сонымен,
• Көкбай кім?
• Қай жылдары өмір кешіп,
немен айналысты?
• Қандай мінез иесі еді?
• Абаймен алғаш қалай
танысты?
• Қанша жыл дос болды?
• Арадағы қыл өтпестей
достықтың сыры неде?
Ән салып, босамаймыз айғай-шудан.
Басқосу, бақастасу, мәжіліс құру,
Секілді бір ғылымның жолын қуған.
Тарихтан неше түрлі Абай сөйлеп,
Өзгелер отырады аузын буған.
Бір барсаң, мәжілісінен кеткің келмес,
Хакімдей Аплатон аңырап тұрған, –
дейді.
Абай қалаға келген сайын Көкбай
сияқ ты оқып жүрген жастарды жинап, қа-
лай оқып жүргендерін сұрап, біліп, ақыл-
кеңес берумен қатар, өздеріне де ән сал-
ғызып, өлең айтқызып, олардың өнер,
талап тарын мадақтап, көңілді, мағыналы
мә жіліс жасап отыратын болған. Ол жас-
тардың кейбіреулерін оқуға түсірген де
Абай дың өзі еді. Көкбайдың «Семейге
Абай келсе, бізде – думан» дейтіні де осы
бо латын.
Ал енді Абаймен қалай етене араласып,
ара дан қыл өтпестей дос болуына алғаш
түрткі болған оқиға жайлы Көкбай өз есте-
лігінде былай баяндайды: «Ел ішінің ақы
алысып, ақы берісіп жатқан сиезі еді. Мұ-
ны өткізуге Семейден Досовский деген ояз
келіп еді, сол бір ісімді жақтырмай, мені ел
кісі лерінің ортасында тұрғанымда, страж-
ник терін (атарман) жіберіп жазаламақшы
болды. Әлгілер ерікке қоймай, әкетіп бара
жатқан соң, қасымда еріп жүретін өлеңші
жігіт терім бар еді, солардың біреуінен
Абай ға бір ауыз өлеңмен сәлем айтып жі-
бердім. Ол кезде ән салып, өлең айтатұғым,
қа сымдағы жолдастарым да сондайды
әдет қылатын. Оязға әкелген соң, Абай
кел ді де, «жазығы не?» деп істің жөнін
сұра ды. Содан кейін Досовский: «Бұған
біреу басшылық етіп, тәрбиесіне алмаса,
мы на елдің ортасында арызқой, пәлеқұмар
болып, бұзылғалы жүрген адам. Сен тәр-
бие
ге алып, міндетті болып, түзетемін
десең, берем. Әйтпесе, жазаға ұшырайтын
ісі бар», – деді. Абай маған кепіл болып,
алып шықты. Осыдан кейін Абайдың жол-
дасы болдым. Жолдастығым 25 жылға со-
зыл ды. Жаңағы оқиға 1880 жылдардың
ша масында болып еді. Содан кейін қыс
бол сын, жаз болсын, Абай ел араласа, қа-
сын да жүріп, ауылына келсе, үйінде бірге
жа тып, айырылыспайтын болдық. Абай-
дың қасында ай жүріп, ай жарым жүріп ке-
ліп, бір әредік толас болғанда ғана өз үйі ме
бір жұма, көп болса, он күнге рұқсат алып
келіп, артынан қайта барамын», – дей ді.
(Абай. Толық жинақ,. 1933, 387-бет).
АБАЙ НЕГЕ КӨКБАЙ БОП
ЖЫРЛАП, КӨКБАЙ БОП
ЖЫЛАДЫ?
Алғаш Абай 1889 жылы өзінің «Жаз»
атты өлеңін «Дала уәлаяты газетінің» № 7
са нында Көкбайдың атынан жариялаған
та рихи фактіні жадыларыңызда жаңғырта
отыр сақ. Өлеңнің басында былай деп тү-
сінік берілген: «Семей уезі Шыңғыс елінің
қазағы Ибраһим Құнанбай ауылының Ба-
қа нас өзенінде Көпбейіт деген жерге қо-
нып жатқандағы түрі. Кісіден үйреніп жаз-
дым. Көкбай Жанатайұғлы». Ал енді осы-
ның мәнісін кім қалай түсіндіреді?
– Сол кезде, – дейді Мұхтар Әуезов, –
Абай айналасындағы бар ақынның ішінде
суы рыпсалма, импровизацияға ең жүйрік
ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантын
ба ғалап, Абай мұны өзі жазып жүрген ал-
ғашқы өлеңдеріне ие қып шығарды.
Ал Көкбайдың өзі бұл жайлы есте лік-
терінде: «1880 жылдан бастап, 1886 жыл-
ға шейін Абай әрбір өлеңді жазып жүрді.
Бірақ бұл уақыттағы сөздерінің барлығын
«Көкбай сөздері» деп жүргізді. Кейін Ом-
бы да шығатын «Дала уәлаяты» мен «Сер-
ке» газеті шыққанда, бірер өлеңін тағы
менің атым нан жіберді. «Сорлы Көкбай
жы лай ды, жылайды да жырлайды» дегенді
мен қылып қойып, өзін айтып еді. Осы хал
86-жыл ға шейін келді де, сол жылдың жа-
зында ел жайлауға шықты. Абай ауылының
ең өрістеп барып, орнықпақ болған жай-
лауы Бақанас өзенінің бойы еді. Көш жүріп
кетті, біз Абаймен бірге бірнеше кісі болып
артынан келдік. Осы жылы Абай ауылында
док тор Долгополов та қонақ еді. Ауыл Ба-
қанастың бойындағы Көпбейіт деген жерге
қонып жатыр екен. Абай қонып жатқан
ауыл ды көріп, «осы суретті өлең қыл» деді.
Мен біраз өлең қылып едім, жақтырмады
да, өзі жазбақшы болды. Сонымен үй тігі-
ліп болып, бәріміз жайланған соң, Абайға
келіп едім: «Өлең Көкшенің бойынан
асайын деді ғой», – деді. Мен: «Асса, ба-
сында мен қолқаланып алған нәрсе емес
еді. Енді өзіңіз ретін тауып, қайта аларсыз»,
– деп қалжыңдадым. Сөйтсем, сол күні
«Жаз
дыгүн шілде болғанданы» жазған
екен. Оқып берді. Өзі жазған өлеңіне ең
ал ғашқы рет аз да болса, қанағат қылғанын
көр генім – сол. Менің қалжыңыма орай,
қы лып: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен
ен ді өлеңімді өзім алайын», – деді дей ді.
Достарыңызбен бөлісу: |