Мен жастарға сенемін (аудитория безендірілген, экранда афиша) Мырзабек



бет2/3
Дата08.12.2023
өлшемі20,87 Kb.
#135123
1   2   3
Мырзабек: Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай - күйіне тәуелді.
Сонымен сіздердің назарларыңызға, Алаштың сөнбес жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың жырларын оқуға 2 курс студенттерін шақырамыз. ( Нұрғали, Назерке, Мырзабек,Севара,Нұрасыл)


Ситора: Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік” деп жар салады.


Мырзабек: Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты. Жас ұрпаққа арналған “Педагогика” оқулығында ол: “Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді” әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.
Біз кезекті Мағжан Жұмабаевты қазіргі жас ұрпақ қаншалықты танитынын, қаншалықты ол туралы білетінін анықтау мақсатында дайындалған сұрақ- жауап айдарына береміз. (экранда сұрақтар ауыстырылып кезегімен көрметіледі)(жауабын айтқандарға блакнот табысталады)


Ситора: Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді. Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті басымырақ көңіл күйде жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі – "Сағындым". Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет