Мен Кенже Гулназ Аққалиқызы 2023 жылы қаңтар айының 23-і күні мен сәуір айының 15-і аралығында Ақтау қаласының С.Қондыбаев атындағы №22 мектеп-гиназиясына кәсіптік педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге келдім



бет2/8
Дата26.12.2023
өлшемі34,07 Kb.
#143961
1   2   3   4   5   6   7   8
25.01.2023- mektep.edu.kz сайтымен жұмыс. ҚБ күнделікті қалай қойылуы керектігін, журнал толтыру үлгісімен жан-жақты таүсіндірді. Сайтпен жұмыс жасау барысында қандай басты ескертулерді негізге алу керектігін көрсетті. Сайтқа бағалау жүйесі күнделікті қойылып отыратын болғандықтан, міндетті түрде ашылуы мен жабылуына қадағалануы, әрі күнделікке сәйкес бағалардың қойылып отыруы басты назарда болуы керек. КТП- бойынша журнал толтыруда, міндетті түрде сабақ жоспарына сәйкес жүргізілуі керек.
Бүгінгі іс-тәжірибе барысында математика пәнінен сабақ бердім. Сабаққа барлығы 24 оқушы толық қатыса білді.
Сабақ тақырыбы: «Бөлу амалының компоненттері» Сабақ барысында алдымен оқушыларға жағымды көңіл-күй қалыптастырып алуы керек. Психологиялық ахауал: оқушыларды ән ырғағымен қимылдату. 2-сыныптар көбейту және бөлу тақырыбын енді қалыптастыра бастайды. Сабақ дискрипторға сәйкес жүргізілді. Сергіту сәті: Интерактивті тақтадан, музыка ырғағымен би қимылдарын қайталау.
Оқушыларды бағалау жұлдызшалар арқылы. Әр дискрипторға сәйкес орындалған тапсырмаларға сәйкесінше жұлдызшалар таратылады. Нәтижесінде оқушылардың жинаған ұпайларына сәйкес ҚБ 1-10балл аралыңында қойылады.
Математика пәні бойынша бүгінгі сабақтан бағаланған оқушылар:
Ержігіт-8б Ерасыл-7б
Нұрсұлтан-7б Ақнұр-8б
Айару-7б Сезім-7б
Айдана-7Б
Жанерке-9б
Гүлжанат-9б
Сабақ барысында оқушылар тақырыпты түсінгенімен,олардың ашылып, ойларын еркін жеткізулері үшін барынша уақыт керек. Тапсырмаларды орындауда қателік жібермейді. Дегенмен сұрақтарға толық жауап бере алмайды.
26.01.2023- Дүниетану пәнінен сабақ.
Бөлім: Дені саудың жаны сау.
Тақырыбы: Қауіпсіздік ережелері.
Бүгінгі тақырып аясында Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізілді. Кітаппен бірге сабақтың мақсаты ашылып, тақырыпқа сәйкес видеоматериал тамашалау. Кері байланыс: «Ара» әдісі. Ортаға топтан екі оқушыдан шығып, мұғалімнің берілген сұрақтарына жауап береді. Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың жолдары мен ондай жағдайда не істеу керектігі толыққанды талқыланды.
Машықкер: Қурбанбаева Нилуфар мен Қартабай Мәдинаның сабақ беру тәсілдерін бағалау. Сынып ұжымын ұстай білуде бірқатар қиындықтар көрінді.
Сынып жетекшімізбен ақылдаса отырып, алдағы 3-тоқсанға дейін түрлі ойындар мен шаралар жоспарларын ұйымдастырып кеттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет