Мен Кенже Гулназ Аққалиқызы 2023 жылы қаңтар айының 23-і күні мен сәуір айының 15-і аралығында Ақтау қаласының С.Қондыбаев атындағы №22 мектеп-гиназиясына кәсіптік педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге келдім



бет3/8
Дата26.12.2023
өлшемі34,07 Kb.
#143961
1   2   3   4   5   6   7   8
27.01.2023- математика пәні: № 76 сабақ: «Бөлу амалының компоненнтері арасындағы өзара байланыс»
Сабақ мақсаты: Оқушылар бөлу амалының негізгі компоненнтері мен таныса отырып, көбейту және бөлу амалдарына берілген есептердің шығару жолдарын меңгереді. Бөлу амалдарының компоненттері: Бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні. Оқушылар бөлу компоненттерін меңгеру арқылы үлкен саннан кіші санды бөлудыі тиімді жолдарын меңгере алады. Мысалы: 10/5=2
18/2=6 9 ұқсас тапсырмаларды орындай алады.
31.01.2023- Апта басталысымен оқушылар арасында 3-тоқсан соңына дейін қызықты ойын ұйымдастырдық. Мақсаты: оқушыларды білімге ұмтылдыру, зейінін арттыру. Қызықтыру.
Ойын шарты бойынша, оқушылар тапсырмалар орындағанда жоғары балл алып сабақ қорғайтын болса, әр алған ҚБ: 6-10 балл аралығындағы нәтиже үшін «ақыл монетасы» беріледі. Оқушылар әр апта сайын жақсы көрсеткіш көрсететін болса, жиналған монета санына қарай жәрмеңке ұйымдастырылады. Жермеңкеге балалардың қызықтырған заттары тұрады да әр заттың өзіндік монетасы болады. Оқушылар білімдеріне сәйкес жинаған монеталарына керекті заттың бағасын ескере отырып сатып алатын болады.
Қазақ тілі пәні: «Жұрнақ пен жалғау»
Қажымұқан Мұңайтпасов.
Түрлі мәтін көлемдерін бере отырып, оқушылардың қосымша түрлерін дұрыс ажыратуды үйренеді. Бүгінгі сабақ барысындағы алынған бағалау жүйесі: түрлі-түсті шарлар. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Қазақтың майталман палуаны: «Қажымұқан» туралы деректі фильм көру. Топ арасындағы берілген сұрақтарға жауап беру.
Кері байланыс: «СМС әдісі» сабақ барысында өз ойларын, алған білімдерін стикерлерге жаза отырып, Смартфонға салады.
02.02.2023- Математика пәні: «3-ке көбейту кестесі»
Оқушылар 3-ке көбейту кестесімен таныс болады. Көбейтудің жәнк бөлудің компоненттерімен таныс болады.

  • Көбейткіш* Көбейтінді=Көбейтіндінің мәні. 3*5=15

  • Бөлінгіш/ Бөлгіш=Бөліндінің мәні 15/3=5

  • Көбейту мен бөлу өзара кері амалдар. (*-/)

Мұғалім үшін ең маңыздысы: алдымен оқушылардың, көбейту және бөлу компоненттеріммен толыққанды бекітіп түсіндірілулер жүргізілуі керек. Содан кейін барып, көбейту мен бөлу өзара кері амалдар ретінде қолданылатынын әрі, кері-есептердің түрлерімен таныстырыла беріледі. Сонымен қатар, оқушыларда мынадай математикалық тіл қалыптасуы керек.
Математикалық тіл: Мысалы: өзімнің іс-тәжірибемде қодданған әдісте
Мұғалім: -15-тің ішінде неше 3 кездеседі?
Оқушылар: Көбейту кестесінің жаттанды түрдегі жолымен бірден нәтижесі-5 болатынын жақсы біледі.
Дегенмен, мына әдіс, оқушылардың көбейту және бөлу амалдарын орындауда баған түріндегі есептерден қиналмай шығару үшін, оңтайлы әдіс болып табылады.
Сызба түрінде:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет