Менеджмент басқару туралы ғылым Кіріспе. Курстың мақсат-міндеттері



бет2/4
Дата06.03.2023
өлшемі0,82 Mb.
#71914
1   2   3   4
Райченко Александр Васильевич
РФ –ның Мемлекеттік басқару университетінің
профессоры, экономика ғылымдарының докторы,
230 –дан астам ғылыми еңбектердің авторы.
Гончаров Михаил Анатольевич
РФ. Москва мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.
М.А.Гончаров менеджмент эволюциясын ғылым мен басқаруға келесі көзқарастардың ауысу динамикасында кәсіби басқару қызметін қарастырады:
- ғылыми басқару көзқарасы (1885-1920 жж.);
- әкімшілік көзқарас (1920-1950 жж.);
- адами қатынастардың ұстанымы жағынан көзқарас (1930-1950 жж.);
- тәлімгерлік көзқарас (40 –жылдардан бастап, ал 50-жылдардан бастап аса белсенді);
- сапалық әдістер ұстанымы жағынан көзқарас (50-жылдардан);
-үдерістік көзқарас (20- жылдардан, 50 жылдардан неғұрлым белсенді);
-жүйелік көзқарас (60 - жылдардан);
- жағдайлық көзқарас (70-жылдардан).
Фредерик Уинслоу Тэйлор (1856-1915)
Басқару мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастырудың маңызын ашқан алғашқы мамандардың бірі - Фредерик Уинслоу Тэйлор (1856-1915) (американ инженері, менеджмент теориясы негізін салушы) болды.
Ол ғылыми басқару мектебін (1885-1920 жж.) құрды.
Оның басты еңбектері – «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгресстердің арнайы комиссия алдында көрсету» (1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына
«Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.
Фредерик Тэйлор өндіріс сапасын арттыру үшін төрт негізгі ұстанымды ұсынды:
- өндірістің ғылыми негіздерін анықтау;
- қабілеттеріне сәйкес атқарушыларды дұрыс іріктеу;
- еңбек үдерісінің анықталған операцияларының негізінде атқарушыларды оқыту және жаттықтыру;
- әкімшілік пен атқарушылардың арасындағы тығыз ынтымақтастық.
Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебінің
негізін салушы Анри Файоль (1841-1925). - француз инженері.
1888 жылы ол банкротта тұрған компанияны жетекшілік етуге алды және отыз жыл уақытта оны Францияның ең озат кәсіпорындары қатарына қосып, өзінің көп жылғы бақылауын қорыта келе, Файоль «әкімшілдік теориясын» құрды.
Оның бұл тақырып бойынша алғашқы мақаласы 1900 жылы шықты, ал «Жалпы және өнеркәсіптік басқару» кітабы 1916 жылы жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет