Кейбір дауыссыз дыбыстардың айтылуы
Қазақ тіліндегі б дыбысы екі дауысты дыбыстың арасында, үнді дыбыс пен дауысты дыбыстың арасында, ұяң з дыбысы мен дауысты дыбыстың арасында в дыбысы сияқтанып айтылады. Мысалы: асқабақ, әрбір, Бурабай, жазба сөздері: (асқавақ, әрвір, Буравай) болып айтылады. Сұраулық шылау ба, -бе, -- ва, -ве болып айтылады. Көресіз бе? — (Көресіз ве?) Оқисыз ба? — (оқисыз ва?) т.б.
2. Х дыбысы термин сөздер мен тарих, мәслихат, рухани, мұхит, насихат, саяхат сияқты сөздерде және кейбір кісі аттарында қолданылады. Х артикуляциясы жағынан қ дыбысына жақындау, бірақ бір дыбыс емес. Екеуі де тіл арты дыбысы.
3. Н (тіл ұшы) дыбысының айтылуы. Н дыбысы сөздің барлық шенінде келе береді. Сөз ішінде не сөз аралығында кейінгі ықпалдың әсерінен екі түрлі өзгеріске ұшырайды:
а) сөз н дыбысына бітіп, жалғанатын қосымша ғ не г дыбысынан басталса, н дыбысы ң болып айтылады. Мысалы: (нан-ға — наңға); (кейін-гі — кейің-гі), (сан-ға — саңға) т.б.;
ә) сөз н дыбысына бітіп, жалғанатын қосымша не келесі көршілес сөз — м не б дыбыстарының біреуінен басталса, н дыбысы м болып айтылады. Мысалы: нан мен тұр — нам мен тер болып айтылады. Мұны айтқан сен бе? Мұны айтқан сем бе? болып айтылады.
б) Есімшенің өткен шағы (-ған/ген, -қан/кен) жіктелгенде, ауызекі сөйлеу тілінде н түсіріліп айтылады: айтқанмын — айтқамын, бергенмін — бергемін т.б.
в) В, Ф, Х, Ц, Ч, Щ дыбыстары қазақ тіліне енген термин сөздерде келеді.
4. Ассимиляция (дауыссыздардың үндесіп үйлесуі).
Сөз ішіндегі не сөз аралығындағы көршілес дыбыстар бір-біріне әсер етіп, өзгереді. Дыбыс арасындағы үйлесім мен өзгеріс:
а) толық үйлесу түрінде келеді: ашса (ашша), сөзшең (сөшшең), сөз сөйледі (сөс сөйледі), айтып бер (айтып пер) түрінде алдыңғы дыбыстарын өзіне үйлестіреді, не ке»інгі дыбыстарын өзіне үйлестіреді;
ә) жартылай үйлесу — мұнда дәл ұқсату емес, тек ұяндық не қысандық жағынан қатар келген дыбыстардың бір-біріне ұқсап айтылатыны: Ақбала (Ақпала), Қамысбай (Қамыспай), қаз+ға.
б) екі жақты үйлесу: Аманкелді (Амангелді), Оңкүндік (оңкүндік) сияқты сөздердің айтылуына екі жақтан да үйлесу бар. Бұлар ілгерінді, оған керісінше кейінді ықпал бір-біріне әсер етіп, сөз ішіндігі дыбыстар айтылуы да екі жақты өзгеріске ұшырайды.
5. Қатаң дыбыстардың ұяңдап айтылуы. Дайысты і, ы, а, у, сонор й, н, л, р ұяң з дыбысынан соң келеді, Мысалы а) і, — к — г: екі күн (екігүн), кісі келді (кісігелді), көргісі келді (көргісі гелді);
ә) ы — к — г тағы келдік (тағы гелдік) азды-көпті (азды гөпті);
б) а — к — г: айтса керек (айтса герек). Майра келді (Майра гелді);
Дұрыс сөйлеу стильмен де байланысып жатады. Өйткені қарым-қатынастың түріне қарай әр нақты жағдайға байланысты қажетті сөз сұрыпталып алынып, орынды жеріне жұмсалады. Сөйлеу қарқынын бірде тездетіп, бірде баяулатып, сөйлеген сөз сұрыпталып алынып, орынды жеріне жұмсалады. Сөйлеу қарқынын бірде тездетіп, бірде баяулатып сөйлеген сөз мақсатты ойға дөп келуі көзделеді, екінші сөзбен айтқанда , тіл құралдары стильге сай жұмсалады. Стиль ұғымы лексиканы, грамматиканы, фразеологияны қамтып қана қоймай, сонымен бірге тілдің дыбысталу жағы – фонетиканы да қамтиды.
Р.И. Аванесов орыс тілін айтылудағы қарқынына байланысты үшке бөледі: «Негізгі стиль, бейтарап стиль, бұлардан бұтарланып шығатын жоғары стиль және ауызекі сөйлеу стилі. Бірақ бұл стильдердің барлығы дәлелді.
Орфоэпиялық норманы құрайтын дауысты, дауыссыз дыбыстардың дұрыс айтылуы мен сөз екпіні. Қазақ тілінде сөз екпіні мағына өзгертпегенімен, сөздің дұрыс айтылуы мен мағынаның дұрыс берілуіне әсерін тигізеді. Сөзде негізгі, көмекші екпін екі рет кездесуі де мүмкін.
Бақылау жұмысы
Орфоэпия ережесін сақтап текстті ауызша оқыңдар.
Үш дос
Күн шыға мал өреді. Қозы-лақтардың өрісі бір бөлек. Қозы бағу балаларға тапсырылады.
Тепсеңнен гүл-бәйшешек тере жүріп, сылдырлап аққан бұлақ суына жуынсаң құс әнін тыңдасаң , қандай қызық! Асық ойнап, табан тоздырудан гөрі табиғат көркіне құмар балалар қозы-лақ бағуға құлшынып тұрады.
Әміре, Әбдірәби, Дәкінің кезегі бір күнде келеді. Үшеуі бір ауылда туып, бір өсіп келе жатса да, бірінің мінезін бірі біле бермейтін-ді. Бірде ойнап жүріп, Дәкі әп-сәтте Әбдірәбидің бір дорба қызыл-жасыл боядған асығын ұтып алды. Әбдірәби дау шығарады.
Әкел, асығымды, өтірік ұттың!
Бермеймін, әділ ұттым! – дейді Дәкі.
Сенің сақаң жалған, ішіне қорғасын құйып алғансың.
Әбдірәби шыдамсыз екен, Дәкінің жағасына жармасты . дәкі дорба толы асықты қоя салып, Әбдірәбимен ұстаса кетті. Күрес ұзаққа бармады. Дәкі жамбасқа салып, дік етікізіп алып соқты. Әбдірәби орынан тұра сап, қайта ұмтылғанда, араға Әміре түсті:
«Жығылған күреске тоймас» дегендей сенікі дұрыс емес. Асық атқанда, Дәкі сен де қараулық жасадың, сақаның ауырлығында да гәп бар. Сондықтан асықты бөліп алыңдар.
Сонан бері үшеуі бірін-бірі шың сыйлайтын болған. Бірақ кейінгі кезде Әбдірәби әлденеге өкпелеп жүр. Дәкі әңгіме айтса:
-Үлкен әкем осы өңірге белгілі палуан болған... Ал өз әкем Жаңғұтты байдың жылқышысы ғана емес, сайысқа түскен палуан. Мен де әрі жылқышы, әрі палуан боламын,- дейді.
Әбдірәбидің әкесі – қой аузынан шөп алмайтын момын адам. Осыны ойлағанда Әбдірәбидің еңсесі түседі.
Мен әкем құсап қойшы боламын,- деп жерге қарайды.
Бірің жылқышы, бірің қойшы болсаң, мен орталарыңдағы әншілерің болам,- дейді Әміре.
Әншілікті кім берген, сен де әкең сияқты малшы боларсың, - дейді аналар.
Әміре аспанға құлақ түріп:
-Тыңдаңдаршы, -дейді.
- Нені?
- сайраған бұлбұл үнің.
Әміре құс үнін айнытпай салып береді. Дәкі мен Әбдірәби аң-таң.
Әміре басқа да құстардың даусына салып сайрайды.
-Әміре , мұны қайдан үйренгенсің?- дейді аналар.
Кеше кеште Серік ағам бір үйге апарды. Өзі жасап берген кішкентай домбыраны қолыма ұстатты. Бірінің назары маған ауды. Жирен мұртты қымыз сапырып отырған адам: «Айналайын Әмірежан кеп қапты», -деп, қасына отырғызды. Мынау сенің сыбағаң деп, құлақ берді.
Қарағым, осы ауылдың кәрі-жасы сені әнші дейді ғой, лебізіңді естиін деп едік, -деді сонан соң. Серік ағама қарадым. Ол жымиып, басын изеді. Мен «Қараторғай» , «Сұржекей» әндерін айттым. Үй иесі мұртымен қытықтап, бетімнен сүйді. – «Сен үлкен әнші боласың», - дейді Серік ағай... мен білсем, Дәкі, сен де, Әбдірәби, сен де өнер бар...
Дәкі мақтаншақ едң, жұлып алғандай:
-Қандай өнер? – деді елеңдеп.
- Күрес те өнер, - дейді Серік ағам – Әбдірәби, сен әкеңе көмектесіп, қой бағасың. Жауынның жауатынын алдын ала болжай аласың. Бетеге, изен, жусан сияқты шөптердің қайсысы пайдалы екенін жақсы білесің. Бізден гөрі сенің білетінің көп болады.
Әміре сөзі көңілден шықты. Дәкі мен Әбдірәби бойларында кәдеге жарайтын жақсы нәрсенің барына қуанады...
Көп жылдар өтті. 1925 жылдың жазында Париж қаласында өткен дүние жүзі әншілерінің бас қосқан жарысында дөңгелек қара көзді, келбетті жігіт екінші бәйге алды. Ол – Әміре Қашаубаев еді.
Семейде оны ең жақын достары қарсы алды. Белгілі палуан Дәкі, Семей ет комбинатының ет кесуші шебері Әбдірәби мерейлі табысымен құттықтады.
(Ж. Шәкәрімов.)
Болайықшы осындай
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер-азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай
Болайықшы, досым-ай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты, - деп, - бұл қандай?
Жақсы көрер бар адам
Бәріміз осындай
Болайықшы, досым-ай!
(А. Меңжанов.)
Достарыңызбен бөлісу: |