14. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасындағы Ұлпан бейнесін қазіргі замандағы ел басқарған әйел-аналар бейнесімен салыстырыңыз Қазақ ұлттық әдебиетінің «алтын қорының» төрінен өзіндік орнын ойып алар сүбелі шығармалар қатарында классик жазушы, көркем сөздің майталманы Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» атты романын айта кетсек еш жаңылмасымыз белгілі. Шығарма мазмұнына тоқталар болсақ, «Ұлпан» — тарихи роман, онда бір ғана Керей-Уаққа қарасты Сибан елінің тыныс тіршілігін суреттеу арқылы сол замандағы, атап айтқанда, ХІХ ғасырдағы жалпы қазақ елінің шежіресі мазмұндалады. Шығармада ғасыр бойындағы қазақи тіршілік, оның тұрмысы, салт-дәстүрі, өзіне тән әдет-ғұрпы кеңінен қамтылған Шығарманың бас кейіпкері - Ұлпан, ол шын мәнінде өмірде болған тарихи тұлға. Романның екінші бас кейіпкері Есенейден қырық жасқа кіші бола отырып, тұлымы желбіреген жас қыздан бір рулы елдің басын біріктіріп, атын шығаратын ұлы тұлғаға дейін қөтеріле білген қайраткер жан. Романның мазмұнына орай, Керей-Уақтың Сибан елінің билігін қолына ұстап тұрған әйгілі биі, «мың жылқылы» байы Есеней жер дауы мәселесімен өз алдына жігіт кейпінде келген Ұлпанмен кездейсоқ ұшырасады. Оның қалың жылқысы аз үйлі кірме Күрлеуіттің жеріне түсіп кетеді де, сол елдің уәжін айта келген топтың басшысы бір кездері өзімен үзеңгілес жүрген және де өмірін сақтап қалған ескі досы Артықбайдың қызы болып шығады.
Есенейдің көзі тірісінде-ақ, Ұлпан бес болыс Сибанның қамқор анасына айналды. Артта қалған қазақ аулына жаңалықтың жаршысындай бола отырып, осыған дейін болмаған монша, қыстық үй салуды енгізу арқылы елін алға жетектеді. Әйтпесе, қыс бойы киіз үйде отырған қазақ жұртының жас баласы қысқы аязға төзе алмай, суық тиіп, шетінеп жататын еді. Ел-жұртының қамын ойлап, мұң-мұқтажын сезіне алған Ұлпан Есенейдің қалың жылқысын қарауындағы елге бөліп беру арқылы өзінің кісі ақысын жеуді ар санайтын бекзат адалдығын танытады. Бұл қасиет екінің біріне беріле бермейтін имандылық, теңдік белгісі. Қашаннан Есенейдікі болып келген кең жерді әр ауылға бөліп берді. Мұнысы жалғыз бұл ел емес, жалпы Сібір казактары үшін жаңа бір үлгі еді. Оның аты не екенін Ұлпан өзі білген емес. Кедейлік жаншып, ділгірлік сорына белден батып отырған жоқ-жітікке жаны ашыды да, қолдан келерін істеді де берді. Ел аздап егін салады, шөп шабады. Бала-шаға дірдектеп қыс бойы киіз үйде отырмайды, жылы, қысқы үйде отырады. Әсіресе, осы қысқы үй үшін ел-жұрты Ұлпанға қатты риза», - деп суреттеліп кеткен. Қазақ әйелі, ең алдымен, отбасы берекесі, отағасының адал жары, сенімді серігі, ақылшысы, балаларының мейірімді анасы, туған-туыстарының қамқоршысы, жанашыры. Содан соң Қазақстанның ілгерілеп дамуына өз үлесін қосып жатқан, қоғамның барлық салаларында қызмет етіп жүрген белсенді мүшесі, қазіргі заман қаһарманы. Үшіншіден, қазақ әйелі нәзік болмысты парасатты жан, сұлулық пен сымбаттылықтың символы. Нәзік жандылар ерлерге қарағанда нәзік, ақылды, кешірімді, төзімді болып келеді. Ұлтымызды ұйытып, ұрпақ тәрбиелеп отырған да әйел.
Әйелдер бүгінде қоғамдық мәселелерді шешуде белсенді, жоғарыда айтып кеттім, өміріміздің барлық саларында қызмет етеді. Әйел – министр, әйел – саясаткер, әйел – қоғам қайраткері, әйел – ғалым… Осылайша жалғастыра беруге болады. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі әйел келбеті – «бір қолымен бесік тербеткен, екінші қолымен әлемді тербеткен» аяулы да сыршыл жан. Мемлекет басқаратын адамның бүкіл нышаны, қайраткерлігі, үлкен жүрегі, мейірім шуағы, имандылығы Ұлпанның бойында түгел бар. Оқымай қалғаны